Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің Отаным Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие беретін жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін
№ 1 балабақша меңгерушісі
Казакпаева Б.З.
«______» _________2020








«Еркетай», «Күнім-ай», «Меруерт», «Самұрық» ересек топтарында
қашықтықта ұйымдастырылған оқу қызметінің
кіріктірілген конспектісі




Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан», «Мерекелік отшашу»











Тәрбиеші:Жасимбекова Б.К.
Умишева Қ.С.









Нұр-Сұлтан, 2020ж

Күні: 11.05.20.
Білім беру саласы:
 Коммуникация, шығармашылық

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, сурет салу

Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан», «Мерекелік отшашу»

Мақсаты: Отан, Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту, әңгіме мазмұнын түсініп айтуға өз пікірлерін айтып, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Патриоттық сезімге тәрбиелеу, балалардың ой-өрісін кеңейту және Отанға деген махаббатты арттыру.Туған жерінің табиғатын, елін, жерін, отбасын сүю.Еліміздің байлығын қорғауға,егемен елімізді өркендетуге.болашақ Қазақстанның білімді ұрпағы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отан, Нұр-Сұлтан, Тәуелсіз
Қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, көрсету, әңгімелеу, ойын, мақал-мәтелдер
Тәрбиеші: Қайылы күн!
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар!
Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Ал балалар, мен сендерді көңілді шаттық шеңберіне шақырамын!

І.
Мотивациялық-қозғаушылық туғызу кезеңі
Шаттық шеңбері:
Біз кішкентай баламыз,
Қазақстанда тұрамыз!
Отанды біз сүйеміз
Мақтанышпен айтамыз!
ІІ. Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі
Қайталау жұмысы:
Жыл мезгілдері, ай аттары, апта күндері, тәулік атаулары
Рахмет балалар!
Ал балалар, есімізге түсірейікші өткен жолы біз сендермен бір қызықты ертегіні тамашаладық!
Ол ертегі қалай аталады?
Ертегі кімдер туралы болды?
Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
Қиын кезде досты сатуға бола ма?
Дұрыс айтасыңдар балалар, ертегі естеріңде қалған екен!
Ал осы мамыр айында қандай мерекелерді тойладық!
1 мамыр-достық, бірлік, ынтымақ күнін!
7 мамыр-Отан қорғаушылар күнін тойладық!
9 мамыр-Жеңіс күнін!
Балалар, Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
9 мамыр күні соғыста қайтыс болған солдаттарға гүл шоғын қойып, еске алады.
Әрқашан бұл ардагерлерді сыйлап құрметтеуіміз керек!
Осы ардагерлеріміздің арқасында біз бейбітшілік әлемде өмір сүріп жатырмыз!
Балалар бүгін біз сендермен Отан Мемлекеттік рәміздер тақырыбын өтетін боламыз!
Рәміздер мемлекеттік нышандар.
Біздің мемлекетіміздің рәміздері:
ТУ, Елтаңба, Гимн

Тудың түсі көк.
Тудың ортасында күн бейнеленген астында қалықтаған қыран құстың суреті бейнеленген , ал сол жақ шетінде ұлттық ою өрнектелген.

Мынау қазақстанымыздың мемелкеттік ел таңбасы.
Елтаңбаның ортасында- шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.
Мынау Қазақстан Республикасының Гимні.
Гимн орындалады.
Жарайсыңдар, балалар!
Біз Қазақстанда тұрамыз, Отанымыз - Қазақстан.
Балалар Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан-ол біздің еліміз, жеріміз, туымыз, табиғатымыз, қоршаған ортамыз!
Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар!
- Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.
Енді балалар Отан туралы жаттаған мақал-мәтелдерімізді еске түсірейік:
Мақал-мәтелдер:
Отан –оттанда ыстық.

Отан –елдің анасы,
Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, мен сендерді көңілді сергіту сәтіне шақырамын, бірге қайталаймыз!
Сергіту сәті (бейнеролик)
Балалар осы мамыр айындағы үлкен мерекелерге орай бүгін біз сендермен отшашуды қалай жасауға болатынын көрсетемін!
Бірақ отшашуды жасамас бұрын саусақтарымызға жаттығу жасап алайық!
Саусақ жаттығуы бейнеролик

(Бейнероликтен шығармашылық жұмыстың жасалу жолдарын мұқият көрсету)
Үйге тапсырма:
Тілдік ортаға ену принциптерін қолдану
Кәне балалар, мақал-мәтелдерді қайталайықшы
1.
Үйде ата-аналарыңмен Отан туралы әңгімелесу.
2.Мақал-мәтелдерді жаттап алу.
3.Отшашу бейнесін үлгі бойынша салу.











 

 

 






















































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2020
651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12