«Менің Отаным-Қазақстан»
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу."Менің Отаным-Қазақстан!"Балалар зал музыка әуенімен кіреді. Қолдарында жалауша, гүл, шарлар ұстап шығады. Би қимылдарын орындайды.
1-Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!
2-Жүргізуші: -Қайырлы күн,қадірменді қонақтар!Баршаңызды 25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен
БІРГЕ:құттықтаймыз!
1-Жүргізуші: Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.
2-Жүргізуші:25 Қазан –республика күніне орай 2 «А» және 2 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Менің Отаным-Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына
БІРГЕ: Қош келдіңіздер!!!
1-Жүргізуші:
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.
Е.Раяна:
Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Әнұраны!
(ҚР. Мемлекеттік Гимні орындалады.)
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
Аяла:
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Нұрмұхаммед:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем !
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Алуа:
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Балым:
Ер еңбегі шалқып, тасқан.
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
1-жүргізуші:
Алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Байдибеков Торехан Уалханұлына беріледі.
1-жүргізуші:Қазақстан Республикамызда 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
2-жүргізуші:Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап айтты.
Айым:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.-
орындауында "Туған елім - Қазақстан" әні шырқалады.
Ән: «Туған елім Қазақстан!»
Ибрахим:
І . Қарт Алатау, бұлтты құшқан,
Көгінде ту зулап ұшқан.
Менің жерім, туған Елім,
Күн сәулелі – Қазақстан!.
Дария:
ІІ. Жерін самал, ескен майда,
Толқындаған егін жайда.
Далам менің, анам менің,
Туған елім – Қазақстан!
Б.Раяна:
ІІІ. Күн елісің, гүлімдеген,
Гүл елісің, гүлі берен,
Мейірманды ізгі жанды,
Туған жерім – Қазақстан!
Осы кезде ортаға саяхатшы кіріп келеді.
Саяхатшы: - Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Саяхатшы: - Мен ел аралап жүрген саяхатшымын . Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші: - Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика ұлттық мереке күніне арналған кеш өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Саяхатшы:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қалай аталады?
Балалар: - Қазақстан Республикасы.
Саяхатшы: - Президенттерің кім?
Балалар: - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Саяхатшы: -Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
(Балалар барлығы бірге иә дейді)
Балалар: - Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,
Мағыналы ән ұранымыз бар,
Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.
Саяхатшы: - Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Жүргізуші: -Біздің балалар тақпақтар арқылы айтып дәлелдейді.
Ақтөре:
Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Нұрмұхаммед:
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Е.Раяна:
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
Балым:
Отаным менің - Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.
Алуа:
Найзаның ұшымен қорғаған,
Халқым менің мықты ғой.
Ата-бабам әрқашан,
Салт - дәстүрін сақтаған.
Дария
Әрбір қазақ батыры,
Желбіреткен көк туын.
Кен байтақ жерге қазағым
Егін егіп, мал жайған.
Саяхатшы: - Жарайсыңдар балалар, өркендерің өссін, талаптарың оң болсын. Енді меніңде қайтатын уақытым болды.Сендерге тілейтінім білімді, ақылды, елін қорғайтын азамат болыңдар. Жігіттер ер жүректі батыр болсын, қыздар көрікті, сұлу-сымбатты, абыройлы болсын. Көріскенше сау болыңдар балалар!
Балалар- Рахмет сізге Саяхатшы аға, сау болыңыз!
(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)
1-Жүргізуші: Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Айтыңдаршы балалар біздің қазақтың киелі үйі қалай аталады?
Балалар- Киіз үй деп айтамыз. (кереге, уық, шаңырақ, ою басқан киіздер т.б.)
Жүргізуші:- -(киіз үйді көрсету) Жарайсыңдар балалар, осы киіз үйіміздің керегелері, шаңырағы, ұлттық ою-өрнектері біздің рәміздерімізде бейнеленген, өте жақсы жауап бердіңдер. Олай болса, балалар киіз үйіміздің шаңырағы биік болу үшін, мен сендерге «Киіз үй» ойнын ұсынамын.
Ойын: «Киіз үй»
2-Жүргізуші: Сән — салтанат жасайық, Күйсандықты ашайық. Бұл мереке, бұл тойға, Бимен шашу шашайық – деп ортаға сыныбымыздың биші қыздарын шақырамыз.
Би: "Қазақша
1-Жүргізуші: Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?Балалар: - Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Айым:
Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Отан – атам,
Отан – әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады
2-Жүргізуші: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
1-жүргізуші: Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.- Ал, балалар, біз Отан туралы мақалдар білеміз бе?
Нұрмұхаммед: Отан елдің анасы,Ел ердің анасы.
Аяла: Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
Балым: Отан от басынан басталады.
Алуа: Отан оттан да ыстық,жалыны бар шоқтан да ыстық.
Ақтөре: Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
Е.Раяна: Отансыздың оты жанбайды.
Ибрахим: Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.
Дария: Отан үшін күрес — елге тиген үлес.
2-Жүргізуші:
Күлімде күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!- _____________ орындауында жеке ән "Мен бақытты баламын" әнін қабыл алыңыздар.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.
Журналымыздың келесі бетін ашайық. Ол «Еліміздің нышандары» деп аталады.
Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі.
Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.
Елтаңба - Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.
Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды.
1. 1992 жылы маусым айының 4 - інде қабылданған Қазақстан Республикасының нышандары - мемлекеттік туының авторы кім?
(Суретші - Шәкен Ниязбеков)
2. «Қазақстан» дейтін Отан - Анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
(Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота - Аман Уәлиханов)
3. Әнұран авторын білесің бе?
(Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев)
2-жүргізуші:Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.
1-Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын дейміз! Сау болыңыздар!!!!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің Отаным-Қазақстан",2-сынып

шағым қалдыра аласыз