400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным-ҚазақстанПропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүсіпбек Аймауытов “Қартқожаның туған жері”
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: Достық ж.о.м.

Күні: 11.09.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абдимуталифова Қ.Ж.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.2 пропорцияны оқу және жазу;

6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;

6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- пропорцияны оқиды және жазады;

- пропорция анықтамасын біледі;

- пропорцияларды ажыратады және құрастырады;

- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

- пропорцияны оқи және жаза біледі;

- пропорция анықтамасын біледі;

- пропорцияларды ажырата және құрастыра алады;

- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;

- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- пропорция;

- пропорцияның негізгі қасиеті;

- пропорцияның шеткі мүшелері;

- пропорцияның ортаңғы мүшелері;

- пропорцияның белгісіз мүшесі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;

- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;

- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;

- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылардың өмірге деген құлшыныстарын видеоролик арқылы оятып, сабаққа ынталандыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ой қозғау:

1.2.Ауызша тапсырмалар орындау:

х : 3 = 4 : 6; 5 : х = 2 : 6; 7 : 3 = х : 18;

2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

3. Бос орынды толтырыңдар:

0,5 сағат ішінде қараған (акация) діңіндегі су 75 см – ге көтерілетіні белгілі. 3 метрлік ағаш басына су неше уақытта көтеріледі?






Презентация


6 – 10 мин

Бекіту тапсырмалары:

Тест тапсырмалары:

1. 125 қаздан 4 кг мамық алуға болады. 875 қаздан неше килограмм мамық алуға болады?

А. 21,8 кг; В. 57,4 кг; С. 28 кг; Д. 25 кг.

2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

7,5 : 3,5 = х : 14

А. 19,6; В. 7; С. 3; Д. 30.

3. 1,75 т алтынды өзек құмынан орташа есеппен 0,7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды өзек құмынан неше алтын жууға болады?

А. 642 г; В. 564,5 г; С. 542,5 г; Д. 868 г.

4. Тура пропорцияны көрсет:

А. 5 : 10 = 8 : 4; В. 2 :3 = 10: 15.

С. 2 : 3 = 5 : 10; Д. 12 : 18 = 3 : 2.

Жауаптары: 1.С      2.Д     3.Д      4.В


Қосымша 1




11 – 20 мин

Жұптық жұмыс.

1 жұп

№1. Берілген теңдік пропорция екенін тексеріңдер: .

№2. Пропорцияны орындаңдар:

а) б) в) г)

№3. 0,5 кг «Белочка» кәмпиті үшін 49,5 теңге төледі. 1,2 кг кәмпит үшін қанша ақша төленеді?

№4. Поезд 70 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Поезд жүрген арақашықтықты автомобиль 140 км/сағ жылдамдықпен неше сағатта жүреді?

2 жұп

№1. Берілген теңдік пропорция екенін тексеріңдер: .

№2. Пропорцияны орындаңдар:

а) б) в) г)

№3. 1,5 кг кәуап үшін 285 теңге төледі. 4,5 кг кәуап үшін қанша ақша төленеді?

№4. Турист атпен 12 км/сағ жылдамдықпен 2,5 сағат жүрді. Осы арақашықтықты ол 5 км/сағ жылдамдықпен неше сағатта жүреді?

Дидактич. матер. по математике 6 кл. К уч. Зубаревой, Мордковича-2014. 105 бет.

Қосымша 2


















21 – 22 мин

Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы.



23 – 37 мин

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Берілген сандардан пропорция құрып жазыңыз:

a) пропорцияның анықтамасы бойынша:

3; 4,5; 8; 12;

b) пропорцияның негізгі қасиеті бойынша:

; ; ; .

Дескриптор: Білім алушы

  • пропорцияның қасиетін қолданады;

  • қатынастардың теңдігі бойынша пропорция құрады;

  • пропорция құрады.

2-тапсырма

Берілген пропорциядан а-ның b-ға қатынасын өрнектеңіз:

a) ; b) ; c) d) .

Дескриптор: Білім алушы

  • пропорцияның қасиетін қолданады;

  • пропорцияның қасиеті бойынша өрнекті түрлендіреді;

  • қажетті қатынасты жазады.

3-тапсырма

х-ті табыңыз:

a) ;

b) .

Дескриптор: Білім алушы

  • пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, өрнекті түрлендіреді;

  • есептеулерді орындайды;

  • белгісіз х-тің мәнін табады.

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №69, №71.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • ӨShape1 зіңнің бүгінгі сабаққа қатысыңды бағалап, берілген фигураларды таңда.

Shape2 Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.

Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.

Shape3 Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.

Shape4 Менің бұдан да жақсы дайындалуыма болады

Shape5 Мен бүгін сабаққа араласпадым

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

8-10 бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта ауызша, бекіту тапсырмаларын бірлесе отырып талдайды. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып орындайды, өзара көмек беріледі. Жеке жұмыста өз білімдерін шыңдайды.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жұптық жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі