Материалдар / Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан

Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз еліміздің тарихы, рәміздері және Отан ұғымының мәнін ашуға арналған сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2024
24
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің аты-жөні

Садыбаева И.С.

Күні:

21.10.2024

Сынып: « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!» сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы №8 (10 минут)

ҚТ №4 «Демалыс күндері кезіндегі көшелер мен жолдағы қауіпсіздік»

АҚ және ТЖ «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылардың іс-әрекеті»

Мақсаты

Өз елінің тарихы, мәдениеті туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру • Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ажырата білу

Отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіну


     

Сабақтың барысы

Сынып сағат кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

тар

Сынып сағатының басы

5 мин

Мұғалім:

-Қымбатты балалар, ұстаздар, ата-аналар!

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!Ендеше сынып сағатымыз-ды еліміздің Гимнін орындаудан бастайық.


Балалар салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды.


1-жүргізуші:

- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.

2-жүргізуші:

-Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған мемлекетке айналды.Осы өткен жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежірісі, сыры, тарихы бар.





1-слайд





Сынып сағатының ортасы

31 мин

Мұғалім:

- Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады.



-Балалар, "Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?"






































































Мұғалім:

-Балалар енді ел тәуелсіздігін аңсаған батыр бабаларымыз туралы көріністі тамашалайық.





































Мұғалім:

-Балалар, енді туған жер, Отан туралы білетін мақал-мәтелдерді еске түсірейік.












Мұғалім:

-Жарайсыңдар, балалар! Енді Қадір Мырза Әлі ағамыз-дың "Не үшін?" өлеңін тыңдап көрейікші.

Балалар Отанымыз-Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді және өлең шумақтарын айтады.

1 – оқушы:

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

2 - оқушы.

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға, қазба байлықтарға өте бай.

3 – оқушы:

Менің Отаным - Қазақстан Республикасы. Осы республиканың жас ұланы екенімді мақтан етемін.

4-оқушы.

Отаным менің кең байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді, бейбітшілік үшін күреседі.

5-оқушы Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым, білгің келе ме?

6-оқушы Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

7-оқушы Отан - жерім, Отан - суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлдейді.

8- оқушы Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата-анамды,

Мені өсірген елімді.

9-оқушы . Отан деген -атамекен,

Отан деген -туған жер

Отан ана, Отан-дана,

Қазақстан- туған ел.

10-оқушы Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

11-оқушы Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы тау өзені көлі бар

Аспан түстес туын көкке көтерер

Жас жеткіншек ұланы бар, ері бар.


12- оқушы Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елдің қорғаны мен тірегі

Біз қазақтың ұланымыз еріміз.


Хор:« Тәуелсіз ел ұраны»

( Балалар хор айтады)


1-жүргізуші:

-Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

2-жүргізуші:

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар,

Балалар кезекпен ел рәміздері туралы айтады

Қазақстан жалауы

Көк аспанда көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті - Алтын күн

Асқақ арман - қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі, туы, ары.

Елтаңба

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар,

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес ұғып ал!

Көгілдір түсті аясы,

Бейбіт дала елесі,

Шаңырақ - жұрт панасы,

Уықтар - күн сәулесі.

Балалар хормен айтады:

Қазақстан - Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты!


Көрініс: Ұрпақтар үндестігі.


Хан ордасы. Абылай хан тағында отыр. Жан-жағында Қабанбай ,Бөгенбай сынды батыр қолбасшылар тұр. Сырттан дабырласқан дауыстар естіледі.

1- батыр: Бұқар жырау келді!

Бір топ адамдармен ордаға Бұқар жыраудың өзі де кіреді. Абылай хан тұрып амандасып оң жағынан орын береді.

Бұқар жырау: -Армысың , Абылай?!

Абылай: -Бармысыз, Бұқар баба.

Бұқар жырау: -Амансыңдар ма ,ел ағалары, амансыңдар ма ,батырларым?

Батырлар: -Хош келдіңіз , Бұқар баба.

Бұқар жырау: -Ал, Абылай , көңіл-күйіңнің көтеріңкі екенін байқап отырмын. Қуанышты бөліссе көбейеді дейді. Айта отыр тыңдайық.

Абылай: Отан туған жер деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз өлкесінен басталады емес пе. Біз өткен ғасырларда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда еліміз бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігушілер көп болды.Батырларымыз бастап, ер азаматтар елін, жерін қорғау үшін атқа қонды.

Қабанбай батыр: Иә хан ием, дегенмен сол төккен теріміздің зая кетпегеніне бүгінгі тарих куә."Орнында бар оңалар" демекші қазақтың жері бүтін, халқы аман. Еліміз көк байрағын желбіретіп, түрлі ұлт өкілдерінің өз отанына айналғанын көріп отырмыз.

Бөгенбай батыр: Дұрыс айттың ау батыр аға! Ұрпағымыз өзінің тілін, салт-дәстүрін сақтай отырып, дамудың жаңа жолына түсті десем артық айтқаным емес.Сарыарқаның төріне Астанадай ару қаланы тұрғызды емес пе!

Абылай хан: Әрине, ұрпағымыздың бүгінгі тіршілігіне қуанамыз, елдің көшін бастап келе жатқан ерлеріміздің ісіне сүйсінеміз, қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері өз Отандары Қазақстанның гүлденуі үшін еңбек ететіндеріне сенеміз. Солай емес пе Бұқар баба?

Бұқар жырау: Айналайын ұрпағым! Сендер болашаққа қадам басып бара жатқан тәуелсіз елдің ұланысыңдар. Ата-бабамыздың аңсаған егемендігі енді сендерге аманат.

Ойын : Мақалдың жалғасын тап

АShape2 Shape1 ққу көлін аңсайды.... Туған ананың күтімі жылы.


ТShape4 Shape3 уған жердей жер болмас.... Өз елің бәрінен жақсы.


ЕShape5 л-елдің бәрі жақсы.. Торғай ұясын сағынады.


ОShape6 тан үшін күрес - Туған елдей ел болмас


Туған үйдің түтіні жылы, Ерге тиген үлес.


ІShape7 ргесі берік елді

Жау ала алмас.. Адам туған жерін аңсайды.


Сұңқар қиясын сағынады. Ауызы бір елді

Дау ала алмас.

Екі жүргізуші өлеңді кезектесіп айтады:

Екі көзің не үшін керек?

Жақсылықты көру үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Жүрек деген не үшін керек?

Жауларыңнан қыңбау үшін.

Тіл мен жағың не үшін керек?

Ақиқатты айту үшін.

Ал, аяғың?...

Шетте жүрсем,

Туған жеpгe қайту үшін.


Қауіпсіздік сабағы №8 (10 минут)

ҚТ №4 «Демалыс күндері кезіндегі көшелер мен жолдағы қауіпсіздік»

АҚ және ТЖ «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылардың іс-әрекеті»





2-слайд





ҚР картасы





3-слайд





4-слайд











5-слайд















6-слайд
















7-слайд
































8-слайд















9-слайд










10-слайд





















11-слайд
















https://www.youtube.com/watch?v=9xvc5ySjiXU&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=27

Сынып сағатының соңы

4 мин

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

-Міне, балалар, сендер еліміздің егемендігін аңсап өткен, олардың арман тілегі болған тәуелсіз елде өмір сүріп жатырсыңдар. Ендігі кезекте еліміздің болашағы сендерсіңдер. Білімді, тәрбиелі, парасатты азамат болып өсіп, елімізді көркейтетін боласыңдар деп сенемін.


1-оқушы:

Мен Тәуелсіз Қазақстанның жас ұланымын. Болашақта еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматымын.

2-оқушы: Мен бақытты елдің ұрпағымын. Өйткені дербес елім, кең байтақ жерім,қасиетті қазынам ана тілім бар.

3-оқушы:

Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеймін, заңдарын бұлжытпай орындаймын.

Барлығы хормен:

Біз жаңа заман түлектеріміз. Отанымыздың дүниежүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті,өркениетті ел болуы үшін аянбай еңбек етеміз.









12-слайд




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ