Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Сынып: 3- « »

Мектеп:

Күні : .12.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:

17-сабақ

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: .

Менің отбасым.


Сабақтың тақырыбы:

Менің отбасымның рухани құндылықтары


Оқыту мақсаты

3.1.1.3 өз отбасының құндылықтарын анықтау.


Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

  • «жылы ұя», «отбасы» түсініктерінің мағынасын ашады;

  • туғандарына, жақындарына қамқорлық танытуға тырысады.

Көптеген оқушылар:

  • отбасының құндылықтарына құрметпен қарайды;

  • отбасылық құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін түсінеді.

Кейбір оқушылар: өз отбасының өткен өмірін «көре» біледі; өзінің болашақта құратын отбасы туралы

ойланады.

Бағалау критерилері

Ойлау дағдыларының деңгейі

  1. Білім алушы:

жауапты нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді;

- оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

өзінің пікірін дәлелдей алады; жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; отбасылық мұрағаттан алынған ақпаратты қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мемлекет, отбасы, құндылықтар, естеліктер. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Отбасы-дегеніміз ұрпақтар байланысы.

Талқыланатын мәселелер:

  • Қандай маңызды қасиеттер отбасын нығайта түседі?

  • Отбасылық құндылықтар дегеніміз не?

  • Қоғамның негізі ретінде отбасының маңызы неде?

Жазылым:

Отбасының дәстүрлері туралы әңгіме құрастыру

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел! «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы. «Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру.

Рухани құндылықтар- дағдылар:

- проблемаларды шешу қабілеті;

- ғылыми-зерттеу дағдылары;

- қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); - жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Ширату жаттығулары кезінде техника қауіпсіздік ережелерін ескерту

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка,АКТ.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер

Суреттер, қағаз, маркер,дид материалар.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)


Алдыңғы меңгерілген білім

Менің отбасым.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин







Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық дайындық

Әрбір адам-............................Туысым,досым,жұрағат

Әрбір сабақ-...........................Үйрену,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің-..............................Тірлік, тірек, адалдық

Әрбір сөзің-............................Шындық,бірлік, адамдық

Мұғалім: Кәне, бәріміз бір уақытта бір-бірімізбен қол ұстасайықшы! Міне, керемет болды! Бір-біріңнің алақандарыңды сезініңдер. Олар қандай? (жылы, жұмсақ, нәзік, берік). Қолдарыңды жіберместен, мына керемет әнді тыңдаңдар

  • Ал енді қолдарыңды ажыратпастан, жоғары көтеріңдер. Не шықты? (үйлер, үйлердің шатырлары). Мұның бәрі кездейсоқ емес. Осы жайында біз сендермен әңгімелесетін боламыз, бірақ ол үшін өз орындарыңа отырып, ыңғайланып алуларың керек.

  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін қандай тақырыпты сөз ететін боламыз? (балалардың жауаптары)

«Үй» сөзін естігенде сендерде қандай ассоциациялар пайда болады

МАХАББАТ АДАЛДЫҚ АТА-АНА

ЖЫЛУЛЫҚ ҚҰРМЕТ

ДОСТАР КҮЛКІ ҚАМҚОРЛЫҚ

Күн макеті





Аудиожазба (туған үй, отбасы туралы өлең)







\ Слайд


Сабақ ортасы


30мин






(Балалар «үй» сөзіне өз ассоциацияларын айтады, сосын тақтадағы кластермен салыстырады (Кластердегі сөздер жабық тұрады

Отбасы мүшелері туралы жұмбақтарды шешу (оқушылар өздері білетін жұмбақтарды оқиды.

Ол біздің – жылы ұямыз,

Тірегі – ата-анамыз

Уыз сүт еміп осында

Уылжып біддер өсеміз. Отбасы) /Естеу Нүсіпбеков

Мұғалім: Кішкене терезені ашып, онда не жазылғанын оқып көрейік.

Құндылықтар дегеніміз не екен?

Адам өмірінде әлдебір дүниелерді ерекше бағалап, ерекше құрметтейді. Оларға айрықша

өмірлік мән береді. Оларды бір сөзбен құдылықтар деп атайды;

маңыздылық, игілік, пайдалылық (С.И. Ожеговтың сөздігі)

Ойлан» айдарындағы мәтінді оқу..

Т) Тапсырма: отбасы мүшелері қандай сөздерді жазған? Оқулықтағы «Анықтауды үйрен»

айдары сендерге көмекке келеді («Ауысу» стратегиясы).

1) Топтар сұрақтарға жауап береді.

2) Мұғалімнің белгісінен кейін топтар орындарымен ауысады және басқа топтың жауабын толықтырады.

Дескриптор:

Мәтінді оқиды.

Отбасының берекесін арттыратын бес құндылықты айтады.

Мәтінді оқиды.

Отбасының берекесін арттыратын бес құндылықты айтады.

Мұғалім: Отбасы дегеніміз – ұрпақтардың байланысы. Біреудің отбасы үлкен, біреудің отбасы шағын болып келеді. Әр отбасының өзіне тән ерекше ахуалы, ұрпақтан ұрпаққа берілетін

өзінің отбасылық дәстүрлері, әдеттері, қызығушылықтары болады. Әр отбасының ерекшеліктері бар.

(Ж) Оқулықтағы «Мен хикаяшымын» айдарындағы тапсырма.

Мұғалім: Бір шаңырақ астында өмір сүретін отбасы мүшелері ортақ шаруашылықты жүргізеді, әрқайсысының, ол үлкен болсын, кіші болсын, өз міндеттері бар.

  • Аналарың үйде немен айналысады, айтып беріңдерші (бірнеше оқушы айтып береді)

  • Ал әкелерің үйде қандай жұмыстарды істейді? (бірнеше оқушы айтып береді)

  • Ал аталарың мен әжелерің не істейді? (ата-әжесімен бірге тұратын оқушылар жауап береді)

  • Үйдегі бар шаруаны үлкендер жасаса, онда сендер немен айналысасыңдар? (ата- аналарымызға көмектесеміз, мектепте оқимыз).

Дескриптор:

  • Әр бала өз отбасының салт-дәстүрін айтады.

(Т) Оқулықтағы «топта жұмыс жасау» тапсырмасы.

Жұмыстарды көрсету.

Мұғалім: Отбасының пайда болу тарихы тым тереңде жатыр деп айтуға болады. Отбасы мемлекет деген түсінік пайда болмай тұрғанда, өте ерте заманда пайда болды. Көп ғасырлық тарихында отбасы, әрине, өзгерді, бірақ мемлекеттер өзгергендей өзгерген жоқ. Неліктен отбасы институты өміршеңдік қасиетке ие болды? Себебі, өмірдің өзі қандай табиғи болса,

отбасы да сондай табиғи. Адамдардың өмірінде отбасының алатын орны өте зор. Отбасы – ол құндылық. Осы құндылыққа біздің мемлекетіміз үнемі қолдау көрсетіп отырады. Үкімет мемлекетте өмір сүретін отбасыларға қамқорлық көрсетеді. Отбасыны қолдайтын, оған демеу беретін әртүрлі заңдарды қабылдайды.

Дескриптор:

Суретке қарап отбасы туралы айтады.

Отбасындағы салт-дәстүр туралы әңгімелейді.

Оқулықтағы «Есіңде сақта! Еліміздің заңдарын оқып білеміз» айдарын оқу

Дескриптор:

Отбасына қатысты заңдарды біліп үйренеді.

Мұғалім: Махаббат, сүйіспеншілік – отбасының барлық мүшелерін біріктіретін ең басты қасиет. Егер адам жақындарының тарапынан махаббат пен қамқорлықты сезінсе, кез келген жағдайда отбасыдан көмек пен қолдау табатынын біледі. Өзін батыл, күшті сезінеді.

Отбасында отбасы мүшелері арасында жылы қарым-қатынас, өзара түсіністік,бауырмалдылық болса, онда ол отбасы мықты,ешқандай қиыншылықтан қорықпайтын тату- тәтті жанұяға айналады.

Мұғалім: Әр отбасының өз баспанасы бар. Мәселен, үй немесе пәтер. Ал сен болашақтағы өз үйіңді, шамамен, 20-30 жылдан кейінгі баспанаңды қалай елестетесің? Суретін салы безендіріңдер.

Балалар сурет салады. Әсерлерімен бөліседі











Оқулық


А 3 парақтары, түрлі түсті маркерлер, флипчарт, тақта



Дәптер



Оқулық















Суреттер





























Қағаз, маркер

Сабақтың соңы

5 мин


(Т) Парталарыңдағы қағазда «Түрлі түсті отбасы» деген ертегі берілген. Осы ертегіні аяқтау

Қорытынды: Барлығың да отбасында өмір сүресіңдер. Сендердің де отбасыларың түрлі түсті қарындаштары бар қорап секілді. Ата-аналарың, отбасының басқа да мүшелері саған «өзінің түсін», яғни, өзінің құндылықтарын сенің бойыңа сіңдіргісі келеді. Осылайша жақын

адамдарыңнан алған қасиеттер сенің бойыңда өмір сүреді. Отбасының бақыты махаббат, еңбек, мейірімділік, денсаулық секілді құндылықтарға байланысты.

Суреттер, маркер

Саралау

(қолдау қажет ететін оқушыға)

(Қабілеті жоғары оқушыға берілетін тапсырма)

Тест тапсырмалары беріледі.

Кері байланыс



Бағалау

5 мин

Даму ағашына стикерлерін іледі.

-Мен не білдім?

-Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

-Қай тапсырманы орындағанда қиын болды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12