Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды әңгіме құрауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы













Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты: тәрбиешінің жоспары бойынша балаларды әңгіме құрауға үйрету; өз отбасы өмірінен кейбір жағдайларды анық, ретті, байланыстыра сипаттай білуге үйрету.

Жабдықтар: «Отбасы» суреті, балалардың отбасылық фотосуреттері, дидактикалық ойын «Бұл кімге тиісті».

Іс әрекет кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс әрекеті


Әңгіме.

- Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті стендке іледі)

- Бұл суретті қалай атайсыңдар? Неліктен?

- Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.

Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

  • Бұл кім? (әже)

  • Оны қалай білдіңдер?

  • Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді)

Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

  • Кім бұл? (ата)

  • Ал сендердің аталарың қандай? (балалар жауаптары)

Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам..

  • Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)

  • Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).

  • Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)

  • Және соңғы жұмбақ..

  • Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.

  • Бұл кім? (әке)

  • Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б).

  • Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)

  • Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай атайды? (Егер балалар қиындық көрсе, оларға тәрбиеші көмектеседі)

  • Оларды туысқандар немесе туыстар деп атайды.

  • Айтыңдаршы, аға мен апа (әпке) бір-біріне кім болады? (туысқандар)

  • Ал немере апай? (туысқан)

  • Ал тәте-әкесінің апасы сендерге кім? (туысқан)

  • Ал ағай (НЕМЕСЕ ағатай) – әкеңнің ағасы? (туысқан)

Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді)

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, ойнайық екеуміз:

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам,

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен,

Титтей бөбек сен.


Біз үйде нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады)

- Бүгін мен сабаққа әрқайсың өз отбасыңның фотосуреттерін әкелуді сұраған едім. Мен де өз отбасымның суретін әкелдім, ол туралы әңгімелеп беремін.

Тәрбиешінің әңгімесі «Менің отбасым».

Жоспар бойынша тәрбиешінің әңгімесі:

  1. Отбасында неше адам? (оларды ата).

  2. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады)

  3. Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады?

  4. Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің?

  • Балалар, сендерге менің әңгімем ұнады ма? Неліктен?

  • Кімнің маған сұрағы бар? (балалар сұрағына жауап береді)

  • Ал қазір сендер өздерің өз отбасыларың туралы әңгіме құрастырыңдар (2-3 баланың жауабы, одан соң балалар бір-біріне өз отбасы туралы әңгімелейді). Ойын «Қай зат кімдікі» (сөздік ойын, мұнда балалар әжесіне, атасына, анасына, әкесіне, апасына, әпкесіне тиісті үш затты атауы керек)

  • Ал балалар, сендер отбасы туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? (егер білетін болса, онда оларды айтып, түсіндіреді)

Тәрбиеші отбасы туралы мақал-мәтел айтады және балалармен бірге талдайды.

Ақылды қария – ағып жатқан дария.

Ат – балаға сыншы.

Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

(егер балалар қиындық көрсе, оларға тәрбиеші көмектеседі)


Балалар педагогті мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап беруге тырысады.




























Балалар педагогті мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап беруге тырысады.




Сабақ қорытындысы. Ата-аналар бұрышына ең жақсы әңгімелерді жазып қою ұсынылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12