Тақырыбы: Менің отбасым-менің
байлығым
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту
жолымен бала мен ана арасындағы қарым-қатынастың
ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы
көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу;
ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін
күшейту;
Күтілетін нәтиже:
бала мен ата - ананың арасында жылылық
орнату.
Көрінекіліктер: интербелсенді тақта,
бейнематериалдар, жүрек стикер,
жаднама, слайд-шоулар.
Әдістері: пікір алмасу,
сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар,
тест
Кіріспе (Мұғалім
сөзі)
Сәлеметсіздер ме
құрметті оқушылар, ата-аналар!
Ата
- ананың басты қуанышы - бала.
Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы
тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы
мақсаты:
баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап,
рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында
баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің
қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік,
қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б
келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.
Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында
отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін -
ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз
баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің
бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында
тәрбие алады.
Бала тәрбиесінің қызығы мен
қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі. Сондықтан бәріңіздің
отбасыларыңызға амандық ,тек жақсылық тілей отырып, бүгінгі өзіндік
тәрбиелік мәні бар тренинг сабағымызға қош
келдіңіздер!
Тренингтің
жоспар:
-
Шаттық шеңбер: «Есім және
қимыл»
-
«Жалғасын тап»
ойыны
-
«Сіз балаңызды білесіз бе?»
жаттығуы
-
«Жазбай
танимын»
-
Рефлексия
1.Шаттық
шеңбері
Енді келесі кезекте сіздерді
шаттық шеңберіне шақырамын. Ата - аналар экранда көрсетілген
балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен
айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек
айтуларыңыз керек. Ал, балалар болса, ата –
аналарының есімін айтып, бір қимыл жасайды. Және сол қимылды
тренингке қатысушылар қайталайды.
- балам айдың жарығында
дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай
қабақты сұлу, ақылды болуларыңа
тілектеспін.
- Мысалы, менің есімім
Оразкүл, әжем Ораза айында туған соң, құтты, берекелі қыз бала
болып өссін деген себепті. Ата – аналарға зор денсаулық пен баянды
бақытты отбасылық өмір тілеймін. Ал, жігіттер, сіздерге нағыз ер
мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа
тілектеспін.
Әр тілектен соң 3 рет
қол соғып қошеметтеп отырамыз.
Отбасы – кішкентай адамның
өміріндегі алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында
отбасы ең басты роль атқарады.
Нақ отбасында – мінез-құлықтың негізгі сипаттары,
оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы –
отбасы мүшелері арасындағы – өзара қарым-қатынасқа
байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен
өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық,
жарастық орнаған орта. Отбасы–бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты
негізі.
Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ отбасы
болмайды. Бірақ сонда да «идеалды» отбасы сияқты түсінік
бар.
«Жалғасын тап» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала»,
«Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең
шумағын құрастырамыз.
Талдау:
өлең шумағын бір - бірден
оқып талдайды.
Мәселен, мен былай
құрастырдым:
Бас иеді барлық адам –
АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА.
Бала дегеніміз – болашақ.
Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ.
Келешегіміздің қожасы балаларымыздың білімді де мәдениетті,
тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз
қолымызда.
Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді,
денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат
салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы
қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны
болуға ат салысқан жөн. Бала бақытының кепілі – ата –ананың өнегелі
тәрбиесінде.
«Сіз балаңызды білесіз бе?»
жаттығуы.
Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі және олар бір –
біріне қарама – қарсы екі топ екі топ болып отырады. Сұрақтар
қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары
баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары
салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы
баласы туралы соншалықты білетіндігі
анықталады.
Сұрақтар:
1. Балаңыздың аты - жөні...
2. Балаңыздың ең жақын досы...
3. Сүйікті пәні...
4. Сүйіп тыңдайтын әні...
5. Сүйікті тағамы...
6. Жақсы көретін түсі...
7. Балаңызды қалай еркелетесіз...
8. Аяқ киімінің өлшемі...
9. Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны...
10. Үлгі тұтатын (жақсы көретін)
мұғалімі...
Талдау:
-
Бұл жаттығуда ең қиын сұрақ
қандай болды?
-
Ата – анаңа деген ризашылық
сезіміңізді білдірсеңіз
-
«Жазбай
танимын» (бұл ойында ата – аналар
көздері жұмулы күйінде балаларының қолынан ұстап көріп тауып
алады)
Барлығымыз ортаға шығып, ата –
аналар оң жақ қатарға, балалар сол жақ қатарға тұрамыз. Құрметті
аналар, бүгін біз ана мен бала арасында кішкентай да болсын қарым
–қатынастың жақындауына өз үлесімізді қосып жатырмыз деп
есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып,
тәрбиеленіп отырған көз қуаныштарыңыз-балаларыңызды көздеріңіз
жұмулы болса да, жазбай танитындықтарыңызда
көрсетсеңіздер.
Талдау:
-
Сізге балаңызды табуға не
көмектесті?
-
Балаңыздың қолынан ұстағанда
не сезіндіңіз?
-
Сіз неліктен бұл ойында
қателестіңіз?
Біз күйбің тіршіліктің
салдарынан бауыр еті баламызға жүректен шығатын жылы лебізімізді
айтуды назардан тыс қалдырамыз. Ал, біздің «Мен саған сенемін!»
деген бір ауыз сөздің балаға күш қуат беретінін біле де бермеуіміз
мүмкін. Әрине, бұл шындық. Оқушыларымыздың алдында өмірдің бір
күрделі баспалдағы ҰБТ жақындап қалды. Сол белестен тайсалмай, ерік
– күш жігерін мықтап қамдап, асуды бағындырарына мен сенемін.
Әрине, бұған ата – аналарда сенім білдірген еді. Бейнематериалға
назар аударайық.
Ата – аналарға арналған
бейнематериал көрсету.
Рефлексия (кері
байланыс). Осыдан кейін ата – аналарға
жүрек стикерлер таратылып, балаға деген жылы лебіздерін жазады.
Сонымен қатар, ата – аналарға ҰБТ-ға байланысты жаднама
таратылады.
Жүректен
жүрекке:
-
Құрметті ата –аналар! Өз
балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана
өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс
ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің
іс–әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете
біліңіз. Бүгінгі тренинг сабағымызды
өлең жолдарымен бастаған едік, енді соңында батыр бір туар
қаһарман Бауыржан
Момышұлы атамыздың бала тəрбиесіне байланысты
өлең шумақтарымен аяқтасам
деймін:
Ұра берсең,
Ұлың сенің - жасқанады,
Жасқаншақты - басынады басқалары.
Қол көтермей - тәрбиелесең ақыл айтып,
Ақылымен, ертең елді - басқарады.
Ала білсін, өмірінен бар тынысты,
Үйрете түс:
Сабыр, шыдам, талпынысты.
Ең бастысы - иманына көңіл бөлгін,
Өссін десең, өз ұрпағың жарқын, күшті...
Еңбегімен, жүрсін ұлың баға алып,
Ақыл-оймен, өзгелерден дараланып.
Көтерілсе өзіндейді бағалайды,
Отырмайды: пара беріп, пара алып...
«Баланы
5-ке дейін патшадай
тәрбиеле,
15-ке
дейін еңбекке құлындай
тәрбиеле,
15-тен
кейін ақылшың ретінде ұста» деген керемет ұлағатты нақыл
бар.
«Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілерсің».
Құрметті, ата-аналар, міне
бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым-менің байлығым» атты
шарамыз аяқталып та қалды. бүгінгі сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған
жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз десеңіздер
сөз сіздерде.
Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс,
тілек жазуларыңызды сұраймыз.
Осындай қарбас шаруасы көп
күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп
рахмет. Келесі жүздескенше қош сау
болыңыздар!
Минск орта
мектебі
Тақырыбы: «Менің отбасым – менің
байлығым»
Өткізген: жантанушы Сағит
Оразкүл
2016 – 2017 оқу
жылы