Сабақтың тақырыбы: Менің
отбасым-тірегім
Сынып:11
Сынып жетекші Күні:
Сабақтың
мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың
алатын орнының ерекше екендігін
түсіндіру;
Ә) Халқымыздың
тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен,
әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін
білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід
балалардың бойына дарыту;
Б) Отбасы
мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық, достық қарым-қатынасты
қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан
тұратын көрме, отбасы туралы слайд,
мультимедиа.
Барысы:
«Менің
отбасым-тірегім» атты тәрбие сағат
Өзі әкенің
ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға
қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке
рөлін атқаратын кім?
(Әр жұмбақтың
шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп,
отбасы сөзін шығару)
ІІІ. Отбасы-адам
баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам
баласын шыр етіп дүниеге келген күннен
бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді.
Отбасы-адамзат
бесігін тербеткен баланың бас ұстазы.
Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан
қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын
ата немесе әке де қыран болу керек» деп
отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала
әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің
жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа
жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы.
Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың
тікелей міндеті.
Бірінші
ойын: «Гүл бейнесін келтіру»
-Бала-әр
ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің
жалғасы деп жатады халқымыз. Олай
болса сіздер үшін бала деген кім? Осы
сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің
жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің
бейнесін құрап шығаруларыңыз керек
(Аналардың жауабы: бауыр етіміз,
болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз,
мұрагеріміз, ізбасарымыз…)
Екінші ойын:
«Біз екеуміз бірге…»
-Бұл ойында
ата-ана баласымен бірге үнемі не
істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз
екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз
бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге
ойнаймыз т.б.
Үшінші ойын:
«Сезім гүлі»
-Бұл ойында
мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз
баласын қалай жақсы көретінін жазу және
дауыстап айтып баласын шақырып беру
керек.
Қорытынды
Тақтадағы
алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы
туралы түйін сөздерін немесе отбасын
қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын
қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз
арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі.
Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін
дәлелдейді.
Хор: «Әрқашан
күн сөнбесін»
Әкем біреу,
анам да біреу менің
Мен жығылсам
сүйенер тілеулерім
Олар барда
мереке
Көрген емес қабақтарын, шытқанын,
түнергенің
Менің досым
әкесін жек көреді
Бізбен ісі
жоқ оның деп сөгеді.
Жамандайды,
сыртынан тістенеді.
Бір-біріне
бітпейді өкпелері
Дос тапса
да адамдар, тапсадағы
Әке жалғыз
табылмас ақшаға да
Жамандасаң
әкеңді саған әкеп
Жақсы әкесін
береме басқа бала
Әке білек,
саусағы балалары
Қан тамырымен
жалғасқан аналары
Ана тамыр
бойымен беріледі
Тіршіліктің
жылуы таралады