Туберкулез ауруына қарсы
санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасының тәрбиешісі: Бимашева
Гулбакыт
Берикбаевна
Білім
саласы:
Қатынас
Бөлімі :
Сөйлеуді
дамыту.
Тақырыбы:
Менің
отбасым
Мақсаты:
Отбасы туралы түсінік беру, Әр балаға өз
отбасын қадірлеуге, сыйлауға
үйрету.
Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық
процестерін, қиялын, қызығушылығын дамыту, зейінін
шоғырландыру.
Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Методикалық әдіс -
тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,
сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс, Луллий шеңбері, жапсырма
әдісі, дәстүрлі емес сурет салу
әдісі.
Көрнекілігі:
Отбасы суреті, үй, дидактикалық
материалдар.
Билингвальді
компонент: Менің отбасым – моя
семья
Шаттық
шеңбері:
Көтеріліп
шаңырақ,
Уықтары
шаншылар.
Керегелер
керіліп,
Өрімдей боп
өрілер.
Бәріміз жүрсек
айналып,
Киіз үй болып
көрінер.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген
үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп
ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің отбасы болады
олар бір бірімен тату тәтті
тұрады.
Үнтаспадан « жарығым», ботам,
құлыным, күнім, деген сияқты жылы сөздер
тыңдатылады.
-Балалар , қалай ойлайсыңдар,
осындай жылы сөздерді сендерге кімдер
айтады?
-Иә, балалар сендерге жылы
сөздерді аталарың, аналарың, әке, әжелерің айтады
екен.
-Ал , осы адамдарды бір сөзбен
кімдер деп айтамыз?
-Онда бүгінгі оқу
іс-әрекетімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды
екенбіз?
Суретпен қарап әңгіме
құрастыр:
Бір бала шығып тақтадағы суретке қарап әңгіме
құрастырады.
Дидактикалық ойын: «Күн мен
бұлт»
Шарты: сендердің араларында
бұлт жатыр. Мен сендерге әр түрлі жағдаятты айтамын. Олар әр
отбасында болатын жағдай: егер бұл жағдай әр отбасына бақыт сыйласа
күнді көрсетіңдер, егер жаман қылық көңіл қалдыратын болса бұлтты
көрсетесіңдер
- Сендер аналарына
көмекетесесіңдерме?
- Серуенде күртешелеріңді
былғайсыңдарма?
- Ойыншықты
жинайсыңдарма?
- Достарыңды
реңжітесіңдерме?
- Әжелеріне қамқор
боласыңдарма?
- Аталарыңды туған күніңмен
құттықтайсыңдарма?
Лулий шеңбері «Қай зат
кімдікі»
Шарты: Берілген отбасы
мүшелерінің суреттерінің тұстарына балалар өзіне тиесілі заттарын
алып жанына қояды.
Мақсаты: ойын арқылы отбасы
мүшелерін ажырата білуге, кімге қай іс-әрекет тиесілі екенін
табуға, балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін
дамыту.
Ойын: «Отбасы мүшелерін
дастархан басына
жайғастыр»
Шарты:Отбасы мүшелерін әдеп бойынша, жапсырма әдісі арқылы
дастархан басына жайғастырулары
керек.
Ойын: «Отбасылық
ошақ»
Әр бала киіз үйдің бөліктерін
тақтаға жабыстыра отырып, өз отбасы жайлы айтып
кетеді.
Менің отбасым-
тату.
Менің отбасым-
еңбекқор.
Менің отбасым-
иманды.
Менің отбасым-
бақытты.
Менің отбасым-
өнерлі.
Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы.
Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені
айтылады.
Ортаға келіп
тұрайық,
Шеңберді біз
құрайық.
Көріскенше күн
жақсы,
Сау - саламат
болайық!
Күтілген
нәтиже:
отбасы мүшелерінің туысқандық
қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне қамқор болу
керектігін біледі;
отбасы мүшелерінің арасындағы
әдептілік дағдыларын және өзіндік тиесілі
міндеттерін игереді;
отбасындағы адамгершілік,
әдептілік нормаларын сақтай білуді
меңгереді.












