жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің отбасым.М дыбысы мен әрпі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
-
Сабақ:
Мектеп: Ақыртөбе орта мектебі.
Күні: 19.11.2018
Мұғалімнің аты: Сейліқұлова Меруерт
Сынып: 1ә
Ортақ тақырыбы: «Менің отбасым және достарым»
Бөлім:3 Менің отбасым және достарым.
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі.
Пәні: сауат ашу.
![]()
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? не? туралы айтылғанын анықтау 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама – қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады: |
||||
|
Мм әрпін танып,ажыратып сөздерден сөйлем құрайды. |
|||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||||
|
Сурет бойынша әңгіме құрайды, мақалды оқиды.Сөйлемді бас әріптен басталатын біледі,соңына тиісті тыныс белгілерін қоюды біледі. |
|||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||
|
Алған білімдерін өмірде қолдана алады. |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
Әріптерді таниды , ажырата алады,оны дыбыспен сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: М әрпі Отбасы – семья - family |
||||
|
|
|||||
|
Алдынғы оқу: |
Сюжетті суреттер арқылы ақпарат алуға болатынын түсінеді,сызба бойынша сөйлем құрап жазады, сол сияқты тұтас сөздерді, жиі кездесетін сөздерді, үш буынды сөздерді буынға бөліп оқиды. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланннған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Дескриптор |
Бағалау |
Ресурстар
|
|
|
Басы |
Ұйымдастыру кезеңі: а) Психологиялық ахуал: Көк аспанда күн тұрсын Ұл қолында ту тұрсын Қыз қолында гүл жүрсін Көк аспанда күн жүрсін Бірге жүрсін бүлдіршін ә) Топқа бөлу. Отбасының суреттері арқылы топтарға бөлу І – топ – ата – әжелер тобы ІІ – топ - әке – аналар тобы ІІІ – топ - балалар тобы |
|
|
Ту,гүл Топ суреттері бейнеленген қағаздар. |
|
|
Ортасы |
-Өткен сабақта пысықтап жіберейік.
- Балалар дыбыс дегеніміз
не? Олай болса,топ бойынша өткен әріптерді тақтайшаларыңа жазып көрсетіңдерші Жұмбақ Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған.Ол кім? (ата)
Аймалайды күнім деп, Мейірімді жүзі күлімдеп. Тәтті – ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (Әже) Атаңның баласы Кей кезде таласып, Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге? Ол кім? Әке)
Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған; Аялы қолда талпынтқан; Айналасына ас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан; Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан. Қаймақты сүттей қалқытқан; Суық болса жөргегін, Қорғасындай балқытқан; Бұл кім? (Ана)
Жұмбақта кімдер туралы айтылған? Әке,ана,ата,әже Отбасы туралы әңгімені бекер көтермедім,себебі Ортақ тақырып «Менің отбасым»деп аталады Қандай әріппен танысатынымызды білу үшін мына дыбысқа назар аударыңдаршы (Мысықтың даусы естіледі)Бұл не? Қандай дыбыс шығарды?Мяу Мяу деп кім шығарады? Мысық сөзі қандай дыбыстан басталады? М әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру М әрпін ауада жазу Оқушыларға санамақтың көмегімен М әрпін құрастырады. Жазылым. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларын орындау Сергіту сәті
Кітаппен жұмыс: 1тапсырма «Сәйкестендіру»әдісі. Оқушылардың сөйлем сызбасын «оқуын» жүзеге асырамын 2- тапсырма. Тыңдалым. Ең үлкен ата, Атын ата. «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі.Оқушылар берілген «Ата» сөзінің мағынасын сұраққа жауап бере отырып ажыратады және «Үлкен»сөзіне қарсы мағыналы сөзді табады. |
А,Н,Л,Р,О,Т,У,Ш,С,Д,Ы әріптерін таниды, ажыратады және оларды жаза алады Жұмбақтың жауабын таба алады Мияулаған дыбысты қай жануар шығарғанын анықтай алады. М әрпін ауада жаза алады. М әрпін санамақтың көмегімен құрастырады. Дәптердегі тапсырмаларды жаза алады 1. Сөздерді мағынасына қарай
суретпен сәйкестендіреді -
көп нүктенің орнына тиісті
сөздерді қойып
оқиды «Ата» сөзінің мағынасын ажыратады.-«Үлкен» сөзіне қарсы мағыналы сөзді таба алады |
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау өте жақсы жақсы қанағаттанарлық Бағдаршам арқылы бірін-бірі бағалау.
Геометриялық фигуралар арқылы өзін-өзі бағалау. Дұрыс әділ баға қойылғанын саралап сұрақ-жауап беру арқылы айқындаймын.
|
Қағазда А,Н,Л,Р,О,Т,У,Ш,С,Д,Ы дыбыстары Сюжетті суреттер. Түстер
Санамақ таяқшалары Геометриялық фигуралар |
|
|
Соңы |
Қорытындылау . Топтық жұмыс. «Кім жылдам» ойыны. 1-топ Отбасы суретін бояу . 2-топ Менің отбасым тіркесіне дыбыстық талдау жасау 3-топ Сурет бойынша әңгіме құрастыру Не жайлы айттық?Отбасындағы адамдар қалай өмір сүреді?Қандай әріппен таныстық? Кері байланыс.
|
1.Отбасы суретін бояй алады 2.Дыбыстық талдау жасай алады 3.Сурет бойынша әңгіме құрай алады Балалар сабақтан алған көңіл күйлерін жеміс ағашына бағалайды |
Геометриялық фигуралар арқылы топтық бағалау.
-Өте жақсы
-жақсы
-орташа |
Сызбалар . Геометриялық фигуралар Жеміс ағашы |
|
|
Қосымша мәліметтер |
|||||
-
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс.Құндылықтармен байланыс(Тәрбие элементтері)
-
-
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
1.
2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?
1.
2.
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген