400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің педагогикалық философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, тәлімгерлерге ой толғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің педагогикалық философиям


Шарипова Лаура Кулмановна

бастауыш класс мұғалімі Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы

Жаһандық білім кеңістігіне өту жолында білім беру жүйесі сан түрлі сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңдерінен өтті. Бұл өзгерістердің көкейкестілігі жаһандану заманындағы мәңгілік елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші болып саналатын білім деңгейімен өлшенетіндігінен көрінеді. Ал, саналы, білімді, озық ойлы ұрпақтың зиятын, білім деңгейін дамытып, өсіре білу, ұлттың ұлт болуына елеулі еңбегін сіңіріп, кейінгі ұрпақтың алдында кеудесін тік көтеріп тұра алатын мұғалім тұлғасын тәрбиелеу, оқушыларға беретін білімін кемелдендіре түсуде мұғалімнің өз бетінше білімін жетілдірудің маңызы терең дер едім.

Өйткені «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» (Strong, Ward&Grant, 2011) дегендей, мұғалімнің жаңаны білуге деген құлшынысы мен білгенін басқаларға үйретуге деген ынта тілегі болмайынша, ол нағыз мұғалім бола алмайды деп ойлаймын. Біз мектебімізде әр мұғалімнің өз бетінше білім арттыруы, ғылыми мақалалар, сабақ үлгілерін түрлі деңгейлі басылымдарға жариялауы, кәсіби шеберлігі мен кәсіби дамуы, тиімді оқытуға арналған жоспарлау, оқытудағы уәждеу тәсілдерін тиімді жүзеге асырудағы оқыту стилін өзгерту, оқыту ортасы мен жұмыс ағымын оңтайлы басқара алуының оқытуда елеулі, оң өзгерістерге әкелетіндігін, өзін кәсіби тұрғыдан дамытуға тілек білдірген әріптестерін жұмысқа тарту және олардың қызығушылықтарын еселей отырып бірігіп жұмыс жасау, сындарлы қарым-қатынас мәдениетіне негізделу, мониторингтеу, кері байланысты ұтымды ұйымдастыра білу, кез-келген оқыту шарасының маңызды бөлігі саналатын бағамдау секілді көптеген мұғалім тәжірибесінің табыстылығын арттыруға негізделген зерттеулер мен инновациялардан түйінделген теориялық білімді бастауыш буын бірлестігі арасында қалайша жолға қоюға және оны ары қарай дамытуға болады деген мәселелер бойынша жұмыстанамыз.

«...Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар...», - деген В.А.Сухомлинскийдің қанатты сөзі әр мұғалімнің кәсіби тұлғасының артуының өзектілігін негіздей түсетін тәрізді. Себебі оқыту үдерісінде кездесетін мәселелерді шешуде әр мұғалімнің өзіндік көзқарасының болуы, өз тәжірибесін пайдалануда белгілі бір өзгеріс енгізетіндігіне сенімім мол.

Қарапайым мектеп мұғалімі үшін өзіндік кәсіби тұлғасын арттырудың маңызы зор, өйткені мен мектеп партасында отырған әр бүлдіршінімнің көзінен білуге, үйренуге деген от көрген сайын шабыттанамын, үйретерім көп болуы үшін үйрене бергім келеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі