«Менің
педагогикалық ұстанымым!»
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен
сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап
та, бар қалан» деп айтқандай әр балаға білім беріп, оған өмірлік
бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы-
мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік,
Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де
қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп
келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі
бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап
көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап
көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен
салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің
жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті
болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз
керек.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны
ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана.
Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны –
балабақша.
Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік
дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының
ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы
тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи
байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің
ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа
білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік
тұлға.
арқылы халқының арманы мен қиялын, өткені мен
бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы
мен сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбеккорлылығынан, адалдығы
мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсініп,
жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене біледі.
Дайылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан
жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен
елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы
саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп,
білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт.