жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің Президентіме тілектерім!
Менің Президентіме менің тілектерім!
-
Шабытымды шырқатып сізге бұл күн,
Арнайтын бір жырым бар үнім дүркін.
Мейрамыңыз құтты болсын Ел басшысы,
Жетелеген елімді жолға жарқын.
-
Бабалардың ақталғанда үміттері,
Пір тұтады сіздей ұлды ұлы елі.
Ұлы елдің ұлтының көсбасшысы,
Ұзақ болсын деп тілейді өмір кені.
-
Ақ киізге көтеріп, хан сайланды,
Мемлекетім хандығым менің шағын.
Аман болсын ханымыз әрқашанда,
Хандықтың қалайтұғын іргетасын.
-
Өр елімді жетелеп жаңа жолға,
Еліміздің тағдыры біздің қолда.
Бабалардың қаны мен ана жасы,
Төгілмеп пед кеше ғана оңды сол да.
-
Ақталды енді үкілеген үміттерің
Айдары ашық ұрпағың жетелеп жүр.
Күн нұрынан нәр алғандай арысың
Сұлтандығын көрсетіп жүр тағы бір.
-
Ұлан – ғайыр сыйлап бізге даланы,
Аман көрем аймақ ауыл қаланы.
Бейбітшілік болған бүгін тірегі,
Елбасының ықпалы мен, қалауы.
-
Елдің жүгін арқалап, ел басқарып.
Азаттықтың жастығын біз жастанып.
Шыныменен татумыз бүгін бізде,
Көрген емес Елбасын бір жасқанып.
-
Өр еліңді шығарып өр биікке
Сен биікте Елбасым сен биікте.
Досың артсын, дұшпаның массайрамай
Болсын дұшпан пейілі әр күйікте.
-
Қиыншылық білемін көп көркенсіз,
Сансыз арам ойлармен дөп келгенсіз.
Дауылға да қайыспайтын ағаш сынды,
Белемін сіз де берік өр өренсіз.
-
Елімді оңай болмай алға өрлету
Артқа қарай шегінбей алға жету.
Сан соқпаққа түссеңде бір жаныңмен,
Жасымадың, етпедің артқа кету.
-
Елің сенер әрқашан сендей ерге,
Оған куә сайлаулар жеңіс жеткен.
Осындай ұлан- ғайыр ұлы жерге
Ризамын, басымды ием билік еткен.
-
Бөлмедің сен қарасың, сен ақсың деп,
Демедің сен бөтенсің, сен жатсың деп.
Сидырған ең алдымен көңіліне,
Көңілің кең ғой тіпті далаңнан тек.
-
Көп ұлтты Қазақстан кең тұрағым,
Мен сенімен мақтанамын, сен жыр-әнім.
Мекеніне айналған сан ұлттардың
Ханның дәл ақылы ғой бұл шырағың!
-
Елбасы менің Тұңғыш Президентім,
Ақтарам сіз деп әркез көңіл кенін
Сіз секілді басшысы тұрған кезде,
Әлі өрлер Қазақстан елім менің.
-
Тәуелсіздік тұр әне бір белесің
Тәңірім тұрақтығын көп берерсің.
Елімнің ертеңіне сенем дәйім,
Сенімім дәл келеді бір көресің.
-
Тәуелсіздік мен сенімен мақтанамын,
Елбасы іскерлігі жатқа мәлім.
Бағалайық еркіндіктің туын ұстап,
Мен азатпын, еркінмін деп шаттанамын.
-
Көп сөз көмір, қашан да аз сөз алтын,
Елбасым болсыншы әркез жүзің жарқын.
Қазағымның дархандығын берген саған,
Асыл текті, айнымас нағыз қалпың.
-
Көк аспаннан жасатып туыңды әсте,
Биіктер әлі ол сіздей дара тұрған кезде.
Бақ дарыған қазақтың шаңырағы,
Жарқырайды жұлдыздай асау кезбе.
-
Ұзақ болсын ғұмырыңыз елбасшысы,
Тілейді елі әркез амандығын.
Ұлтының мақтанышы, көшбасшысы,
Өр алаштың ақтаңы атты дүрсін.
-
Елінің көзайымы болған да бір,
Жалындаған жүректен бір жалын бұл.
Нұрсұлтандай басшысы тұрған кезде,
Атсын деп мен тілеймін әр таңым нұр!
Менің Президентім.
Өз елін өзінің кіндік кескен туған жерін ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім Қазақстан даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 28 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді, өз еліңде, бақытты, тыныш өмір жүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын сол себепті бейбітшіліктің арқасында күліп – ойнап, еркін қызмет жасап жүрген ерікті елдің азаматшасының бірі екеніме де өте қуаныштымын. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі- халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлауы. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді.Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ата-елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің өзі- көпке үлгі болар өмірбаян.
Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап Қазақстан магниткасында шыңдалған. «Қанат ұшса қатаяды» деген осы болар. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген осы шығар. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей, «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз батыр халық аттың жалынында найзаның ұшымен білектің күшімен ақтық демі біткенше елін дұшпанға таптатпай алтайдан донайға сібірден шығысқа дейінгі ұлан қайыр даланы не бір сұрапыл соғыстардан замана зұламаттарынан аман алып қалып отырған. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама жолдардың тар жол тайғақ кешуінде де, тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-бабаның сол тізгінін ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы атамыз да мықтап ұстаға. Олай деуімізге себеп бар, өйткені Президент адам құқығымен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Тәуелсіз отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында біріккен ұлттар ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны тұңғыш төл теңгеміздің шығуы Семей атом палигонының жабылуы бәрі де Елбасының тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой көтерді. Ол өзінің әсем ғимараттары мен халыққа үлгі боларлық зәулім сарайларымен бізге әрдайым өнеге.
Созімнің соңын былай қорытындылағым келеді. Жалпы Американдықтар Дж Вашингтонг орыстар бірінші Петрді, түріктер Ата- түрікті қастерлейді. Оларды шын мәніндегі мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезенінде тізгінін ұстаушысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға ретінде бізде құрметтейтін адам бар ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мүхамедге берген сұхбатында «Мен ел басы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, алласына сиынған елдің бір перзентімін» дейді. Осы созден-ақ Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөліп қарауға болмайтынын егіз ұғым екенін түсіндім.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген