400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Менің қаламдағы ауқымды проблема

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада автор Түркістан қаласы мен оның айналасындағы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге назар аударады. Атап айтқанда, ауылдардағы су тапшылығы, туризм инфрақұрылымының әлсіздігі, сондай-ақ білім беру саласындағы теңсіздік мәселелері терең қозғалады. Мақалада осы проблемалардың аймақ дамуына тигізетін кері әсері сипатталып, нақты мысалдар мен шешу жолдары ұсынылады. Автор бұл мәселелерді тек билік емес, халық болып бірлесе шешу қажеттігін айтып, ел болашағы үшін жауапкершілікке үндейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің қаламдағы ауқымды проблема

Қала хәлінің жақсы болуы мемлекет үшін өте маңызды. Халықтың мәселесіз өмір сүруі — басты қағидалардың бірі. Алайда, жағдайды бірден жақсарту мүмкін емес. Ол уақыт өте келе қалыптасып, жоғары дәрежеге жетеді.

Дегенмен, кей мәселелер ұзақ уақыт бойы өз шешімін таба алмауда. Меніңше, бұл мәселелерді басты назарға алатын уақыт келді.

Не себепті бұл мәселелер бізге маңызды? Осы сұраққа жауап табу мақсатында бірнеше мәселелерді қозғағым келіп отыр. Олар қоғам өмірінің жақсаруын тежеп, өмір сүру салтын қиындатуда.

Біріншіден, Түркістан облыс орталығы болғалы көркейіп, өркендегенімен, шеткі аймақтағы ауылдарда су тапшылығы әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Соның әсерінен мақта өсіретін аудандар да жапа шегуде. Мұндай жағдай мақта бағасының өсуі немесе импорттау секілді келеңсіз оқиғалардың орын алуына әкеліп соғуда. Сондықтан су — басты мәселелердің бірі! Екіншіден, ескеретін жайт — туризм инфрақұрылымын жетілдіру. Түркістан — түркі әлемінің астанасы. Мұнда біздің сан ғасырлық тарихымыз сақтаулы. Бір Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өзінде қаншама мықты батырларымыз бен ел билеген әділ хандарымыз жерленген. Осыған байланысты туристер санын көбейту, мәдениетіміз бен тарихымыздың ерекшеліктерімен таңдандыру бізге мол табыс пен тарихтың жаңаруына алып келмек.Үшіншіден, әлеуметтік теңсіздік және білім беру сапасындағы мәселе. Түркістан облысы — ауыл халқы көп шоғырланған өңірлердің бірі. Осыған байланысты білім беру саласында қала мен ауыл мектептерінің айырмашылығы туындауда. Негізінен мектептердің көп бөлігі ауылдық жерде орналасқан. Бірақ онда мұғалімдер жетіспеуі, интернет сапасының нашарлығы мен цифрлық сынып жабдықтарының болмауы оқу сапасына орасан зардабын тигізуде. Болашақ білімділердің қолында болғандықтан, осыған жіті назар аудару керек деп ойлаймын. Сондықтан да өзекті мәселелердің арасына енгіздім.

Қорытындылай келе, бұл мәселелердің өмірімізге маңызын байқауға болады. Бұл тек халық мүддесі ғана емес, еліміздің даму жолындағы айқын мәселелер. «Бірлік бар жерде — тірлік бар», — деп дана халқымыз бекер айтпаған. Тек өкімет қана емес, ел болып, жұрт болып осы мәселелерді шешу — мемлекет алдындағы адамзаттың парызы деп білемін. Еліміздің даму жолында төгілген әрбір маңдай тер еш уақытта елеусіз қалмайды. Өркендеу жолында бірге күресейік!

Пернешбай Жасмина

Түркістан облысы Сауран ауданы

Амангелді жалпы білім беретін мектептің

11-сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі