Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің қауіпсіздігім". Дүниетану 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінде сабақ жоспары ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Пән: Дүниетану №18 сабақ Ортақ тақырып: Өнер

Бөлімше: Денсаулық және қауіпсіздік

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Менің қауіпсіздігім

Оқыту мақсаты

3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • адам өміріндегі электр қуатының маңызын түсіндіреді;

  • тұрмыстық құралдарды қолданудағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын атайды;

  • тұрмыстық құралдарды атап шығады.

Көптеген оқушылар:

  • тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері туралы графикалық белгілерді суретке салады;

  • оқулықта берілген графикалық белгілердің негізінде электр құралдарын пайдаланудың ережелерін


құрастырады;

Кейбір оқушылар:

  • «Электр қуатын сақта» жадынамасын құрастырады және сол бойынша қорытындылар шығарады;

  • «Электр әлемі» ертегі елінің тұрғындары жайлы ертегі құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын талқылайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Электр қуаты, тұрмыстық құралдар. Электр тогымен зақымдану қауіптілігі. Тұрмыстық құралдарды пайдаланудың графикалық белгілері Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Егер дұрыс қолдана білсе, электр күші адам өміріне зиянын тигізбейді. Тұрмыстық құралдарды қауіпсіз қолданудың ережелерін есіңде сақта! Талқыланатын мәселелер:

  • қандай тұрмыстық құралдарды білесің?

  • электр құралдарының тұрмыстағы пайдасы қандай?

  • не үшін тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Жазылым:

Суреттерге және графикалық белгілерге қарап, тұрмыстық құралдарды қолданудың ережелерін дәптерге жазу.

Алдыңғы білімдер

Денсаулық және қауіпсіздік. Қауіпсіз мінез-құлық ережелері

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Балалар, жұмбақты шешіңдер: Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Электр тогы)

Мұғалім: Ал енді мына екі өлеңді тыпдап, қорытынды шығарыңдар:

  1. Электр қуаты бізге жылылық пен жарық береді, Ол ешкімге құпия емес, бәрі біледі!

Ол суды жылытады, бізге тамақ дайындайды, Әлемде ондай жақсы көмекші табылмайды!


  1. Анам маған мұқият Ескертіп еді мынаны:






Дәптер


  • Қабырғада резеткі тұр, көрдің бе? Ешқашан оған сен қолыңды тигізбе! Балақай, мәңгі сақта есіңде:

Электр тогы деген қауіпті Зияны тиіп қалар бәрімізге.

Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Бүгінгі сабағымызда не жайында айтатын боламыз деп ойлайсыңдар? (электр жайында)

  • Электр күші мейірімді күш пе, мейірімсіз бе? Жауаптары:

  • егер электр күшін дұрыс қолдана білсең, ол мейірімді күш!

  • электр қуаты әлемдегі ең жақсы көмекші!

  • электр тогы қауіпті әрі қорқынышты жау!

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгін біз электр күшін қалай дұрыс пайдалану керек және біздің қауіпсіздігіміз жайлы сөз ететін боламыз.

(Ұ, Ж)

Бүгінгі сабағымыздан біз не білеміз, нені үйренеміз, қалай ойлайсыңдар? Сабағымыздың мақсатын анықтаңдар.

Оқушылар:

  • электр құралдарын пайдаланудың ережелері туралы білеміз;

  • электр құралдарын пайдаланудың ережелері бойынша шартты белгілердің суретін салуды үйренеміз.












Оқулық








Дәптер






Жаңа сабақ

Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс жасаймыз. Суреттерге қарап шығыңдар. Электр қуатымен жұмыс істейтін тұрмыстық құралдарды атаңдар. Олар қандай қызметтер атқарады? Бұл құралдарға тән ұқсастықтар қандай?

Оқулықтағы бірінші азат жолдан бастап аяғына дейін оқу. Электр құралдарының атауларын жазыңдар.

Мұғалім: Электрмен, электр құралдарымен байланысты болатын қауіптер тек қана сыртта жүргенде, көшеде болмайды, ондай қауіптер үйде де, пәтерде де болуы мүмкін.

«Үкі тәтейдің сабақтары. Қауіпсіздік сабағы» циклынан «Электр құралдарын қауіпсіз қолданудың ережелері» мультфильмін көру.


ҚБ «Қалыптастырушы сұрақ» стратегиясы. Бейнематериалды көргеннен кейін оқушылардың білімін тексерудің формасы. Мұғалім мынадай қосымша сұрақтар қояды:

  • Электр құралдарын пайдаланғанда не үшін абай болу керек?

  • Мультфильмнің кейіпкерлері қандай қауіпсіздік ережелерін бұзды?

Мұғалім: Үкі тәтейдің сабақтарын қалай меңгергендеріңді тексереміз. Оқулықтағы суреттерді қарап шығыңдар. Балалар тұрмыстық құралдарды қолданудың қандай ережелерін бұзды?

Оқушылар:

  • бөгде нәрселерді резеткіге сұғуға болмайды!

  • ылғал, сулы жерге электрлішәйнекті қоюға болмайды!

  • үтіктің (немесе басқа құралдың) сымын қолға орауға болмайды!

(Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, оқулықтағы тапсырмаларды орындайды. 1- топ

Электр құралдарын қолданудың ережелерін оқыңдар. Ережелерге графикалық белгілердің суретін салыңдар.

2-топ

Оқулықтағы белгілерге қарап, электр құралдарын қолданудың ережелерін құрастырыңдар. 3-топ

Шеңбердің ішіне электр құралдарын қолдануға қатысты графикалық белгілердің суретін ойдан салыңдар. Оларға ережелер құрастырыңдар.

ҚБ «Суреттер» стратегиясы. Әр топ өзінің тапсырмасын көрсету барысында олардан өздерінің суреттерін түсіндіріп берулерін сұраңыз. Осылайша мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білетін болады.

Оқулық




Оқулық




Электронды қосымша

Оқулық, А 3, Тапсырмалары бар конверттер

Рефлексия

ҚБ «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы. Оқушылар сабақтың мазмұнына баға береді, сөйлемдерді аяқтап жазады.

Дәптер

Үлестірмелі қима-қағаздар

Үй тапсырмасы

Сабақта өткен қауіпсіздік ережелерін үйде қайтала. Үлкендердің бірінен сені тексеруді сұра. Үлкендермен бірге тағы да 2-3 ережені тұжырымдаңдар. Оларды жаз және оларға шартты белгілердің суретін сал.



1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
12319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12