Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Ахишева Мулкат Бауыржановна
Тақырыбы:Менің Қазақстаным – менің болашағым
Мақсаты: Балаларға Қазақстан, Астана, Отан, туған ел, туған жер туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының рәміздерін айту.Балаларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге тәрбиелеу.Сонымен қатар тіл байлықтарын байытуға мән беру.
Түрі:ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, картасы. Отанға, туған жер туралы қанатты сөздер.
Барысы:
-
Құрметті ата – аналар, балалар,бүгінгі «Менің Қазақстаным – менің болашағым»атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
-
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
-
Қазақстан қандай Республика?
-
Еліміздің астанасы қай қала?
-
Ал өзіміздің туған қаламыз қай қала?
-
Ұлтымыз кім?
-
Қай тілде сөйлейміз?
-
Республикамыз басқа елдерден несімен ерекше?
-
Ия, әр халықтың, әр ұлттың өз Отаны, туған жері болады. Біздің туған еліміз, мына кең жатқан жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларымен сақталған, қорғалған. Сол қазақ жерінде ақылы мен айласы сай хандар мен билер, даналар, данышпандар, тапқырлар мен ақылдылар өмір сүріп, осы күнге жеткізіп, біз сияқты ұрпаққа қалдырған – туған жеріміз, қазақ еліміз бар.
-
Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.
-
Айбынды Елтаңбамыз бар.
-
Мағыналы ән ұранымыз
-
Елбасы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев
-
Балалар, Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы қалай атауға болады?
-
Отанымыз.
-
Отан туралы кім мақал – мәтел біледі?
(Балалар білгендерін айтады)
Ендігі кезекте «Кім қайда тұрады?»деген ойын ойналады
Ойынның шарты: Көк түс – су белгісі
Қоңыр түс – жер
Ақ түс – аспан белгісі
Ойын бастаушы Ақ сұңқар десе, ақ түсті текшемен тұрған бала қанаттарын жайып ұшады. Осылай ойын жалғасады.
Қорытынды
Балалар «Қазақстан» туралы ән айтады.
-
Туған жердің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата – бабаларымыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Әркімнің өз жері жұмақтың төріндей ыстық, жақын болады. Сондықтан осынау кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету біздің қолымызда. Сондықтан елімізді ардақтап, жерімізді аялайық дегім келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің Қазақстаным!" сыныптар тыс шара
"Менің Қазақстаным!" сыныптар тыс шара
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Ахишева Мулкат Бауыржановна
Тақырыбы:Менің Қазақстаным – менің болашағым
Мақсаты: Балаларға Қазақстан, Астана, Отан, туған ел, туған жер туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының рәміздерін айту.Балаларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге тәрбиелеу.Сонымен қатар тіл байлықтарын байытуға мән беру.
Түрі:ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, картасы. Отанға, туған жер туралы қанатты сөздер.
Барысы:
-
Құрметті ата – аналар, балалар,бүгінгі «Менің Қазақстаным – менің болашағым»атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
-
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
-
Қазақстан қандай Республика?
-
Еліміздің астанасы қай қала?
-
Ал өзіміздің туған қаламыз қай қала?
-
Ұлтымыз кім?
-
Қай тілде сөйлейміз?
-
Республикамыз басқа елдерден несімен ерекше?
-
Ия, әр халықтың, әр ұлттың өз Отаны, туған жері болады. Біздің туған еліміз, мына кең жатқан жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларымен сақталған, қорғалған. Сол қазақ жерінде ақылы мен айласы сай хандар мен билер, даналар, данышпандар, тапқырлар мен ақылдылар өмір сүріп, осы күнге жеткізіп, біз сияқты ұрпаққа қалдырған – туған жеріміз, қазақ еліміз бар.
-
Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.
-
Айбынды Елтаңбамыз бар.
-
Мағыналы ән ұранымыз
-
Елбасы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев
-
Балалар, Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы қалай атауға болады?
-
Отанымыз.
-
Отан туралы кім мақал – мәтел біледі?
(Балалар білгендерін айтады)
Ендігі кезекте «Кім қайда тұрады?»деген ойын ойналады
Ойынның шарты: Көк түс – су белгісі
Қоңыр түс – жер
Ақ түс – аспан белгісі
Ойын бастаушы Ақ сұңқар десе, ақ түсті текшемен тұрған бала қанаттарын жайып ұшады. Осылай ойын жалғасады.
Қорытынды
Балалар «Қазақстан» туралы ән айтады.
-
Туған жердің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата – бабаларымыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Әркімнің өз жері жұмақтың төріндей ыстық, жақын болады. Сондықтан осынау кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету біздің қолымызда. Сондықтан елімізді ардақтап, жерімізді аялайық дегім келеді.
шағым қалдыра аласыз













