400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің Қазақстаным» тақырыптық сабағының конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Менің Қазақстаным» мектепке дейінгі жас балаларына арналған тақырыптық сабағының конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Теміртау қаласының «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
















Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік мерекесіне арналған

«Менің Қазақстаным»

тақырыптық сабағының

конспектісі








Дайындаған: қосымша білім беру педагогі

Ибраева А.С.

.











2018-2019 оқу жылы


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған

«Менің Қазақстаным»

тақырыптық сабақтың конспектісі




Сабақтың мақсаты:

Туған елінің болашағына үлес қосып, туған жері мен елін сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекіліктер:

мультемедия, слайд, саптама етік, қамзол, ою өрнектер, домбыра, асықтар.

Сабақтың барысы:

Педагог: Құрметті балалар! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 26 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар, сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп тақырыптық сабағымызды бастаймыз.

« ҚР Гимні»

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада жылап келіп, қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.



Ән: « Қазақстан»  (слайд)

Біздің Қазақстанымыз туған еліміз, туған жеріміз егеменді ел болып тәуелсіздік алғанына 26 жыл толды. Бүгінгі біздің тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сабағымызда «Менің Қазақстаным» саяхатына аттанамыз. Саяхатқа аттанбас бұрын мынадай  сұрақтарға жауап беріңдер. Тыңдаңдар.

Сұрақтар:

  • Қазақстан қандай ел?

Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел.

  • Сенің  Отаның  қалай аталады?

Менің Отаным –Қазақстан.

  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Астана қаласы.



Отан, туған жер туралы өлең оқу.

1 бала: Байтақ далам-туған жердің

Қымбат маған әр тасы

Өзен көлі, самал, желі

Асқар тауы-баршасы.



2 бала: Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да!

  • ҚР елбасы кім?

ҚР елбасы Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • ҚР рәміздерін ата?

ҚР туы, ҚР елтаңбасы, ҚР гимні.



«Мемлекеттік рәміздер» өлеңі                        

3 бала: Сәнді айшығы, бедері,

Рәміздер – ел беделі:

Бойға таққан тұмардай,

Қастерлеймін мен оны!

Онда қуат, жалын бар,

Жалыннан от жалындар!

Рәміздерден

Елімнің,

Бет-бейнесі танылар!

  • ҚР Туын сипатта.  (слайд)

  • Ту-көгілдір түсті. Ортасында алтын күн, астында қыран бүркіт. Тудың шетінде ұлттық ою- өрнек. Тудың авторы Жандарбек Малибеков.

Қазақстан жалауы.

4 бала: Жалауымда көгілдір

Күн күледі төгіп нұр.

Қыран-бейне

Қанатты

Көкке самғар - Елім бұл!

  • ҚР елтаңбасын сипатта? (слайд)

  • Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Ортасында шаңырақ. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар – биік арманның, қайраттың нышаны.

Жұлдыз - мемлекетіміздің жұлдызы биік, жарық болсын деп биікте орналасқан.

Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Малибеков, Шота Валиханов

5 бала: Елтаңбамыз- ел беті

Төрге ілінер көрнекті:

Анам таққан шолпыдай,

Дөп-дөңгелек

Өрнекті!

  • ҚР гимнің айтқанда не істейміз. (слайд)

  • Орнымыздан тұрамыз. Оң қолымызды жүрекке қоямыз. Гимн айтамыз. Авторлары: Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Музыкасын жазған: Ш. Қалдаяқов.

  • Гимн

6 бала: Қастерлемес даңқын кім?

Қадірлемес салтын кім?

Әнұраны елімнің

Үні,

Тілі халқымның!

Педагог: Жақсы. Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Сұрақтардан сүрінбей өттіңдер. Тәуелсіз елдің болашағы білімді балалар екендеріңді көрсеттіңдер. «Менің Қазақстаным» саяхатына аттанамыз. Саяхатқа ат арбамен барамыз. Онда аялдамалар бар. Әр аялдамадан өту үшін тапсырмаларды орындау  керек.

1-Аялдама «Сәлем – сөздің анасы». (слайд)

Балабақшада балаларды әдептілікке, мейірімділікке үйретеді.

  Әдептілік туралы өлең оқу.

7 бала: Атам маған аманда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Бұл аялдамада үлкендермен қалай амандасу керектігін біздің бүлдіршіндеріміз сахналық көрініс арқылы көрсетіп берсін.

Сахналық көрініс. ( Ата мен баланың амандасуы)

Бала: Ассаламағалейкум, ата!

Ата: Уағалейкум ассалам, балам!

Бала: Ата, деніңіз саума?

Ата: Құдайға шүкір, балам. Алланың бергенімен жүріп жатырмыз.

Қыз бала мен әженің амандасуы.

Қыз: Сәлеметсізбе, әже!?

Әже: Өркенің өсін, қызым.

Қыз: Үй-іші аман ба?

Әже: Шүкір алла, аман есенбіз.

Мұғалім: Жарайсыңдар, сәлемдесу бұл халқымның тектілігін, жол білетін әдептілігін білдіреді. Саяхатымызды жалғастырамыз.

  • 2 Аялдама «Мен әже – атамның жалғасымын»

Бұл аялдамада сендерді  ойын-жарыс тосып тұр.

Ойынның шарты:  Екі топқа бөлінесіңдер. Қыздар әжеміздің қамзолын  оюмен әшекейлейді,  ұлдар атамыздың саптама етігін оюмен  әшекейлейді. Жарайсыңдар, бұл аялдаманың тапсырмаларынан да өттік.

3-Аялдама: « Өнерлі бала, өрге жүзер»

Айтыс  - ертеден кележатқан қазақ халқының өнері, дәстүрдің үлкен түрі. Қазір балаларымыздың айтыс өнерінен үзіндісін тамашалаңыздар. Айтыскерлерді ортаға шақырамыз.

 «Қыз бен жігіт» айтысы.

Ұл бала:

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер жасұлан.

Қыз бала:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекесі елімнің,

Құтты болсын ағайын.

Ұл бала:

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік ұлы той.

Қыз бала:

Таң арайлап атады,

Күн күлімдеп шығады.

Шаша берсін шапағын,

Тәуелсіздік шуағы.

Ұл бала:

Қазақстан-Отаным,

Қияға ұшар қыранмын.

Еркіндікті сүйемін,

Мен – тәуелсіз ұланмын!

Қыз бала:

Қазақстан-жеңісті дана күндер

Қазақстан-толқынды лала күндер.

Қазақстан-әлемді елең детіп,

Бола берсін қашанда ашық күндер.

Тамаша, өнерлерің үстем болсын.

  • Ойын «Асық ату»

Тамаша, осымен аялдамалардың тапсырмаларынан өтіп, «Менің Қазақстаным» да жеттік. Тәуелсіз Қазақстан елінің бірлігі арта беріп, еліміздің аспанынан әрқашан күн сөнбесін.



Осымен Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесіне арналған тақырыптық сабағымыз аяқталды. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріне шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, қүннің нұры сәулесін мол төксін. Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі