Б.Жұмалиев
атындағы орта мектеп
Психологиялық
тренинг
«Менің
қолымнан бәрі де келеді»
(мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған тренинг)
Дайындаған:
Жуманова Нургул
«Менің
қолымнан бәрі де келеді»
(мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған тренинг)
Тренинг
мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың
бойларындағы қабілетін аша білу, бірі
–бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын
қалыптастыру. Жан- жақтылыққа үйретіп,
өздігінен еңбектенуге үйрету;
Психолог
сөзі:
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Көңіл-
күйлеріңіз қалай? Шаршап отырған
жоқсыздар ма? Қазір сіздерге әртүрлі
ойындар жүргіземін. Қалай ойнағыларың
келе ме?
1.«Гүл»
сергіту жаттығуы.
Мақсаты:
Қатысушылардың қабылдауын дамыту
Өткізілу барысы: Әр қатысушылардың
әр қайсысы әр жерде отырады. Жүргізуші:
«біз бәріміз енді өсіп келе жатырған
гүлдерміз, күн шықты, гүлдер жайлап
ашылып өсіп келеді / қолдарын созады /
кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер
желмен жан-жаққа шайқалады / қолдарын
жан – жаққа шайқайды/ Бір мезгілде
аспанға бұлт төніп жаңбыр жауа бастайды,
гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады, / қолдарын
тізелерінің үстіне қойып бүрісіп
отырады/ бір уақытта қайтадан күннің
көзі күлімдеп шығуға бастайды. Сол
уақытта гүлдер құлпырып, жайнап ашыла
бастайды. / қатысушылардың барлығы үлкен
гүл шоғына жиналады/
2.
“ Ойлан да аяқта”
Лимон
қышқыл, ал қант ... ( тәтті)
Егер
үстел орындықтан биік болса, онда орындық
... (үстелден аласа)
Екі
бірден көп, ал бір... (екіден аз)
Сен
аяғыңмен жүресің, ал, затты ұстағанда
... (қолмен)
Егер
Самал Айманнан бұрын шықты; ал Айман...
(кейін)
Өзен
арықтан терең, ал арық ... (саяз)
Бала
үлкейіп, ер адам болады, ал қыз ... (әйел
адам)
Пышақ
та, әйнек...(те өткір )
3.«Суретте
қандай заттар жасырылған» әдістемесі.
Мақсаты:
балалардың заттарды танып ажырата
білуін, зейінін қажетті обьектіге
тұрақтата алуын анықтау.
Барысы:
балаға бірнеше контурлық суреттер
көрсетіледі және олардың артында
көптеген таныс заттар жасырылғанын
түсіндіреді. Содан соң балаға суретті
көрсетеді де ондағы жасытынып тұрған
заттарды кезекпен кезек тауып, атауын
сұрайды.
Бұл
әдістемеде мынаны ескерткен жөн: егер
зерттеуші баланың асығып, кейбір заттарды
таппай тастап – тастап кетіп, келесісіне
өтіп жатқанын байқаса, онда бақылаушы
баланы тоқтатып, алдыңғы тастап кеткен
суреттерді қарап, не бейнеленгенін
айтуды сұрау керек. Келесі суретке тек
алдыңғы суретте жасырынып тұрған
заттарды дұрыс тапқан жағдайда ғана
ауысуы керек. Баланың таным процесінің
дамуы туралы қорытындылағанда тапсырманы
неғұрлым тез әрі дұрыс тапқанын ескерту
керек.
4.«Кілемшені
немен жамауға болады?»
әдістемесі.
Мақсаты:
баланың көрнекі тапсырманы шешу
барысында, қысқа мерзімде және оперативті
бейнелі есте сақтауды тәжірибеде қолдану
ептілігін анықтау.
Барысы:
тапсырманы орындауға алдын ала дайындалған
арнайы кілемше тәріздес суреттер
қолданылады. Суретті көрсетпес бұрын
балаға әдістеме нұсқауын түсіндіреді,
яғни, суретте тесігі бар кілемше болады,
және оның тесігін жамайтын материал
бөліктері беріледі, сол материалдардың
көмегімен кілемшені өзгешеленіп
қалмайтындай етіп жамау керектігін
айтып түсіндіру керек. Тапсырманы
орындау үшін материалдың бірнеше
бөліктері суреттің төменгі жағында
көрсетілген. Сондықтан кілемшенің
бейнесіне неғұрлым сай келетінін таңдау
керек.
Баланың
таным процесінің дамуы туралы
қорытындылағанда баланың тапсырманы
неғұрлым тез әрі дұрыс орындағаны
ескеріледі.
5.
Шығармашылық жұмыс:
«Жақсылық ағашын отырғызу»
Оқушыларға
алдын – ала дайындалған жапылақ
үлгісіндегі қима қағаздар таратылады.
Әрбір оқушы өздерінің жасаған жақсы,
игі істерін жазып, ағаш бұтақтарына
жапсырады.
6.Жаттығу.
Релаксация.
Уақыты:
( 5-мин. ).
Мақсаты:
Қатысушылардың
көңіл – күйін
көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене
бұлшық
еттерінің шаршағандығын
басу.
-Ал,
қазір сәл бой жазып алайық, ол қорқыныштан
арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың
мақсаты, қорқынышты, мазалануды алу,
күйзеліс жағдайына дайындалу болып
табылады. Ынғайланып отырыңыз, еркін
дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар
және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер
жасыл алаңда, ашық күннің астында дем
алып отырсыңдар… Аспанда күн шуағын
шашып тұр және осы нұрдың шашуының
бөлігі сізге тиісті … Оның
шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ
және еркелетіп қыздырады, денеңізге
кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының
бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама,
барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз,
сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың
бәрі ериді, оның бәрі тазартылған
жарықпен толтырылады.
Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы
түнге айналып, оны жұмсақ ел тез
қуады, ол сіздің денеңізді тастап
кетеді. Сіз
қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз,
сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.
Талдау:
Қалай тренинг ұнадыма?
Қандай
әсер алдыныз?
Әр
қайсысы өз ойын білдіреді.
Қорытынды:
Психолог
сөзі:
-Оқушылар, бүгінгі ойынымыз ұнады ма?
-Жарайсыңдар, ойынның жақсы болуы
сендердің арқаларыңда екендіктерін
ұмытпаңдар. Әрдайым көңілдерін бүгінгідей
шуаққа толы болсын!
(Оқушылардың
көңіл – күйлерімен бөлісіп, жасаған
жұмыстарын талдап, ойларымен
бөлісіп,еңбектерінен көрме жасақтау).