Бекітемін: ___________
|
Tақырыбы: |
«Менің құқығым» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
|
|
Күні: |
17.01.2025 ж |
|
|
Сынып жетекші: |
Әділова Айсара Айтуарқызы |
|
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. |
|
|
Апта дәйексөзі: |
«Шығармашыл бала – ойлы бала» |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
І. Ұйымдастыру. Жарайсыңдар балалар! Ендеше біз отыру үшін топқа бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты таңдап орнымызға жайғасайық. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Әнұран орындалады. |
Компьютер |
|
Сабақ басы (13 мин)
Ортасы (20 мин)
|
Бүгінгі тәрбие сағатымызды мынандай сұрақпен бастағым келіп отыр: -Балалар, «Есім алуға» құқықтарыңыз бар ма? Қалай ойлайсыздар? «Есім» ойынын ойнайық. Қазір біз әрқайсымыз тізбек бойынша өз есімімізге сын есім қосып айтамыз. Яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Назгүлмін. Ал жақсы, сіздердің есімдеріңіз бар және таныстырып шықтықтыңыздар, сіздердің есімдеріңіз солай аталатынын енді қалай дәлелдейсіздер? -Дұрыс, балалар! -Туу туралы куәлік – бұл сіздердің алғашқы құжаттарыңыз. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі? -Онда, сіздер Қазақстан Республикасының азаматы екендеріңіз жазылған. Яғни, адам баласы туылғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады екен. Ол дегеніміз әрқайсымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. -Ендеше, бүгінгі біз сабағымыз қандай тақырыпта болмақ? -Дұрыс айтасыздар, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқықтарым» деп аталады. -Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше, сіздерге қысқаша айтып өтейін. Шағын-дәріс: «Сіздердің құқықтарыңыз туралы Конвенция» 20 қараша – бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні. Бұл күні «Балалар құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған. Барлық дүние жүзіндегі балалардың құқықтары арнайы «Балалар құқығы туралы» Конвенцияда жазылған. Бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды. Бұл ұйым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды, яғни, олардың өмір сүру құқығын шектеді. Сол себепті осындай соғыстардың болдырмау мақсатында барлық дүниежүзіндегі халықтар БҰҰ-на бірікті. Өкінішке орай, дүние жүзінде әлі де қауіп-қатерлер жиі болып тұрады. Мысалы: соғыстар, терактілер, қылмыстар, апаттар, аштық, аурулар… Тіпті үлкен, мықты адамдардың өзі осындай қатерлерге қарсы тұра алмай жатады. Сондықтан ең қорғансыз болып табылатын балалар. Олар тіпті күнделікті өмірде үлкендердің қолдауы мен қарауын қажет етеді. Сол себепті балаларды қорғау үшін «Балаларды қорғау туралы» Конвенция қабылданды. Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң қабылданды. Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы. «Дауыстап оқиық және есте сақтайық» Тақтада жазылған құқықтармен танысады. Барлығымыз оқиық.
Өмір сүруге Ата-тегін алуға Отбасында тәрбиеленуге Жеке бас бостандығына Азаматтық алуға Білім алуға Баспана алуға Дүние мүлікке Демалуға Денсаулықты сақтауға Сөз бостандығына Қоғамдық жұмыстарға араласуға. Балалар біздің құқықтарымыздан басқа міндеттеріміз бар екенін естен шығармауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға; Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; Тарихи ескерткіштерді қорғауға; Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; Ата-анаға қамқорлық көрсетуге. Сонымен балалар құқық деген не, міндет деген не? Ойланайық. «Ойды аяқта…» Бала құқығы деген— балалардың өмір сүруі мен өсуіне жағдай жасау. Құқық-адамдардың тәртібін,қарым-қатынасын реттеп отыратын ережелер жиынтығы. Мемлекет белгілеп қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы Міндет-адамдар бұлжатпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
Қорытынды.Ойын: «Менің құқытарым мен міндеттерім» Мен міндеттер мен құқықтарды оқимын, сіздер табуларыңыз керек. Егер жауап құқық болса, қолдарыңызды жоғары көтересіздер, ал егер міндет болса, қолдарыңызды шапалақтайсыздар. Егер түсінікті болса, бастайық. Конкурстар мен жарыстарға қатысу. (Қ) Жолда жүру ережелерін сақтау. (М) Жеке бас тазалығын сақтау.(М) Мектепте тегін білім алуға. (Қ) Мектеп мүлкіне дұрыс қарау (М) Табиғатты қорғау және күту.(М) Демалу. (Қ) Мектеп ережесін сақтау (М) Жақсы оқу. (М) Ата-анаға көмектесу. (М) Басқа оқушылардың ар-намысын,абыройын құрметтеу (М) Тегін кітапхананы пайдалану (Қ) Қорытынды: Өте жақсы балалар, рахмет. Барлығымыз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді ажырата білдік. 5.Сендерге тағы біз сұрақ: — Біздің құқықтарымыз бұзылса, біз не істейміз? -Дұрыс айтасыздар! Заңгерлерден кеңес алуымызға болады екен. Кеңес- аты айтып тұрғандай, бізге заңды түрде түсіндіріп, кеңес береді.Ал заңгер (юрист)-заңды жақсы білетін адам. Біз кеңес ала отырып, өзімізді қорғай алады екенбіз. Ендігі ойынымыз «Заңгер кеңесі»деп аталады. Әркім өздеріңді, балалардың құқығын жақсы білетін заңгермін деп елестетіңдер.Ал сендерге кеңес алуға ертегі кейіпкері келеді. Тақтаға қарай отырып, келген кейіпкердің қандай құқығы бұзылғанын түсіндіріп, кеңес бересіңдер. Тек сөздің басын былай бастауларың керек: «Балалар құқығын қорғау туралы» Конвенцияның келісімімен…Түсінікті болса бастайық: Объявление скрыто Мы используем ваши ответы, чтобы подбирать для вас подходящую рекламу Маугли: Мен көптеген жылдар бойы орманда жабайы аңдармен тұруыма тура келді.Бірде мен адамдар арасына түстім. Басқа балалар сияқты менің де құқықтарым бар ма? Балалардың мөлшерлі жауаптары: — Балалар Конвенциясының шешіміне сәйкес… кез-келген 18-ге толмаған адам бала болып саналады.Сондықтан, сіз де барлық балалармен құқықтарыңыз бірдей. Маугли: Мен адамдардың тілінде сөйлей алмаймын.Мен аңдар мен құстардың тілінде сөйлеймін. Сондықтан адамдар мені аңдарға қарағандай қарап, торға қамап ұстады.. Олардың осылай қарап ұстауға құқытары бар ма? Балалардың мөлшерлі жауаптары: — «Балалар құқығын қорғау» Конвенцияның шешіміне сәйкес: Ешкімде сіздің абыройыңызға нұқсан келтіре алмайды.Абыройыңызды түсіруге ешкімнің құқы жоқ. — Конвенция шешіміне сәйкес…. Ешкім де сізге зорлық-зомбылыкөрсетуге,төмендетуге, мәжбүрлеуге құқы жоқ. — Конвенция шешіміне сәйкес… сіз еркін жүріп-тұруға, араласуға, еркін өмір сүруге құқығыңыз бар — Конвенция шешіміне сәйкес…. білім алуға, медициналық көмек алуға құқығыңыз бар.
6.«Ойды аяқта » 1.Біреуге ор қазба- 2.Ұрлық түбі – 3.Өтіріктің құйрығы- 4.Қолыңмен істегенді – 5.Тек жүрсең- 6.Заңды сыйлаған-
Қорытынды шығару. Рефлексия «Әділдік таразысы» Балалар, алдымызда тұрған «Фемида» мүсіні. Ол –әділдік құдайы. — Оның көзі неге байланған?Қалай ойлайсыңдар? Балалар ол-ешкімді көрмесе де, барлық адам тең құқылы, соттың шешімінің әділ, тәуелсіз болуын білдіреді. Оның бір қолында қылыш-заң билігін білдірсе, екінші қолындағы әділдік таразысы бар.Таразының бір жағы- заң бұзушылық пен тәртіпті, ал екінші басы – заң, адам құқытарын қорғау мен құрметтеуді білдіреді. Бізде де бүгін «әділдік таразысы» тұр. Әркім бүгінгі сабақта алған білімдерін өз алдындағы стикерлерге міндеттері мен құқықтарын жазып таразының екі жағына ілсін.Қызыл түс- құқықтар,сары түс -міндеттер. Әркім өз міндеттері мен құқықтарын сақтаса, таразы басы теңесіп,мемлекетімізде құқық бұзушылықтар болмас еді. «3 2 1» әдісі: «3»-қызықты ақпарат «2»- есте сақтайтын нәрсе «1» – қорытынды сөз. Қорытындылау. Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал. Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал. Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет, Халқың да құрметтеп, достарың қызығар. Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға, Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға. Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп, Халқыңның алдында қызарып тұруға. –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік! |
Өз ойларын айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Оқушылар жауап береді Қосымша балалардың да пікірлері тыңдалады. |
Компьютер
|
|
Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
№ 22-САБАҚ Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Мектептегі қауіпсіздік ережелері» |
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің құқығым» сынып сағаты

шағым қалдыра аласыз