Педагог-дефектолог: М.
Алтаева
Сабақ
тақырыбы: Менің сүйікті
анам
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: балаларға ана, әже, әпке,
қыздар және олардың мерекесі туралы түсінік
беру.
Түзете-дамытушылығы:
баланың ойлауын, есте сақтау,
сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын
дамыту.
Тәрбиелілігі: балаларды аналарын сыйлай
білуге, оларға көмектесуге, әдептілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ
–жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: «никитин» фигуралары, сюжетті
суреттер, түрлі- түсті қиылған қағаздар, құм, ас үй
заттары.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Ана – біздің
күніміз,
Ананың
біз-гүліміз.
Балаларды
қуантып,
Ұзақ өмір
сүріңіз.
- демекші, балалар біздің
әрқайсысымыздың өз аналарымыз бар. Анамыз біздің ең қымбат
жанымыз. Ол бізді өмірге әкелді, бізге ақ сүтін беріп,
жылағанымызда тербетіп, көтеріп, бетімізден сүйіп, әлпештеп өсірді.
Сондықтан, біз анамызға қарыздармыз, ешқашан анамызды ренжітпеуіміз
керек. Оны әрқашан жақсы қылықтарымызбен қуантып жүруіміз
керек. Көктем мезгілімен қатар
келетін 8 наурыз аналар, әжелер, қыздар мерекесі жақындап қалды.
Бұл мерекеде біз аналарымызға, әпке-жеңгелерімізге, әжелерімізге
сыйлық беріп, тақпақ, өлең айтып, би билейміз. Ана , әжелерімізді
мерекеде ғана емес, күнделікті сыйлап, көмек беріп, әрқашан қуантып
жүруіміз қажет
« Анама гүл » Никитин әдістемесімен
жұмыс
Ойын шарты:
«Никитин» фигураларынан гүл жасау.
Ойын мақсаты:
баланың ойлауын, қиялын, ұсақ қол моторикасын
дамыту.
« Тәтеме
тәтті печенье» ойыны
Ойын
шарты:түрлі-түсті
қамырды жайып, оймақтармен ойып печенье
жасау.
Ойын
шарты:балалардың ұсақ
қол моторикасын дамыту.
Құм
терапиясы
Гүл қалыптарына
құм салып гүл жасау.
Тіл ұстарту
жаттығуы
На-на-на
қамқоршы ана
Же-же-же
мейірімді әже
Ке-ке-ке
сүйікті әпке
«Су-джок»
терапиясымен жұмыс жасау
«Бір үйде біз
нешеуміз?» ойыны
Кел санайық
екеуміз.
Бас бармағым –
атам,
Балаң үйрек –
апам,
Ортан терек –
ағам,
Шылдыр
шүмек-мен
Титтей
бөбек-сен.
Бір үйде біз
нешеуміз?
Бір үйде біз
бесеуміз.
(Оң, сол қол саусақтарына
кезектестіре серпімді сақинаны киіп, ойын
ойнау)
Суретпен жұмыс. «Ана мен бала
»
Тапсырма шарты: суретке қарап әңгіме құрау.
Тапсырма мақсаты:
баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту, сөздік
қорын молайту.
Қорытынды: балаларды
мадақтау, бағалау.