400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің сүйікті кітабым" жас оқырмандар конференциясы. Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашыларға конференция өткізгенде керегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ» АТТЫ

ЖАС ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ



Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріна айтып, қызықтыруға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі.

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті оқушылар! Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы - кітап екенін бәріміз жақсы білеміз. Білім көзі – кітапта.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін кітапты көп оқуымыз керек.

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, дарынды балалар, оқырмандар!

«Менің сүйікті кітабым» атты жас оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!

ХХІ ғасыр - білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өрнектеудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының болатыны көрсетілген. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапанын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, бүгінде кітапханалар- еліміздің болашағы, жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр. Осыған орай, біз кітапхананың білімді де таланты оқырмандар санын көбейту үшін, оқыған кітаптарың жайлы бөлісу үшін «Менің сүйікті кітабым» атты жас оқырмандар конференциясын өткізгелі отырмыз.

Жас оқырмандар конференциясы 4-бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру

2.Оқыған кітаптары туралы қысқаша мазмұндау

3. Бір-біріне кітап жайында сұрақтар қою

4. Оқырмандар конференциясынан алған әсерлерін жазу.

Кітапханашы: Балалар, ертең 1-наурыз «Алғыс айту күні». Соған орай Сіздерді бірнеше топқа бөліп, сол топтарға «Рахмет», «Жарайсың», «Керемет», «Ризамын», «Мың алғыс» деп ат қойдық.

Жүргізуші: І-бөлім- «Таныстыру».

Биіктетер білімнің ақ ордасын,

Мерекең құтты болсын, оқырманым!

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық,

Келешек ғалымдар мен даналарды!

Оқушылар өздерін таныстырады.

1.

3 «А» сынып оқушысы

Мазыкен Жанерке

2.

3 «Ә» сынып оқушысы

Ауданбекұлы Бекарыс

3.

3 «Б» сынып оқушысы

Абдухалық Бекзат

4.

3 «В» сынып оқушысы

Тұрлыбеков Жанболат

5.

3 «Г» сынып оқушысы

Жарылқасын Сымбат

6.

3 «Ғ» сынып оқушысы

Әзімжан Аруна

7.

3 «Д» сынып оқушысы

Сәрсенбек Қазына

8.

3 «Е» сынып оқушысы

Қойлыбай Жансая

9.

3 «Ж» сынып оқушысы

Жұмахан Еңлік

10.

3 «И» сынып оқушысы

Сеилханова Айгерім

11.

3 «К» сынып оқушысы

Құралбай Нұрсая

12.

3 «Л» сынып оқушысы

Ақбейіс Асия

13.

4 «А» сынып оқушысы

Бақытбек Медина

14.

4 «Ә» сынып оқушысы

Нұрақын Аружан

15.

4 «Б» сынып оқушысы

Әсемғали Қарақат

16.

4 «В» сынып оқушысы

Нұрғазықызы Жұлдызай

17.

4 «Г» сынып оқушысы

Абир Аружан

18.

4 «Д» сынып оқушысы

Жайылған Дамир

19.

4 «Е» сынып оқушысы

Болатхан Аянат

20.

4 «З» сынып оқушысы

Сәмитбекұлы Дегдар




Жүргізуші: Ал, балалар танысып болсақ кезекті «Менің сүйікті кітабым» атты

ІІ-кезеңімізге береміз.

Жас оқырмандар өзі оқыған кітаптары жайлы, одан не түйгенін қысқаша айтып береді.

Кітапханашы: Ал, балалар, бүгінгі «Менің сүйікті кітабым» атты оқырман конференциясынан қандай әсер алдыңдар? Cендерге конференция ұнады ма? Не үйрендіңдер? Болашақта қандай кітапты оқығыларың келеді?

Оқушылардың алдына ақ қағаз бен стикерлер, қаламдар таратылады. Оқушылар «Жас оқырмандар конференциясынан» алған әсерлерін стикерлерге жазып, ақ қағазға жапсырады.

Кітапханашы: Балалар, жаңа айтып өткеніміздей, ертең 1-наурыз алғыс айту күні. Соған орай, біз сендерге бүгінгі «Менің сүйікті кітабым» атты жас оқырмандар конференциясына қатысып, өз оқып-білгендеріңмен достарыңмен, бізбен бөліскендерің үшін сендерге «Рахмет», «Жарайсыңдар», «Керемет», «Ризамын», «Мың алғыс» демекпіз .

Кітапханашы: Кымбатты оқырмандар, кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсаңдар. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндалағымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін. Келесі кездескенше аман сау болайық .

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
10793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі