400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің сүйікті мамандығым" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз деген сөзді, ұстаз деген мамандықты мен ең қасиетті құндылық деп есептеймін.Сондықтан әріптестеріммен өз ойымды бөліскім келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жердің тағдыры толғандырады

                                                                     Пай, пай, пай!

                                                                     Киелі неткен жер!

                                                                     Батырлар дүрілдеп төккен тер,

                                                                     Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер.

                                                                     Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

                                                                     Сарылып сал-сері кеткен жер.

                                                                     Бас иіп,иіскеп топырағын,

                                                                     Тағзым жасамай өтпеңдер!

                                                                                                         М. Мақатаев

     Туған өлкем... Түп қазығым....туған өлкем... Неткен киелі жер едің?! Туған өлке тақырыбын арқау етіп, жан-дүниеңнен балқып шығар ыстық сөздермен ой шертіскенде қалай ғана толқымассың? Жүрегім дүрс-дүрс соғады. Бұл жұдырықтай ғана кішкене жүрек елім, жерім деп соғады. Бұл жүрек қайғы мен қорқыныштан емес, шаттық пен қуаныштан соғады.  Ол қуаныш – туған өлкем –300 жылдық мерейтойы. Қандай бақыт десеңізші?! Алда тасырлап өткен ұлы той. Бұл тарсыл мылтық тарсылы емес, қуаныштан киелі жерге тарс-тұрс соққан аяқтар тарсылы. Туған өлкенің ұлы тойы тойлаған толқығаннан асқан қандай толқу болсын?! Бұл жүрек соғысының толқындары....

Ахау, Семей! Тіл мен көмей, 
Басылмас жанған жүрек сәулем 
келмей. 
  
Кеудесі жақсылардың алтын сандық, 
Сандықты кілт болмаса кім ашады! .

     Киесі мен құты бойыма бірдей дарыған мекенім – киелі кетігім, дүние есігін ашып, мынау кең байтақ әлемге іңгәләп келгеннен шұғылаға толы шуағын, жарық күні мен жұлдызын, толықсыған айы мен нұрлы сәулесін сыйлаған құт мекенім Ұлы Абай,Шәкәрім,Мұқтар,Қайым даналардың отаны.Ұлы даналардың шығармашылық өмірлері де осы өлкемнің киелі топырағында өтті.

     «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен». Бұл қалаға талай ғұламалар келіп кеткен, өмір сүрген, рухани асыл қазыналарын жазған, жырлаған, тасқа қашаған, темірге түйген. Бұл жердің әрбір тасы сыр шертеді.

      Мінеки,  тарихтың тереңінен суырылып шыққан бұл оқиғаны, ерлеріміздің ерліктерін ел ешқашанда ұмытпақ емес. Семей» сөзі – көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен»  деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Яғни, Семей,  Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі. Сонымен қатар, Алаш – қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы «қазақ» атауының көне баламасы және бүкіл қазақ халқының ортақ ұраны. Алаш идеясы болса, оның алғашқы ірге тасы – қазақ идеологиясының темірқазығы болып, Алаш қайраткерлерінің қолымен Семейде қағылды, бостандық пен тәуелсіздіктің туы Семейде тігілді. М.Дулатов: «Семей-бір губерния елдің миы, ақыл-ойының табысы »деп әділ баға берген. Содан бері Семей – ұлт саясатының кіндігін кескен бірегей қала болып саналады. Кейіннен, Алаш партиясын құрып, Алаш Орда үкіметін орнатып, жаңа мемлекет құрылысына білек сыбана кіріскен Алаш арыстарының алдыңғы толқыны: Ә.Бөкейханұлы, М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы,Ж.Аймауытұлы, Х.Ғаббасұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы және т.б. ұлт лидерлері шықты. Өз халқының күйінішті тағдырына дерттеніп терең тебіренген, мақтан тұтар ұлттық рухтың айрықша құбылысын әкелген осынау дара тұлғалардың көшбасында Ә.Бөкейханұлы тұрды.

    Айта берсек,Семейдің тарихының сыры тереңде жатыр.

     О, Туған жер! Сұлу табиғатыңнан сенің! Табиғаттың өзі саған сый тартқан-ды. Топырағыңмен тамырласып жатқан Ертіс өзені, сыр тұнған тарихқа толы орманы, тастарды тесіп өтіп тамшылаған суының даусы құлаққа кіріп, бойды алардай Тамшалың, талайдың таңдайын қақтырған Шүйлі мекенің, бәрі де Табиғат-Ананың саған сыйлаған байлықтары.

     Ертіс қандай? Балықтары сенімен ойнағандай. Жағасындағы жұмсақ – сенің топырағың. Сыр сандығың – реликті орманы.. Сенің ғажайыптарыңды айта берсем, таусылмастай көрінеді. Себебі, сенің әлемің – қиял әлеміндегідей, сенің табиғатың – ертегілер елі табиғатындай. Ал қиял әлемінде, ертегілер елінде  ғажайып таусылған ба? Әрине, жоқ. Сенің де әлемің шексіз, әрі сұлу.  Іші тұнған сырлы тарих мұражайларың қандай? Әлі де ашылмаған ғажабың қаншама...

     Туристік бағытты дамыту үшін сұранып тұрған дайын аймақ – Семей қаласы. 300 жылдан аса тарихы бар қала туристер көруге тұрарлық, тарих пен сырға, аңыз бен жырға толы. «Ұлы жібек жолы»өткен қалалардың бірі. Қалаға келген шетелдік қонақтар: «Сіздерде ғой, туризм бизнесіне бейім жер екен»,- деп таңданады. Алдағы жылдары осы мәселе қолға алынса екен деген тілегім бар.

     Мерей-тойың құтты болсын, Туған жер! Тағдырдың сан түрлі тарауынан өтіп, тарихтың сан қырлы бетінен орын алып, мінеки, ғаламат күнге де жеттің. Ғаламат күнің оңынан туды.  Қилы-қилы, тарау-тарау жол торабынан өтіп, қуаныштың әні мен күйі, шаттықтың биі мен сазы естілер, еркіндіктің самал желі есер күнге де жеттің. Сен – ғажапсың! Сен – ғаламатсың! Ұлы тойыңа ұлы сәттілік тілеймін.

                            Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

                            Туған жердің шежіресі еседі.

                            Менің өлкем Семейім – мекенім,

                            Болашағы бізбен бірге өседі.

     Сенің әрбір тасың, әрбір гүлің, өзен-көлің, тауың мен үшін қымбат. Перзентіңнің саған деген махаббаты тіл жеткісіз!

     Мен – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы, «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан»,- деп Абай атамыз айтқандай, кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып,  дәстүріне берік болып, елімнің, туған өлкемнің одан әрі өркендеп-өсуіне  бар күш-жігерімді аямаймын.

     Ол үшін кемел біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгеріп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңіре алған ұрпақ болсақ деп армандаймын. Өйткені, болашақ – жастардікі. Елдің ертеңгі иесі – бүгінгі ұрпақ.

                           Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

                           Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.

                           Жақын жүрсем, мен – төрінде жаннаттың,

                           Алтын діңгек – өзім туған босағам!-

деп жырлаған Қасым Аманжолов ағамыздың өлеңімен аяқтағым келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі