Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эссе

Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім.


Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
Жүсіпбек Аймауытов

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек – деп Әл – Фараби айтқандай Ұстаздық кез – келгенге бұйыра бермейтін киелі мамандық.

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Дүниеде өзіндік қырымен сыры мол түрлі мамандық иесі бар десек, сол мамандықтардың ең бір қасиеттісі – ұстаздық.Бала кезімнен мұғалім болуды, оқушыларға білім беруді қатты армандайтынмын. Менің осы мамандықты таңдауыма түрткі болған біріншіден, санама сәуле берген, жақсы тәрбиені сезіндірген, инабаттылыққа, кішіпейілдікке, жауапкершілікке тәрбиелеген – ата-анам.

Мен үшін мұғалім болу нені білдіреді? Бұл мамандық білімалушыларға бір нәрсені үйретудің мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге олармен

күнделікті қарым-қатынас жасай отырып, үйрете жүріп, үйренуге жол ашатын мамандық. Оқушылар сана деңгейінде өзгереді әрі өседі, ал мен олармен бірге  білім әлемінде өрісімді кеңейтемін. Мен шындығында бүкіл әлемге оқушылардың сөздерімен, ойларымен бір табан жақындап, сонымен қатар олардың көзімен қарап қуаныш сезіміне бөленемін.

Ия, мен үшін «мұғалім» мамандық емес, әлеуметтік лауазым да емес, тіпті жұмыс емес ... Мен үшін мұғалім болу мұғалім болып өмір сүруді білдіреді. Мен өз пәнімді жақсы көремін, мен үшін сабаққа дайындалу қызықты, білім алушыларға физика сияқты керемет ғылым туралы айту одан да қызықты.

Бүгінгі таңда мұғалім өте креативті,  мейірімді, ұқыпты, балаларға мұқият және өз кәсібіне құзыретті болуы керек деп санаймын. Біз өте жақсы психолог болуымыз керек, өйткені қазіргі кезде балалар ересектерден ерекше назар аударуды талап етеді. Меніңше, мұғалімдік мамандық тек шығармашылық адамдарға арналған сияқты. Күннен-күнге қуаныш пен қиын жағдайларды көріп, естіп, бір баланың емес, мыңдаған баланың өміріне қатыса беру кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Үлкен сезімталдық, шыдамдылық, мамандыққа деген адалдық, ерік-жігер мен мінездің беріктігі мұғалімдерге өз алдында тұрған қиын міндеттерін шабытпен атқаруына ең үлкен қозғаушы күш.

Физика сабағын қызықты әрі уақытымды үнемді пайдалану үшін бір сабақтың өзінде түрлі әдістерді өткіземін, мысалы; шаттық шеңбері, 7 керемет, танысу бұрысышы, кемпірқосақ топтары,қар кесегі, жұптық әңгіме ,ыстық орындық,үш қадамдық сұхбат т.б
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтарым оқу процесінде уақытымды үнемдей отырып, білім алушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Білім алушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.

Өмір жолымда мен талай ұлағатты ұстаздардан тәлім алдым. Игі жақсылардан үйренген білім мен іс-тәжірибені жас ұрпаққа үйрету – маған бұйырған аманат.

Ағаш жемісімен, ұстаз шәкіртімен көрікті. Ұстазды мен жүрегі нәзік, жас балғын – балапанын баулап, баптап, шыңдап, шың басындағы ұядан қияға ұшырған қыранға теңер едім. Қияларға самғап кете барған шәкірттерімнің соңынан қуанып қол бұлғап қала беремін.Шәкірттерім бүгінде өз білімдерін ЖОО да грант иегерлері ретінде жалғастыруда. Елбасы әрқашан педагогикалық қауымдастыққа көп үміт артады. Қазіргі таңда бізді толғандыратын тағы бір ой – «Мәңгілік ел» идеясы. Мәңгілік ел болуда саналы тәртіп пен сапалы білімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде менің де ұстаздық міндетімнің үлесі болар деп, тамшыдай болса да өз үлесімді қосып келемін.

Өткен жылдардан кейін бүгін мені мектепке, колледжге әкелген тағдырыма ризамын деп нық сеніммен айта аламын. Мен балалардағы ең жақсы сезімдерді оята алған сәттерім үшін, баланың ең кішкентай жетістігі менің жетістігім болған сәттер үшін, оның қуанышы - менің қуанышым болған кездер үшін ризамын

Ұстаз деген ұлы мамандықтың иесі болып, абыроймен атқарып жүргеніме міне биыл 15 жылдан асып барады.

Бүгінгі таңда мен  мұғалімнің тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі бола алатынын жақсы білемін. Осыған орай сабақ беру барысында қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделін қолданамын. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар кіреді: проблемалық шығарма әдістері; презентациялар пікір таластар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; сын тұрғысынан ойлау әдісі; викториналар; зерттеулер;іскерлік ойындар; рөлдік ойындар; инсерт әдісі т.б.

Білім берудегі интерактивті технология сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтарым оқу процесінде уақытымды үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі.

Өзім жұмыс атқаратын Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлайтын бірегей арнаулы оқу орындарының бірі.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
1167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12