жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім...»
«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім...»
Білікті ұстаз, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны тәжірибе тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан-жақты кәсіп иелері болуымыз керек.
Мен Хусанова Райхан Юльчиевна Shymkent joǵary pedagogikalyq kolledjінде информатика пәнінің оқытушысымын. Оқытушы өте қадірлі маман болғандықтан, осы мамандықты таңдадым. Ұстаз ең алдымен адал, әділетті, мейірімді, ақылды, парасатты, өз бойына бар жақсылықты жинап, бар асылды білім нәрімен білім алушыларға сусындататын ұлы тұлға!
Ғылым мен техниканың жедел дамыған заманында ақыл-ой мүмкіндігін арттырып, адамның білімге, ғылымға деген қабілетін арттыру-қоғамның басты талабы болып отыр. Осы жайттарды жүзеге асыратын адам ол әрине ұстаз. Ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас ұрпақтың қалай болып өсуі, дамуы ұстаздан алған тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Бір сөзбен айтқанда саналы ұрпақтың тағдыры біздің, яғни ұстаздың қолында. Сондықтан ұстаз өз білімін әрдайым жетілдіріп, үздіксіз іздену үстінде болу керек. Ұстаздың алдынан бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі бар жүздеген шәкірт өтетіні белгілі. Әр баланы тұлға етіп қалыптастыру, ұстаздың қаталдығынан емес, әдепті қарым-қатынас арқылы жүзеге асыра білу ұстаздың тапқырлығын, жағдайдан дұрыс шыға білуінен. Заман талабына сай, білім алушыларды жаңа технологияны қолдана отырып, білім беру, оны меңгерту, өз қызығушылығына баулу, тек ұстаздың қолынан келеді. Білім алушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі-өз пәніңді тереңнен игерту, үйрету. Мен алдымдағы білім алушы болашақ маман иелеріне информатика пәнінен сабақ бере отырып, қосымша өз мамандығыма сай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ өтемін. Мысалы информатика сабағында міндетті түрде тесттер, қабілетті ашуға арналған түрлі ойындар, таным процестерін дамытуға арналған жаттығуларды қолдана отырып сабақ өтемін. Сабақ барысында болашақ маман иелері, тәжірибелік жұмыстар арқылы үйреніп алады. Информатика пәнінің ерекшеліктері, білім алушыларды қызықтырады. Өйткені информатика басқа пәндерге қарағанда адамның қызығушылығын арттырады. Ал ол сабақтың таныстырылуының, басталуының өзі керемет әсерде қалдыру керек. Сол үшін мен үнемі ізденіп, ақпараттық кітаптарды оқып, оған қосымша педагогикалық кітаптарды оқып білімімді арттырамын.
Қазіргі таңда COVID-19 жұқпалы ауруына байланысты мектептер, колледждер, университеттер оқу орындары барлығы онлайн форматқа өтті. Мен онлайн форматта оқуды студенттерге үйретіп, өзімде біраз әдіс-тәсілдерді үйрендім. Қазіргі таңда барлық ұстаздар жаңа технологияларды игеріп, алға қойған мақсатқа жетіп, білім алушыларға көмек беріп жатыр. Қиындықтарға қарамай мен онлайн және офлайн сабақтарды жүргізіп, заман талабына сай ұстаз болуға ұмтыламын және әрекет етемін.
Заманауи ұстаз – өмірді жақсы жаққа өзгертуге талпыну, оқушыларға сену, жаңа идеялар үшін көп еңбектену, өз қатесін мойындаудан қорықпау керек. Оқушыларға үйрете отырып өзі де үйренеді. Ұстаз заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын түсіну керек деп ойлаймын. «Ұстаздық мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол, рухани жан дүниесіне үңіле білу, адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады».
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында білім алушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтарым оқу процесінде уақытымды үнемдей отырып, білім алушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Білім алушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз. Бүгін мені колледжге әкелген тағдырыма ризамын – деп анық сеніммен айта аламын. Мен білім алушылардағы ең жақсы сезімдерді оята алған сәттерім үшін, білім алушыларның ең кішкентай жетістігі менің жетістігім болған сәттер үшін, оның қуанышы - менің қуанышым болған кездер үшін ризамын. Бүгінгі таңда мен оқытушының тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар білім алушыларның өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі бола алатынын жақсы білемін. Осыған орай сабақ беру барысында қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделін қолданамын. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар кіреді: проблемалық шығарма әдістері; презентациялар пікір таластар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; сын тұрғысынан ойлау әдісі; викториналар; зерттеулер;іскерлік ойындар; рөлдік ойындар; инсерт әдісі т.б. Білім берудегі интерактивті технология сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтарым оқу процесінде уақытымды үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі.
Әрине әр ұстаз, қоғам және заман талабына сай педагогикалық шеберлігін шындап, үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі таңда ұстаздарға ең қажеттті нәрсе заман талабына лайықты шығармашылығы мол, дарынды, жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеп шығару. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген