Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім

Материал туралы қысқаша түсінік
34 жыл ұстаздық еңбек өтілімдегі жас ұрпақты білім нәрімен сусындату жолындағы тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕНІҢ СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІМ



Куракова Гульнара Жумакуловна

Ә Жангелдин атындағы орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі,зерттеуші-педагог

Атырау қаласы



Аннотация

Мен,Куракова Гульнара Жумакуловна,Атырау қаласындағы Ә Жангелдин атындағы орта мектепте 34 жылдан аса үздіксіз еңбек етіп келемін,осы уақыт аралығындағы іс-тәжірибемді,өмірден алдған сабақтарымды елеп-екшей отырып,осы мақаламда әріптестеріммен бөліскенді жөн көрдім.

Қазіргі ғылым мен техника дамыған жаһандану заманында алдымызда отырған білім алушыларға дәріс беру-үлкен жауапкершілік!

Еңбек өтілімді 1991жылы бастаған мен,2016жылдан бастап енгізілген жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімімді жетілдіріп,жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен,мазмұнымен,мақсаттарымен таныса отырып,сол мақсаттарға критериалды бағалау арқылы жетуді меңгердім.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді және оқу мақсаттары білім алушылардың қарапайымнан күрделіге қарай,бірте-бірте білім,білік пен дағдыларды кеңейтіп,алған білімдерін қайта өмірде пайдалана білуге жетелейді. Бұл мақала әріптестеріме, педагогтарға, жас мамандарға және білім берудің болашағына және білім берудегі жаңашылдық,заманауи үрдістерге қызығушылық танытатын кез келген адамға арналған.


Әр мамандықтың өз ерекшелігі, өз қиыншылығы болатыны белгілі, соның ішінде мұғалім мамандығы ерекше деп ойлаймын.


«Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтың анасы»,-дегендей, өмірдегі барлық адам, барлық мамандық иесі міндетті түрде мұғалім алдынан өтіп, тәлім-тәрбие алатыны хақ, сондықтан да бұл мамандықтың жауапкершілігі өте зор! «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы», - деп бекер айтылмаса керек, өйткені мұғалімнің бойындағы барлық қасиеттері мен танымы, ұстанымдары, алдында отырған шәкірттеріне дариды.

Мен 34 жылғы еңбек жолымда шәкірттерге білім беруде, теорияны функционалдық сауаттылықпен бірге ұштастырғанда ғана нәтиженің жемісті болатынына көзім жетті. Мен өзіме күнделікті сабаққа дайындалу барысында: «Тарих сабағында сыни ойлау арқылы оқушылардың өз пікірін дәлелдеп айтуға қалай үйретемін?» деген проблемалық сұрақты қоя отырып дайындалуды әдетке айналдырдым.

Әр кез «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» - деген Адольф Дистервегтің қанатты сөзін есіме сақтай отырып, оқушыларымның тарихи оқиғаларға талдау жасаған кезде сыни пікірлерін фактілермен, дәлелдермен жеткізулеріне басты көңіл бөлемін. Дәлел ретінде 5 ә сыныбындағы «Тасмола археологиялық мәдениеті» тақырыбындағы өткізген сабағымды мысалға алсам:БЫМ ретінде





Суреттерді көрсете отырып, «Бұл не деп ойлайсыздар?, неліктен көрсетілді?» сұрақтарымен білім алушыларды ойланта отырып, оқушылардың сабақтың тақырыбын,мақсатын өздері табуларына ықпал еттім және зейіндерін өзіме аудардым.Мәтінмен жұмыс жасау үшін сыныпты саналу арқылы 4 топқа бөле отырып,әр топқа кітап бойынша мәтінмен тапсырмалар берілді,онда мұртты обалардың ерекшеліктері мен зерттелу тарихы қамтылды және «ақпараттық органайзер» әдісі негізінде 5 мин уақыт белгіледім және өзара топта талдау үшін қосымша 3 минут уақыт берілді.Одан кейін топтар қайтадан саналу арқылы 3 топқа бөлініп,әр оқушы алғашқы топта алған білімдерін жаңа топқа түсіндіру жауапкершілігін алды.Бұл қолданған «Мазайка» әдісімнің ерекшелігі неде:біріншіден; сынып түгел қамтылады,бос отырған оқушы болмайды,екіншіден; әр білім алушының жауапкершілігі артады,үшіншіден; білім алушылар бірін-бірі оқытады.

1-тапсырма жеке жұмыс ретінде берілді, «Керекті сөздер» тапсырмасында мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою тапсырмасын бердім:

1.Тасмола мәдениет......аймағында орналасқан.

2.Тасмола обаларын.........атайды ВЭН

3.Мұртты обалар..........бөлмелерден тұрған

4.Қайтыс болған адамның үстіне.........,ал жылқы көмілген жерге.......тұрғызылған.

2-тапсырмаға «ВЭН диаграммасы» жұптық жұмысы ретінде Берел қорымы мен Тасмола мәдениетінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табуға бердім:

Берел қорымы

Ұқсастықтары

Тасмола мәдениеті




3-тапсырмаға «Неліктен?» стратегиясы арқылы ашық сұрақ қою отырып, сыныптағы оқушылардың сыни ойлауларын қалыптастыруға,өз ойларын дәлелмен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағыттадым.Қойылған сұрақ: «Неліктен темір дәуірінің обалары маңызды жаңалық болып табылады?» «Неліктен «мұртты обалар» мәдени мұраның қатарына жатады?»

4-тапсырмаға «Мұртты обалардың» сызбасына назар аударып,олардың ерекшеліктерін түсіндіру тапсырмасы топтық жұмыс ретінде берілді:

А


Б


В


Г





Әрбір тапсырмаға дискрипторлар беріліп,әр тапсырма сайын әр жауап берген білім алушыларға кері байланыс пен уәждеу(бәрекелді,жарайсың,тамаша т.б.) беріліп отырды.

Кері байланыс «Бас бармақ» әдісімен алынды және бағалау ауызша жеке берілді.


Мен үнемі оқушыларымның тарихи оқиғаларға талдау жасаған кезде сыни пікірлерін фактілермен,дәлелдермен жеткізулеріне басты көңіл бөлемін және шәкірттерімнің болашақта білімді, парасатты, өз ойларын еркін дәлелмен айта білетін, өздеріне сенімді ұлтжанды болғанын қалаймын!

Бұл менің ең басты мақсатым болып табылады!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі