Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің сүйікті ойыншығым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТІ
3 сынып жетекшісінің
Лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1.1Бұл лауазымдық нұсқау ҚР нормативті заңы мен мектеп жарғысының негізінде өңделген.
1.2 Білім беру ұйымының сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңдарын, Бала құқықтары туралы Конвенция, Адам құқықтары туралы Декларация және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жұмысына қатысы бар барлық басқару ұйымдарының жарлықтарын, техника қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, өрт ережелерін және мектепішілік еңбек тәртібін,барлық басқару ұйымдарының жарлықтарын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.
1.3 Білім беру ұйымының қызметкерін сынып жетекшілік қызметке білім беру ұйымының басшысы тағайындайды және босатады.
1.4 Білім беру ұйымының сынып жетекшісі білім беру ұйымының басшысына және оның орынбасарларына бағынады.
2. Қызметі
2.1 Сынып жетекшінің қызметін ұйымдастыру
2.2 Бәсекеге қабілетті дарынды оқушылардың құзіреттілігін қалыптастырушы,шығармашылық әулеттерін дамытушы орта құру.
2.3 Сынып ұжымының оқу ісін,сыныптан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру.
2.4 Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну, әлеуметтік тұрғыдан қорғау.
2.5 Ата аналармен жұмысты ұйымдастыру.
3. Лауазымдық міндеттері
3.1 1 ауысым сынып жетекшілері оқушыларды таңертеңгі сағат 7.45 қарсы алу
3.2 Оқушылардың мектеп формасын сақтау,екінші аяқ киімін кию тәртібін қадағалау.
3.3 Оқу құралдарын тексеру жұмыстарын ұйымдастыру
3.4 Оқушылардың ата- анасымен тығыз байланыс орнату.
3.5 Оқушылардың асханаға баруын қадағалау.
3.7 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және оқушылардың толық қатысуын ұйымдастыру.
3.8 Сынып бөлмесін көгалдандыру және әдістемелік оқулық, әдебиеттерімен жабдықтау.
3.9 Сынып бөлмесіндегі мектеп мүлкін сақтау, сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
3.11 Пән мұғалімдерінің сабақты уақытылы бастап, уақытылы аяқтауын қатаң тәртіпте ұстану
3.13 Сабақ уақытында бөге адамдармен \ата-ана, мұғалім\ сұқбаттасуды тоқтату
3.14 Оқушылардың қоңырау кезіндегі тәртібі /жүріс –тұрысы, өзін-өзі ұстауы, асханадағы тәртібі /туралы ережелермен таныстырып, қадағалау.
3.15 Сыныпқа байланысты барлық құжаттар \оқушылардың жеке іс-құжаты, табель,\ уақытылы тексеріп, оқу ісінің орынбасарына өткізілсін.
3.16 Оқушылардың ақыл-ой қызметін ұйымдастыру үшін, психологпен бірлісіп жұмыс атқару
3.17 Оқушылардың сабақтан соң үйге қайтуын ұйымдастыру.
4. Сынып жетекші білуге тиіс:
4.1 Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Бала құқықтары туралы» Конвенция, «Адам құқықтары туралы» Декларация, педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамаларын, еңбек қорғау нормасы мен ережесін, әдістемелік – бағдарламалық құжаттарды, оқыту әдістемесін, мектеп гигиенасын, физиологиялық, әлеуметтану негіздерін, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс ережесін, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін білуге міндетті.
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру
Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі
қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі– бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын
жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт
алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе-үлкен қателік
жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс
емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді,
тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды
мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын
саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Сынып
жетекшінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: білім алушы тұлғасының
өзін-өзі дамыту мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай
жасау.Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде
айқындау,қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық
жағдайлар жасау. Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі
өте жоғары екендігін ескере отырып төмендегі сынып жетекші
қызметіне қажетті мақсат−міндет ережелерін ұсынамын. Сынып
жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:
• Білім алушы тұлғасының Өзін- өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуі
үшін жағдай жасау.
• Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау,
қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық педагогикалық
жағдайлар жасау
• Әр түрлі шығармашылық тұлғадағы қоғамдық іс -әрекетке икемді
тұлғаның өзін -өзі анықтауы және өзін іс- жүзінде көрсете
білуі
• Өзара бірлескен қарым -қатынас кезінде тәрбиеленушілердің
әлеуметтік құнды қарым -қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін
сәйкестендіру
Сынып жетекшісі қызметінің
міндеттері :
• Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту
• Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі
қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық
жағдай тудыру
• Оқушылардың шығармашылық Іс- әрекетін
қалыптастыру
• Сыныптағы жүйелік Жұмысты ұйымдастыру
• Білім алушылардың бойында адамгершілік құндыықтар мен рухани
бағдарларды қалыптастыру
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру
• Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін
қорғау
Сынып жетекшісінің негізгі
қызметіне мыналар жатады :
• Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
• Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру
• Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін
ұйымдастыру
• Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну
• Оқушыларды әлеуметтік қорғау
• Ата- аналармен жұмыс
Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері:
Журналды
жүргізуге;
Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай- күйін бақылап отырады;
Сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен
жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
Оқушылардың ақыл -ой қызметін ұйымдастыруда психологты
шақырады;
Оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
Әлеуметтік жағдайын зерттеп есепке алады;
Оқушыладың денсаулығын нығайту үшін спорт шараларына тартады;
Ата- аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
Қабілетті балалардың ой- өрісінің өсуіне жағдай
жасау:
Сынып жетекшісі нені білуі
тиіс:
Қазақстан Республикасының “Білім туралы”заңын;
Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
Балалардың жас ерекшелігіне қатысты педагогиканы, психологияны,
валеологияны, мектеп гигиенасын, әлеуметтік педагогиканы;
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;
Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс:
Оқу жылының басындағы міндеті:
Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;
Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын
ұйымдастыру;
Жылдық тәрбие жоспарын жасап, тәрбие орынбасарына
тапсырады:
Күн сайынғы
міндеті:
• Сынып журналына сабақта жоқ оқушыларды белгілейді
• Сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге
асырады
• Оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі
болуын бақылап отырады
• Сыныптың өзін- өзі органдарына және сыныптағы мектептік өзін- өзі
басқару органдарының өкілдеріне педагогикалық көмек
көрсетеді
Апта сайынғы
міндеті
Оқушылардың күнделіктерін тексереді;
Пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап отырады;
Сынып сағатын және жарты сағаттық шаралардан ақпарат беру, өзара
байланыста болу үшін өткізіп тұрады;
Мектеп ішіндегі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын
бақылап отырады;
Ай сайынғы
міндеті:
• сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастырады;
• жол жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы мен тіршілік
қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды
өткізеді;
• Кабинетке және сыныпқа бекітіліп берген аумаққа тазалық жұмысын
жүргізеді;
• Мектептегі кештер және басқа іс -шаралар кезінде кезекшілік
етеді;( кестеге сәйкес)
• Өз сыныбындағы педагогикалық қамқорлықты талап ететін оқушыларды
үйірмелерге, секцияларға басқа бірлестіктерге қатысуын
бақылайды:
Тоқсан бойындағы
міндеті:
Оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері
ұсынымдарын орындалуын ұйымдастыру;
Сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады;
Мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отырады;
Ата -аналар жиналысын өткізеді;
Сынып жетекшілердің семинарларына,өзге де сынып жетекшінің іс
-шараларына қатысады;
Сынып оқушыларының мектеп ережесін орындауын
қадағалайды:
Демалыс уақытындағы
міндеті
Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің демалыс кезіндегі
жұмыстарына қатысады;
Өзін -өзі басқару органдарымен, қоғамдық
бірлестіктермен,оқушылар
белсенділерімен,
ата -аналарымен бірлесіп өз сыныбында демалыс
кезінде іс- шаралар ұйымдастырады:
Оқу жылының аяғындағы
міндеті:
Сынып белсенділерімен бірге оқу жылындағы сынып қорытындысын
шығару; Сыныптағы оқу- тәрбие қорытындысын, талдау жасап,
директордың тәрбие ісі орынбасарына есеп тапсырады; Мектеп берген
оқулықтарды кітапханаға тапсыртады; Сынып ішін жөндеу жұмысын
ұйымдастырады; Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр
ұстаз өз шеберлігін оқу– тәрбие үрдісінде жаңа педагоикалық
технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге
тиіс. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені
қабылдауға солай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық
мұраны бүгінгі оқу– тәрбие үрдісіне ендіру аса маңызды. “Ел боламын
десең, бесігіңді түзе”- деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов
айтқандай, ел болашағы- жасөспірімдердің саналы да өнегелі
тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге
асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.
Лауазымдық нұсқаулығы таныстым Алтынбекова Н
Мектеп директоры м.у.а М.Ж.Алипов
1.09.2022жыл