жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің сүйікті ұстазым
«Логос» РҒББ орталығының директоры Н.Т.Исламға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 35топ студенті Тоқтарханова Аружаннан
Республикалық
«Менің сүйікті ұстазым»
атты эссе байқауына қатысуға
СҰРАНЫС
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Жасы, сыныбы |
Облысы, қаласы, ауданы, оқу орны аты |
Жұмыс атауы |
Жетекшісінің ата-жөні,жұмыс орны, лауазымы, еңбек өтілімі |
Жетекшісінің байланыс телефоны, мектеп және жеке электрондық поштасы |
|
1 |
Тоқтарханова Аружан Серікболқызы |
Жасы:17 Топ: 35 |
ШҚО о., Семей қ., «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» |
«Менің сүйікті ұстазым» |
Мукышева Салима Алпысовна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, «педагогика және психология» пән бірлестігінің оқытушысы, 22жыл |
Телефон номер: 87471163534 Эл.пошта: |
Менің сүйікті ұстазым
I.Кіріспе: Ұстаз – ұлы тұлға
II.Негізгі бөлім: Менің ұстазым
III. Қорытынды: Ұстаз – өшпес бейне
«Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртің әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де, шәкәрттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.»
Л.Н.Толстой
I.Ұстаз – жас ұрпаққа тәрбие нәрің сіңдіріп, өнеге беретін адам. Кез келген ұлы адам, ұлы адам болу үшін ұстаз алдынан өтеді. Кез келген маман иесі, білікті маман болмай тұрып ұстаз алдынан өтеді. Өмірімізде ерекше орны бар ұстаздарымыз қаншама... Мысалы, әр пәнді айтсақ, сол пән мұғалімін еске аламыз. Балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орны болсын, тіпті өмірімізде де жанымызда жүрген ұзтаздарымыз көп. Баланың тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Ең бірінші тәрбиені ата-анадан аламыз десек, екінші,өмірлік білім, тәжірбиеде ұстаздарымыздың орны айрықша байқалады. Әртүрлі-әрқилы баланы бір үйдің баласындай тәрбиелеу көптің қолынын келе бермейді. Бірақ, тек нағыз ұстаз өзінің сыныбын алға жетелеп, бәріне көніл бөліп, ұстаздықпен бірге жетекшілікті де алып жүреді деп ойлаймын. Ұстаздың алдынан өткен шәкірттер ұстаздарға арнап өлең жолдарын арнаған кездер қаншама. Бір ұстаздың балаға берген мейірімінен, тіпті керемет өлеңдер өмірге келеді десем қате айтпаймын. Осы кезде ұлы ақын - Жұмекен Нәжімеденов атамыздың «Ұстаз» атты өлеңін мысал ретінде алуыма болады:
«Ұстаз»
Мұз жамылып жатпасын деп қыста мен – жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең. Бір ғажайып құзар-шыңды нұсқап ең, Өзіміздің Алатаудай биік ол...
Сен бір үлкен өзен едің мол сулы, толқыныңның жалы жатыр Ай қазып, Мен – жас бұлақ, үйретіп ең толқуды, келем әлі белгісіздеу сайда ағып.
Шомылып мөлдір өзенге, сергіп те қап ем оянып, жауапты бір кезеңге, Келіп те қаппын таянып.
Ғажайып қырлар гүлденген, қызылды-жасыл боялып. Бояуы кеппеген күндерден, Қуанып қалдым ой алып.
Болмайтын сынды тоқталсам, жетпейді ақыл-қиялым: Күдірем нені – от болсам, Су болсам қайда құямын?
Уақыт қуып барады – асығып келем, асығып. Сырыңдай мына даланың ашылып келем, ашылып.
Ұстаз – бір уақытта ананың, мұғалімнің, тәрбиелеушінің, достың және тамаша тұлғаның рөлінде жүреді. Осы мамандықтағы әр адам, жасы да, кәрісі де жауапкершілікті мойынына алып, еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға білім беруде.
II.Менің сүйікті ұстазым өзіме алғашқылардың бірі болып, білім жолына салған адам. Ол кісі менің мектептегі алғашқы ұстазым Гүлсім Амангелдіқызы. 1-ші сыныпқа барып, үйге қайтқым келіп, қорқып отырғаным әлі есімде. Сол кезде маған «мектеп» сөзіне ең алғаш түсінік беріп, бұл жерде білім алатынымды, жаңа достар табатынымды түсіндіріп, еркелеткен адам. Міне, қазіргі таңда мен «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» 3 курс студентімін. Иә, болашақ ұстазбын. Мамандығымның қыр-сырың меңгеру барысында көптеген тәжірбиелі, білімді педагог-ұстаздар тынбай жұмыс жасауда. Ал менің алға қойған мақсатым: оқуымды жақсы аяқтап, маған сенім артқан адамдардың үмітін ақтау. Оқуға мүмкіндік берген ата-анама алғысымды өмірден өз орнымды тауып, оларға көмектесіп қайтару. Ұстаздарымның маған артқан сеніміне кірбің түспейтіңдей жұмыс жасау.
Ата-ананың қадірін, ата-ана болғанда білесін дейді, ал ұстаздың жай-күйің ұстаз болғанда ғана білетін шығарсың. Ұстаздың міңдеті тек сабағын түсіндіріп кете салу емес, ол баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеп, әр балаға көңіл бөлуі тиіс. Сыртынан қараса оңай-ақ, бірақ нағыз қызығың да, қиындығың да тек ұстаз болып көрген адам біледі. Әрине, ұстаз деген қатыпқалған ұғым емес, әр адамның “ұстазым” деп санайтың адамы бар.
Біреуі, ұстаз – ол саған бар махаббатың берген әжең;
Екіншісі, ұстаз – барды бағалайтың анаң;
Үшіншісі, ұстаз – өмірде таңып-білгені бар адам деп айтуы мүмкін. Мен бұл түсініктің бәрімен келісем, бірақ алғашқы, қолына қалам ұстатқызып, бар жақсылыққа тәрбиелеген ұстазың бәрінен ыстық.
Гүлсім Амангелдіқызы, өмірге деген өзіңдік көзқарасымды қалыптастыруға көмектесті, алғаш рет өз ойымды білдіріп, сол айтқан сөздерімді бөлмей тыңдаған, өмірде тек жақсы жақтан көрініндер деп өз тілегін білдірген адам. Мақтаса - мақтайтыңдай, үлгі тұтсаң – үлгі тұтар қасиеттері жеткілікті тұлға. Осы күні де, мұғаліміммен сөйлесіп, ақыл сұрайтың кездерім болады. Ешбір ойланбай, өзінің маған деген ақылың айтып, тура жолға салушы. Бала кезімізде сыныбымның қыздарымен мұғалімнің алдына келіп, бізде сіз сияқты мұғалім боламыз деп айтатың едік. Қазір сол айтқан сөзімде тұрдым деп ойлаймын. Бастысы өз ісіне деген сенімділік және өзіннің жақын адамдарынын саған деген сенімділі шығар. Әр кездің өз адамы болады, әр адамның жұлдызы жарық болып жанады, әрине ол үшін жан-жақты атсалыса білсең.
Мен ұстаз мәртебесің алып, тәрбиеленушілеріме білгенімді үйрете бастаған кезде, ата-аналар мен балалардың маған деген көзқарастарының дәл біздің ата-аналарымыздың Гүлсім мұғалімге деген көзқарасындай болғаның қалар едім.
III. Менің ойымша әр адамның бойында басым қасиеттері бар, тек сол қасиеттерің уақытында байқап, жетілдіру керек. Менің ұстазға тәң қасиетім - балаға деген сүйіспеншілік деп білем. Әр ата-ана мектепке баласын алып келгенде мұғалімге сеніп, баласының білім алатынына сеніп келеді ғой. Сондықтан, ұстаз алдымен өзінің алдында, ата-ананың және баланың алдындағы абырой, міндетін ұмыт қалдырмауы тиіс.
Менің өмірімде өшпес бейнесі бар ұстаздың болғанына қатты қуанамын. Сол өшпес бейненің “ұстаз” атты ұлы тұлға болғаны да көңілге жылулық ұялатады. Бастысы мамандық емес, бастысы сол маманды тәрбиелеген ұстаздың өмірдегі үлесі. Ұстаз – өшпес бейне.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген