жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің шығармашылық жұмысым
Шығармашылық жұмыс
Зырян қаласы, "Қарлығаш" балабақшасы
Бадисолтанова Сая
Нуксиевна
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» негізгі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Оқу жылының басында мақсат-міндеттер айқындалып, «Зерек бала» бағдарламасы басшылыққа алынып, оқу жоспарында білім саласының мазмұнын меңгеруге бөлінген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары базалық оқу жоспарында белгіленген ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің санымен сәйкестендірілді.
№2 ортаңғы «Балапан» тобының жұмысы нормативті – құқықтық құжаттар негізінде жүргізіледі:
-
ҚР Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты;
-
«Зерек бала» бағдарламасы;
-
«Бала құқығы туралы Конвенция»;
-
Әдістемелік кітаптар.
Балабақшаның негізгі
міндеттері:
1. Балалардың денсаулығын қорғау;
2. Балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді
қамтамасыз ету;
3. Әр баланың жас ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың ақыл- ой,
адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық
қабілеттерін дамыту.
4. Балаларды күтуді, қарауды
ұйымдастыру.
Топта барлығы 23 бала тәрбиеленуде. Балалардың жастары әр-түрлі болғандықтан, олармен бірнеше топта жұмыс істеуді ұйымдастыру керек.
Балабақша бөлмесі - Мемлекеттік стандартқа сәйкес жиһаздармен, ойыншықтармен, бұйымдармен жабдықталған. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған. Сабақ оқыту, 3 мезгіл тамақтандыру, қыдыру, ойнату – балалардың жақсы дамуына әсер етеді.
Топтарда табиғат бұрышы, көркемдік - эстетикалық, сюжетті рөлдік ойындар, ойлау, сөйлеу орталықтары безендірілген.
Тәрбиеленушілерге топта жайлы
жағдай жасалынған. Сабақты ұйымдастыру жұмыстарында «Зерек бала»
бағдарламасына басшылық етемін. Оқу жылының басында топтың жылдық
жұмыс жоспары құрылды.
Оқыту процесінде тәрбиешілер балаларды еңбекте адал қарым
-қатынасын, еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін
түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелейміз.
Әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан
ажырта білуді, музыкаға, өнерге ынтасын үнемі жетілдіруге
талпынысын, құштарлығын арттырып, табиғатты сүюге тәрбиелеп
отырамын. Денсаулығы мықты және дене құрлысы жақсы дамыған, дене
шынықтырумен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу басты міндетім.
Табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам
өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау,
қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелейді. Отанға деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Мен төмендегі көрсетілген
міндеттер бойынша жұмыс істейді:
1. Баланың денсаулығы мен психологиялық
жағдайын жасау.
2. Танымдық қабілетін дамыту.
3. Шығармашылық қабілетін дамыту.
4. Шығармашылық қиялын дамыту.
5. Коммуникативті дағдыларын
дамыту.
Оқу жылының басында топтың жылдық жұмыс жоспары құрылды. Балабақшада өтетін сайыстарға топпен қатысып отырамыз. Сайыс нәтижелері орта және жақсы деңгейде бағаланды.
Балалардың тілдерін дамытуға байланысты қызықты қысқа тақпақтар, ұйқасты өлеңдер, жұмбақтар жатталады. Есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған балалар тез жаттайды.
Топта мерекелерге байланысты түрлі ертеңгіліктер «Алтын күз», «Менің Отаным – Қазақстан», «Жаңа Жыл», «Ана – өмір гүлі», «Наурыз – жыл басы», «Біз бақытты балдырған» атты мерекелер өткізіліп тұрады. Әрбір ертеңгілікте балаларды әдемілікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, жинақылыққа үйрету жұмыстары жүреді.
Мектепке дейінгі балалардың
танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық -
педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру механизмі. Бұл механизм теория негізінде бірізділікте
құрылған және сатылап жүзеге асады:
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық
көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық
(ертегіге деген )
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке
дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы
мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты
өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер
құндылық көзқарасын бағдарлайды.
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын
қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін
педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық,
интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және
нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиеші ертегі мазмұнын қай сабақпен
байланыстырмасын оны саналы оймен түсіне білуге баулу қажет. Балада
саналы ой түсінігі болу үшін оның белгілі бір деңгейде ертегілердің
кейбір түрлерін білуі тиіс. Ертегіні саналы түсіну үшін:
- ертегілердің балалардың жас шамасына сай түсіндірілуі керек;
- ертегілерді қолдану барысында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана
білу керек;
Қызығушылық - танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Балалардың
танымдық қызығушылықтың көмегімен оқып үйрену барысында қабілеті
ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенім артады, дара
тұлғалық сипаттарға ие бола
бастайды.
Балалармен «Ертегілер елінде» деген тақырыпта қойылымдар қойылды. Мысалы, «Шалқан», «Бауырсақ», «Мысық пен тышқан» ертегілерін сахналағанда қызығушылықпен қатысатындарын айтуға болады. Қуыршақ театры мен саусақ театрын қолданып ертегілерді түсіндіремін. Ол кезде балалардың қызығушылығы тіптен арта түседі. Ондай көрнекілектерді өздері де қолданып ертегіні сахналайды. Бос уақытта балаларға өз еркімен ойнауға уақыт бөлген кезде рөлді өзара бөлісіп, емін- еркін ойнайтындарына көз жеткіздім.
Педагогикалық процесте ата-аналармен тығыз байланыста болу керек. Ата-аналармен жұмыс бойынша жоспарлар құрылған, ата-аналар жиналысы өткізіледі. Оқу жылының соңында ата-аналарына жиналыс өткізу жоспарлануда.
«Балабақша – мейірімділік пен сүйіспеншілік ордасы» тақырыбында ата – аналармен іс-шара ұйымдастырылды. Ата-аналармен түрлі ситуациялардан дұрыс шығу жолдары қарастырылып, пікірталастар туындады. Кездесу соңында жағдайды дұрыс шешу жолдарына байланысты кеңестер берілді.
Қазақстанның болашақ азаматтары күшті, мықты болып өсу керек. Тәрбиеленушілермен күнде таңертеңгілік дене шынықтыратын жаттығулар, шаттық шеңберлерін, түрлі ойындар өткіземін. Күн сайынғы таңертеңгілік жаттығулар, ойындар балалардың денсаулықтарын күшейтеді, шынықтырады, тілдерін, сөйлеулерін шыңдайды және есте сақтау қабілеттерін арттырады.
Мектепке дейінгі жастағылар үшін жетекші - ойын қызметі болып табылады. Балалар ойын ойнаған кезде (тәрбиешілердің басшылығымен) білімдерін бекітеді.
Бөлмеде түрлі сюжетті – рөлді ойындарға арналған бұрыштар бар. Онда ойынға қажетті құралдармен жабдықталып отыр. Оқу процесін жетілдіруге арналған бұрыштар да ойластырылып қойылған. Баланың еркін ойнауына, балалармен қарым – қатынас жасауына жағдай жасалған. Әсіресе «Дүкен», «Аурухана», «Шаштараз», «Құрылысшы» ойындарын аса қызығушылықпен ойнайды. Ондай ойындарды ойнатудың басты мақсаты – балалар бір – бірімен дұрыс қарым – қатынас құру, дос бола білу, топтасып ойнауға дағдылану. Және де қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді.
Жазғы демалыс кезінде де балалардың күнді дұрыс өткізуіне байланысты күн тәртібі мен демалыс жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Балабақша басшылығымен құрылған сабақ кестесі де күнделікті өтеді. Жазғы сауықтыру кезеңіне мерекелік іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіліп отырылады. Онда балалар күн, су терапиясын алады. Жалаң аяқ жүреді. Табиғатқа бақылаулар жасайды. Саяхатқа шығады.
«Қатынас» саласы бойынша ертегілердің атауын, ондағы кейіпкерлердің
қасиетін ажыратып, рөлдерге кіріп ойнай білуді қазіргі заман
талабына сай өткізуге тырысамын. Осы топта өткізілген іс-шаралар
арқылы балалар өлең-тақпақтарды тез жаттауға, жаңылтпаштарды,
мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды шешуге
үйренді.
«Таным» білім беру саласы
бойынша балалар негізгі түстерді, геометриялық пішіндерді ажыратып,
салыстыра алады. 1-5-ке дейін санап және кері санауды игерді.
Математика сабағындағы балалардың бойына қалыптастырудағы танымдық
қызығушылық - оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады.
Қазіргі тәрбиелеп оқыту – ең көкейкесті проблемаларды, танымдық
қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үрдісін белсенді түрде
өткізу жолдары балалардың математика сабағына деген қызығушылығын,
сол арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді. Танымдық
қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтардың да
назарынан тыс қалмаған. Әл-Фараби: «Баланың рухани негізі түзу
болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқып - үйрену нәтижесі
шәкірттің ниетіне әсер етеді, көңіл қалауы болмақ» - деген
екен.
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Күнделікті күн тәртібі сақталды, күн тәртібінде шынықтыру шаралары үзбей ұйымдастырылып отырды.
«Шығармашылық» білім саласы бойынша түстерді ажыратып, кеңістікті бағдарлап, ермексазбен, раскраскамен жұмыс жасай алды. Қылқалам, қарындашты дұрыс ұстап, қолдануды үйренді.
«Әлеуметтік орта» саласында қоршаған ортаны танып білді. Табиғатта болатын өзгерістерді, жыл мезгілдерін ажыратып, жыл мезгіліндегі құбылыстарды айқындай алатын болды.
Балалардың білімінің кеңейуіне ең бірінші ықпал ететін орта ол өз отбасы және балабақша. Балабақшадағы тәрбиеші – баланың айнасы. Көп бала өз тәрбиешісін мақтан етіп, қызығушылықпен қарайды. Менің де негізгі мақсат – міндетім әр баланың жүрегіне жол табу еді. Мен сол мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Өйткені олар мені көрген кезде қуанышпен қарсы алады. Біраз күн көрмесе сағынып келеді. Балалардың өз аузынан осыны есту – ол бір бақыт.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген