Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сыныбым - менің ұжымым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестер, ұстаздар тәжірибе алмасу мақсатында пайдаланауларыңызға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым-менің ұжымым!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд
Жоспары:
І. Кіріспе
Білім керек бәріне
ІІ. Оқушы анты
Оқушы ережесі
Оқушының сабақтағы міндеттері
ІІІ. Көрініс «Кім кінәлі»
ІV. Озық ойлы оқушы
V. Қорытынды

Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі
Оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ме
нің сыныбым»яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу.
Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер.
. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ
Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерін бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларын керек.

ІІ Білім керек бәріне
Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы —
- Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.

1-оқушы
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз
Мектеп анам бүгінде
Мектеп алтын босағам
Мектеп берген біліммен
Марқаяды Жас ұлан

2-оқушы
Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Осы мақал мәнісі
Қалай деп інім сұрады
Болғың келсе білімді
Кітаппен достас мәңгілік
Жадында білім жаңғырып
Оятар сана сезімді
Танырсың жатты өзіңді
Ашарсың сөйтіп көзіңді

3-оқушы
Алақай - ау, Алақай!
Алақай - ау, Алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді
Бардым мен мектепке
Оқушымын ен енді!

4-оқушы
Корабльді басқарып, Көк жүзінде самғасам.
Тауды бұзып тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Табындырар бар елді,
Ғажап елдер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі ойлап таба алсам.

ІІІ Оқушы анты
Мен Қазақстан азаматы, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.
Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын..
Елімнің туын, Әнұранын ана тілін келешекке жолдама беретін Алтын ұя мектебімізді сыйлап, қастерлеймін, деп - ант етемін.





Оқушы ережесі
1. Ай күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру.
2. Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «Ассалаумағалейкум»деп қос қолды беріп сәлемдесу. Қыздар сәл еңкейіп, «Сәлеметсіз бе?»- деу)
3. Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу, бәсең тіл қату. Әкеңді, шешеңді - деп балағаттау дөрекілік екенін есте сақтау
4. Қыздар шашты өсіру кеспеу. Қыз ернін, бетін, көзін боямау
5. Үлкеннің жолын кеспеу.
6. Үлкеннің атын атамау.
7. Үлкенге үнемі «сіз»- деп сөйлеу.
8. 8 - сыныпқа дейін ер балалар үнемі шашты қырғызып алғызу.
9. Өзіне көрсетілген қызметке ілтипатпен, рақмет айтуды ұмытпау.
10.Ажырасар, қоштасар сәтте «сау болыңыз, кездесер күн жақын болсын»- деп, адал тілек, ақ ниет білдіру.
11.Қыздар үшін ұл балаларды «ит - шошқа, иттің баласы»деп балағаттамау.
12.Ұрлық жасама, өсек, өтірік айтпай, ондайлар ұлттық намысы қорлаған болып шығады.

Оқушының сабақтағы міндеттері
1. Оқушы мектепке сол күні болатын пәндер бойынша оқулығын, дәптерін, құрал - жабдықтарын әкелуі тиіс.
2. Ол сабаққа мұғалімнен бұрын кіріп, сабаққа әзірленуі тиіс және сыныптан мұғалімнен кейін шығады.
3.Мұғалім сыныпқа кіргенде, шыққанда орнынан тұрып ілтипат көрсетеді.
4. Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, кедергі келтірмеу керек.
5. Мұғалім сұрағына толық мазмұнды жауап беру керек.
6. Жауап беру кезінде орнына тұрып, партадан шығып тұрады.
7. Мұғалімге бағасын қою үшін күнделігін апарады.
8. Сабақ барысында сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда мұғалімнен рұқсат сұрайды.
9. Әрбір оқушы кезекшілік жұмысын, яғни сабаққа бор, тақта сүрткіш әзірлейді.
10. Әрбір оқушы өзінің отырған орнын таза ұстауға міндеті болып табылады.
11. Сыныпта, залда жүргенде айқайлама, жүгірмей, залдың сол жағымен жүргізу керек.
12.Сыныптағы, залдағы көрнекіліктерді, аталарымыздың суреттерін бүлдірмеуіміз керек.

Көрініс «Кім кінәлі»




Озық ойлы оқушы
1. Тұңғыш әліппе оқулығын кім жазды?
2. «Бай болсаң халқына пайдаң тисін»- деп бата берген кім?
3. Бір жанұядағы ағайынды екі жігіттің әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар?
4. Мұз айдынында 12 бала сырғанап жүр еді. Екі ұл үйіне кетті де, бес қыз келді. Енді неше бала сырғанап жүр?
5. 1жыл неше ай бар?
1апта неше күн бар
1дм неше сантиметр бар?
6. Мәтін дегеніміз не? Неше түрі бар?
7. Сөйлем дегеніміз не?
8. Адамға керек 5 қажеттілікті ата.
9. Ауа қай жерлерде тұрады?

«Қара жорға» биі
Шығармашылық жұмыс
Білім алуға көмегін тигізген ата - анаңа, ұстаздарыңа сыныптастарыңа қандай тілек айтар едіңдер? Бір - бір тілек.

Қорытынды
Оқушылар ХХІ – ғасыр – білім ғасыры
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өткенімізді түсінетін, болашағымызды сеніммен қарайтын азамат болып өсіңдер.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды Жүсіп Баласағұнның «Құтты білегінен»үзінді оқып аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз – шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2019
1787
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12