Материалдар / МЕНІҢ СЫНЫБЫМ ЕРЕКШЕ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

МЕНІҢ СЫНЫБЫМ ЕРЕКШЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЦЕНАРИ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
198
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

«Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынының сценариі

жүргізуші : Армысыздар ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар, оқушылар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі 
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты  ұйымдастырылып отырған соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер.

жүргізуші Бүгінгі күн әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп өміріндегі соңғы салтанаты.Тағы тір қиын жылды артқа қалдырып,болашаққа қадам басқалы отырмыз.. Бүгінгі мектеп бітіруші жас түлектеріміздің алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деп салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші:  Мақтааралымның алтын аймағында,
Берекелі
Қалшораев ауылында,
Мектеп бар ауылымыздың жүрегіндей,
Арналған алғыр, зерек баласына
Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

жүргізуші : Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің
50 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

жүргізуші :

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға!

Қарсы алыңыздар, «
Қ.Әбдалиев атындағы №54 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, 11 А-сынып түлектерінің жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі  Сегізбаева Малика Шерханқызы, Бастауыш сынып мұғалімі Берниязова Гүлзинат Әбдіхалыққызы

Жүргізуші:11 Ә-сынып түлектерінің жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі  Илимова Маржан Сраилқызы, Бастауыш сынып мұғалімі Маханова Алия Абдуллақызы,


Жүргізуші:11 Б-сынып түлектерінің жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдиханова Жайна Тәжібайқызы , Бастауыш сынып мұғалімі Құралова Дәмелі Серғазықызы,



жүргізуші:

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры 
Сейсенбаев Датқабек Шотанұлы беріледі.
Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқу үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 
Қамбарова Бақытгүл Сәбитқызы,----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- беріледі.

жүргізуші:



Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана

Шығыңдар 
білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте.

Ән шашу :


Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: 
құттықтау сөз кезегі беріледі.

жүргізуші:

Ән шашу :

Мектепке келгелі достармен, Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен, Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз, Тақтада ілулі картамыз.
11 жыл білімге үйреткен, Ұстазға мың алғыс айтамыз –
дей келе, балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі  

11-сынып оқушыларының құттықтаулары айтылады.

жүргізуші:

Ән шашу :



Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің 
ата-аналары атынан ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------  беріледі.

Ән шашу :


Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттер
дің арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі  10- сынып оқушыларына береміз


жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдық пен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.

Ән шашу : Хор


Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар
10– сыныбым!
Мейірімнен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
жүргізуші:

«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!
Жас түлектеріміздің аманттарын тапсыру рәсімі:

Амантты тапсырушы алтын белгі үміткерлеріміз Шадаева Аягөз Оралханқызы мен Полат Ардақ Жақсылыққызы .Аманатты қабылдап алушы мектеп белсенділеріміз алтын белгі үміткерлері--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

жүргізуші:
Ән шашу :

Біткенін жылдың паш етіп,

Сыңғырла қоңырау сыңғырла

Сыңғырла сұлу үніңмен

Кеудеге үміт шамын жақ

Ән шашу :

Жүргізуші: Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен мына жиналған халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер. Соңғы мектеп вальсын қабыл алыңыздар!


жүргізуші:




Қоңырауы мектептің тозбайтұғын,

40 минуттан еш озбайтұғын.

Тебірентіп мектептің тіршілігін,

Сыңғырлаған үнімен қозғайтұғын.

Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін,

Одан асқан сыйлайды ғажабын кім.

Мектебінен киелі білім алып

Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның.

Бәрі сын араласаң өмір ауылың,

Бәрі шын, қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің

Дауысын сағынғанда қоңыраудың.

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.

Қыран болып ұшыңыз, Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп, Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын, Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол 
болсын Сапарларыңыз оң болсын!



Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен соңдарыңнан ерген ізбасар іні-бауырларың, сіңлі-қарындастарың сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер.

   Қоштасады ұшқан ұяң – мектебім,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............
мен 1 сыныптың оқушысы ...........................................................................................................беріледі




Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Осымен 20
20-2021 оқу жылын аяқтауға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Келесі оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесінде кездескенше сау-сәлеметте болыңыздар! Әлемді жайлаған індеттен аман- сау болайық!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!