400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сыныптастарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу әдістемелік материалды жариялағанның растайды
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Менің сыныптастарым

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 03.12.2020

Машықкердің аты-жөні: Туякбаева А.Б.

Сынып: 2

Әдебиеттік оқу

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:


2.2.3.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы орындай алады: Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, сыныптастары туралы айтады.

Оқушылардың көбісі орындай алады: Тақырыпты болжайды, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, кластермен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Жаман әдеттен аулақ болуға ерекше кеңес береді.

Бағалау критерийлері:

Берілген сұрақтарды түсінеді, сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Тірек сөздерді қолданад.

Құндылықтарды дамыту

Ынтымақтастық, құрмет

Жоспарланған уақыт:

Сабақ барысы:


Ресурс

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн – Табиғат

Жайқалып өссін – өсімдік

Жайнай берсін – орманымыз

Биік болсын – тауларымыз

Сәтті болсын – сабағымыз!

Үй тапсырмасын тексеру: Ақылшым – мұғалім жатқа айту.

-









Сабақтың ортасы

30 минут
































1-тапсырма.

Кластер құрастыр. Сыныптастарын туралы не білесің?

- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз кластер құрастырып жіберейікші. Сыныптасын туралы не білесің? Астында берілген сұрақтарға жауап беріп көрейікші.





- Балалар, сіздерде де осы секілді жауап шықты деп ойлаймын.

- Балалар, бізге Айдостың ұнамайтын іс-әрекеті қандай іс-әрекет?

- Дұрыс айтасындар. Ол сыбырлақ, жыбырлақ,

- Сыбырлақтық, жыбырлақтық ол дұрыс әрекет пе?

- Жоқ, ол жақсы оқушының дұрыс іс-әрекеті емес.

- Ендеше біз бүгін Асқар Тоқтамағанбетовтың «Сыбырлақ» өлеңімен танысамыз.


2- тапсырма.

- Балалар, ең алдымен Асқар Тоқтамағанбетов кім екенін біліп алайық.

Асқар Тоқтамағанбетов 1905 жылы 19 қыркүйекте Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 21 тамыз 1983 жылы өмірден өткен. 1925 жылы «Ленин суретіне» атты өлеңі тұңғыш рет «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған. Асқар Тоқтамағанбето ақын, жазушы.

Өлеңмен жұмыс.

Сыбырлақ.

Бір бала бар сыбырлақ,

Аузы – мұрны жыбырлап,

Әсте тыным таппайды,

Құлағыңа сыбырлап.


Өзі де ұқпайды

Отырғанда дыбырлап.

Тыңдатпайды басқаға,

Шыға қалса тақтаға.


Аузын ашып қымыңдап,

Түк айта алмай ыңылдап,

Қалды дей бер «Сыбырлақ»,

Бостан – босқа жыбырлап.

- Балалар, өлеңді түсіңсендер, «Сипаттау» ойынын ойнайық.


Қ.Б.: Жұлдызша арқылы

3- тапсырма.

Шығармашылық тапсырма.

Сәйкестендір.


ТShape3 Shape2 Shape1 әртіпті бала әдепті бала

Shape4 жыбырлақ

Shape5 бұзық

ТShape6 әртіпсіз бала ақылды

ұқыпты

ұрыншақ


Қ.Б.: Стикер арқылы


Сергіту сәті

Кел, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық,

Бас аяқпен топ-топ,

Шапалақпен хоп-хоп,

Бір оңға, бір солға,

Өзімді-өзім айнала.


4- тапсырма.

Қажетті сөздерді тауып, сөйлемді толықтырып жаз.


МShape8 Shape7 енің сыныптастарым


МShape9 ен оларды қатты

Shape10

Біз бір – бірімізбен


СShape11 ыныпта бәріміз


Қажетті сөздер: жақсы көремін, достармыз, өте тамаша, татумыз.


- Балалар, Сыбырлақ балаға қандай жаман әдеттен аулақ болуға кеңес бере едің?

- Ұқыпты, тәртіпті, әдептіғ сыпайы балалар олар қандай болу керек?















































оқулық







































Тарапта материал

Соңы

5минут

- Балалар, сабағымызды қорытындылау мақсатында нақыл сөзге мән берейік.

Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев

Абай атамыз айтқан қоршаған ортада, айналамызда жақсы дос, жақсы құрбы таба білуіміз керек. Сонымен қатар әдепті, тәртіпті, сыпайы болуымыз қажет. Ата – ананың, ұстаздың берген тәлім тәрбиесін жоққа шығармауыз керек.

- Бүгін сабақта қандай өлеңмен таныстық?

- Тәртіпті бала қандай болуы керек?

- Жарайсыңдар балалар! Бүгін сабақта өте белсенді болдыңыздар.

Рефлексия «Күн мен Бұлт»

Күн – барлығын түсіндім, сабақ ұнады.

Бұлт – түсінген жоқпын, қызықсыз болды









Әдіскер: Сахариева З.Д

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні: Уалиханова Алмагуль

Келісемін:

Машықкер: Туякбаева Аружан

Баға:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі