400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің тәрбиелеу-философиям"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіне қатысты көзқарасым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Менің тәрбиелеу философиям

Мен үшін тәрбие-адамның рухани және адамгершілік тұрғыда дамуына бағытталған өмірлік жол.Әр адам балалық шақтан бастап қоршаған ортамен,отбасымен,мектеппен және қоғаммен тығыз байланыста қалыптасады.Осы жолда тәрбиеші мен мұғалімнің орны ерекше.Тәрбие-жәй ғана ережелер мен талаптар жиынтығы емес,ол жүректен жүрекке жететін нәзік үдеріс.

Менің тәрбиелеу философиямның негізгі өзегі-әрбір баланың тұлғалық даралығын сақтау және дамыту.Дарынсыз,қабілетсіз бала болмайды.Тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі бала бойындағы қабілеттерді уақытында байқап,сол бағыт бойынша бағыттап,өзін -өзі тануға көмектесу.Мен тәрбиеде сенім мен қолдауға негізделген жылы қарым қатынас орнатуға тырысамын,өйткені бала тек өзін түсінетін, сыйлайтын ортада ғана ашыла алады.

Тәрбиенің басты мақсаты-баланы тек тәртіпке үйрету емес,оны өмірдің мағынасын түсінуге,жақсылық пен жамандықты ажырата білуге,адамгершілікті жоғары қоюға баулу.Менің көзқарасымда "баланы тәрбиелеме,өзіңді тәрбиеле" ұғымын қатар алып жүремін.Оқушы мұғалімнің мінезінен,жүріс-тұрысынан,сөйлеген сөзінен көп нәрсе үйренеді.Тәрбие барысында сүйіспеншілік,әділдік және мейрімділік болуы тиіс.Сондықтан мен әрқашан балалар алдында өз әрекетіме жауапкершілікпен қарауға,үлгі болуға тырысамын.

Бәрімізге белгілі тәрбие тек мектеп қабырғасымен шектелмейді.Ол отбасымен,қоғаммен және қошаған ортамен байланысты тұтас жүйе ретінде қалыптасады.Бала бойында отансүйгіштік,еңбексүйгіштік,ізгілік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру-ұстаздың ең биік міндеті.Тәрбие барысында халақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын енгізуде ерекше рөл атқарады,өйткені ұлттың рухы-тәрбиенің тірегі.

Менің тәрбиелеу филосифиямның түйіні-баланың жүрегіне мейірім ұялату.Әр балаға сенім артып,оның бойындағы жақсылықты көре білу-тәрбиешінің ең үлкен жетістігі.Егер бала өмірде өз орнын таба білсе,айналасына жақсылық сыйлай алса,тәрбиеші үшін ең үлкен жетістік.

Қорыта айтқанда мен үшін тәрбие-тек білім беру ісінің бір бөлігі емес,ол өмірдің-мәні.Тәрбие арқылы біз адамды қалыптастырамыз,ол адам арқылы қоғам өзгереді.Сондықтан мен әр оқушының жүрегіне ізгілік нұрын сеуіп,рухани бай,парасатты тұлға тәрбиелеуді өз өмірлік ұстанымым деп білемін.



Орындаған: А.С.Жумагалиева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
77
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі