«Менің тәсілдермен
әдістерім»
Бүгінгі қоғамда Заман талабына
сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени
өзгерістертәрбие мен білім мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды
талап етіп отыр.
Біздің қазақ халқының ғасырлар
бойғы тыныс – тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған тәлім
– тәрбиеге қатысты, салт – дәстүр, әдет – ғұрыптары мол. Олар
этика, педагогика, психология ғылымдары, тұжырымдарымен астарласып
отыр. Этика дегеніміз – психологияның бір бөлшегі, өзегі. Этика
әрбір адамның өзін – өзі тәрбиелеуі,мінез құлқын түзеуі, ұнамды
ұнамсыз қасиетін таразылап білуі.
Ал мен
балабақшадағы бала мен тәрбиеші қарым – қатынасындағы педагогикалық
этиканы қозғасам. Тәрбиеші, ұстаз бүлдіршінге үлгі көрсететін,
өмірдік сан алуан жолдарынан өтуіне бағыт беретін, адамгершілік,
еңбек сүйгіштік, адалдық, патриоттық қасиеттерге баулитын
тұлға.
Тәрбиеші
ұстаз үнемі өзін сергек, көңілді ұстауы керек. Балаға тәрбиешінің
әрбір кездегі көңіл күйі әсер етеді. Сондықтан тәрбиеші бүлдіршінге
өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы
керек.
Адамзат
баласын – бүкіл тіршілік әлемінен ерекшелейтін – оның ерекше
жетілген психикасы екні белгілі.
Кез-келген
психика – негізінен мидың қызметі екені түсінікті. Бұл ілім терең
эерттелуіне орыстың ұлы ғалымдары Сеченов, Павлов сіңірген
еңбектері зор. Олар нерв жүйелері мен мидың көп қабат күрделі
қызметтерін жік – жікке бөліп түсіндірді. Міне осыдан психология
ғылымы өз алдына пән ретінде дами бастады. Мыс:психология
тіршіліктегі бар немесе жоқ құбылыстардың пайда болатыны әсерлерін
талдап, оның құбылыстық, заттық сипаттарын түсіндіруге тырысады.
Адам тәрбиесіндегі психологияны кең түрде пайдалану үшін оның өзіне
лайықты тәсілдері, әдістері бар. Олардың ең негізгілері
мыналар: психологиялық байқау, әңгіме дүкен құру, іс –
тәжірибе жүргізу болып табылады. Осы айтып отырған әдістер
күнделікті тіршілігімізде жиі қолданылады. Бірақ әр адам оны өз
шама шарқына қарай іске асырады. Біз өз тәжірибеміз арқылы бір –
бірімізбен қарым қатынастың психологиялық жақтарын ашуға
тырысамыз.
Мен балабақша психолог — педагогы — баланы терең
түрде түсінетін, білетін адаммын. Мен
жалпы баланың психикалық даму ерекшеліктерін мен
ерекшіліктердің жекеше вариацияларын да білемін.
Балабақшада менің
жұмысым
— балалардың физикалық және психологиялық
денсаулықтарын қорғаумен байланысты, эмоциалды амандықтарына
мүмкіндік туғызатын шарттар жасаймын
және әр баланың ерекшіліктерінің жайлы және
эффективті түрде дамуына қамтамасыз етемін.
Мен балалармен жекеше түрде
жұмыс жүргіземін және тәрбие барысында жекеше – психологиялық
ерекшеліктерін есепке алуларына мүмкіндік
туғызамын. Диагностикалық әдістеме және бақылау бойынша
балабақшадағы әр топты ұзақ уақыт зерттей
отырып
,мен балалардың өзара балалардың тәрбиешімен қарым –
қатынастарының ерекшіліктерін анықтаймын,
әр баланың жекеше – психологиялық сапасы мен олардың ақыл ой дамуын
бағалаймын.
Тәрбие, оқу дифференциациясы мен балалармен түзету жұмыс тәсілдерін
жетілдіру арқылы, тәрбиешілер мен ата – аналарға арнайы жасалған
ұсыныстар жасау
арқылы жұмыстың нәтижесі,
лайықты түзету жұмысын жүргізу және баланың
мектепке дайындығын анықтау – психологтың маңызды
қызметі.
МКҚК «Балауса» бөбекжай -
балабақша психологі: Ахмеджанова Б.С.