Менің Тәуелсіз
Қазақстаным!
Ғасырлар бойы бодан ел болып өмір сүрген, талай
ұрпақтың арманы болған тәуелсіздікті ұлы ұғым деп түсінемін.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін 1991 жылдың 16
желтоқсанында жариялаған болатын. Тәуелсіздікке жету жолында
халқымыздың басынан не өтпеді десеңші. Мысалға
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл
сұламадан»
бастасақ жұртымыз қырылып, тарыдай шашырап, тозып
кетті. Ары қарай орыс боданындағы халықтың ұлттық азаттық
көтерілістері 20 ғасырдың 30 жылдарына дейін орын алып отырды. Сол
кездегі үкіметтің солақай саясатынан салдарынан
жиырмасыншы
ғасырдың 20-30 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылықтың
себебінен қазақтың жартысына жуығы қырылды. 1941-1945 жылдардағы
Ұлы отан соғысы кезінде қазағым аянып қалмады. Отанын қорғау
жолында соғысқа аттанған азаматтардың жартысы оралмады. Бас көтерер
ұлтымыздың қаймағы, зиялы қауым өкілдері қуғын-сүргінге ұшырап,
жазықсыз атылып, ит жеккенге айдалды. Ашаршылық, соғыс, нәубеттен
көз ашпаған қазақ өз жерінде азшылық ұлтқа айналды. Тарихымыз
бұрмаланып оқытылып, тіліміздің өзін ұмыттыра бастады. 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасын қазақ жастарының, жалпы алғанда халқының
кеңестік саясатқа қарсы шыққан көтерілісі деп есептеймін. 1980
жылдары 70 жылдан астам өмір сүрген Кеңес одағы өзінің тарих
бетіндегі өмірін тоқтатуға жақындап келе жатты. Көптеген одақтас
республикаларға орын алған бас көтерулер, көтерілістер мен
азаматтық соғыстар, халықтың әлеуметтік жағдайы мен елдің
экономикасының шыңырауда тұрғанын көрсетті. Шын мәнінде кеңестік
кезеңде қазақ жері тоқтаусыз шикізат өндіріп, орталыққа жөнелтетін
кен орны, ядролық және басқа да сынақ полигондар мекеніне айналдық.
Тілі, діні мен ділінің бұзылып, жоқ болуының аз ақ алдында тұрған
ел болу қаупі бар елдердің қатарында болар ма едік. Сол кезеңдегі
еліміздің басшылығының батыл шешімдерінің арқасында 1990 жылы
егемендігімізді жариялап, артынан 1991 жылы бүкіл әлемге өзіміздің
тәуелсіз ел екенімізді паш еттік. Тәуелсіздікті жариялаған күннен
бастап, бүгінгі күнге дейін әлемнің барлық елі тәуелсіздігімізді
мойындады. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде неше түрлі қиыншылықтарды
өткердік. Тәуелсіздік алғаннан бері елбасының сарабдал саясаты
арқасында көптеген елдермен дипломатиялық, сауда қатынастары
орнады. Елімізге инвестициялар тартылып, еліміздің экономикасы
қарыштап дамып келеді. Қазақстан Республикасының
«Азия барысына»
айналар күн алыс емес деп
ойлаймын.
Талас ауданы, Қаратау
құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы.
Түменбаев Дәурен
Қыдырбекұлы