400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің тілім: кеше, бүгін, ертең

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада автор қазақ тілінің кешегі, бүгінгі және ертеңгі халін салыстыра отырып, ана тілді сақтау мен құрметтеудің маңызын терең қозғайды. Кешегі тілдің байлығын, бүгінгі күндегі шет тіл ықпалын атап, ұлттың тілімен бірге оның рухы мен болашағы байланысты екенін алға тартады. Автор Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген қағидасын басшылыққа алып, тіл үшін қоғам болып жұмыла әрекет етудің қажеттігін баса айтады. Мақала ана тілді қадірлеу – ұлттың болашағын сақтау екенін ұғындыруды мақсат етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Менің тілім: кеше, бүгін, ертең



Тіл -ұлттың жаны, рухы,-бейнесі. Менің тілім -қазақ тілі, менің ана тілім. Қандай адам болмасын өз ана тілін құрметтеуге тырысады. Тілсіз ел жоқ. Әр адамның санасында ұлттық намыс пен тілі тұруы керек. Ана тілінің кешегісі мен бүгінін салыстырып көрсек, айырмашылығы бары шын. Кешегі ана тілі астарлы, құнды сөздерге толы. Тіпті біз біле бермейтін ескі сөздер де бізге таңсық естіледі. Ал бүгініне келсек, шет тілінен алынған сөздер көптеп кездеседі. Қазіргі қоғамда қазақ жерінде қазақ тілін, ана тілін, ұмытып жатқандар кездеседі. Ондай адамдар жетерлік. Ана тілді қадірлеу, оны жоғалтып алмау-өз қолымызда.

“ Егер қазірден ана тілін ұмытсақ ертеңіміз не болады?”,-деп ой әр адамды мазалайтын шығар. «Тәрбие басы- тіл», дегендей өсіп келе жатқан әр қазақ ұл-қыздарына өз тілін қастерлеп,қадірлеуді ерте бастан санасына сіңіре бергені дұрыс. Бұл орайда ата-анасы мен мұғалімдер ғана емес, бүкіл қоғам болып жұмыла атсалысуы керек деп ойлаймын. Қазақ тілінің ертеңгі тарихы кімге де болса белгісіз демей, жарқын болатынына сенемін. Тіліміздің ертеңі жақсы болуы үшін осы қағидаларды ұстанған жөн. Ертеңіміз-өз қолымызда. Ұлт үшін тілдің маңызы зор.

Өткенге көз жүгіртсек, А. Байтұрсынұлы «сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Тіл-қазақ жұртының тірегі, намысы, ерік жігері. Тіл ұлттың құнды

қымбат байлығы, тілді жоғалту ұлтты жоғалтқанмен тең. Тіліміздің құндылығын жоғалтып алмайық.Сіз қандай ұлт өкілі болсаңыз да тіл үшін күресуге міндеттісіз. Өз тіліңді құрметтеп қана қоймай өзге тілді де құрметтеген жөн. Тіл қарым-қатынас құралы. Сол құралды жақсы жағынан пайдалана білсек, соның өзі құлдыраудан сақтайды. Тарих пен тіл егіз ұғым.Себебі:сіздің тіліңізде жазылған құнды тарихи деректер,кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауы мүмкін. «Тіл-көңілдің бұлағы, ой қоңырауы».Бабалар өсиет еткен қасиетті қазақ тілінің құдіреті зор. Қазақ тілі саналы жан сүйсіне жаттайтын сөз жәннаты. Тілсіз тірліктің тасы өрге домалайды десеңіз қателесесіз. Өз тіліңді сүйе біл, өз тіліңе қорған бол.





Түркістан облысы Сауран ауданы Амангелді ЖББМ 11-сынып

оқушысы Пернешбай Жасмина

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі