400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің тұңғыш президентім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің тұңғыш президентім

Сабақтың мақсаты:Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы түсінік беру. Отанын елін , табиғатын жерін құрметтеп аялауға және ержүректікке ,азаматтыққа , потриоттық сезімге тәрбиелеу. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер , карта ,әуен.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, ойындар .

Тәрбие сағатының өту барысы

Жаса Қазақстан әуенімен балалар қолдарында бір-бір жалаушамен бөлмеге кіреді.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане балалар қонақтармен амандасайық

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар.

Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті бүлдіршіндер , бүгін біз үшін ерекше күн , бүгін бүкіл қазақ елі болып , Қазақстан жері болып Тұңғыш президент күнін тойлағалы отырмыз. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ән ұранмен ашайық.

Болашағым Қазақстанның алдағы

Орындалсын қазағымның арманы

Ел басымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев

Халқымыздың сеніп алған таңдауы

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызды Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы мына суретте кім бейнеленген.

Балалар: Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілдеде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған . 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады

Тәрбиеші: Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев .Ал балалар ол кім екенін білесіңдерме?

Балалар: Ол біздің президентіміз!

Балалар сендердің мамаларың папаларың жұмыс істегендей, Н.Ә.Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентіміздің жұмыс орны қайда кім біледі?

-------------: Астанада!

Тәрбиеші: дұрыс Астанада,Ақордада

Тәрбиеші: Астанада тағы не бар?

----------------: Астанада Бәйтерек бар .

Тәрбиеші: дұрыс айтасындар ! Бәйтерек бар ол біздің елдің символы.

Тәрбиеші:Ал балалар сендер біздің еліміздің рәміздерін білесіңдерме?

Балалар : иә бәлеміз олар ту ән ұран елтанба.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар.

-Елтаңба, ту ән ұран

Балалар біз қай тілде сөйлейміз?

-Қазақ тілінде

-Еліміздің рәміздеріне назар аударайықшы

Балалар бұл біздің мемлекеттік –Ән ұранымыз.

Ал мынау –Елтанба. Елтаңбаның негізі шаңырақ. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді..Екі жағында қанатты тұлпар міңгілік өмірге самғау биігі. Шекесіндегі 5 жұлдыз жарқын болашағы. ҚАЗАҚСТАН атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді.

Тәрбиеші:балалар туымыздың түсі көк. Көк түс адалдық пен тазалықтың бейбітшілік белгісі.тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз,оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы күндей жарқын болсын, дала бүркіті дархандық пен қырағылықты бейнелейдіОюдың бейнеленуі қазақ елі екенімізді білдіреді. Түстерінің сары болуы молшылықтың белгісі.

Балалар олай болса жаттап келген тақпақтарымызды айтып берейік.

---------------------:

Ән ұраным айбатым

Тәуелсіздік қайратым

Достық бірлік татулық

Арманға жетті жаңғырып

Жастар салған айбат үні

Айша Сами

Көк байрағы бабамның

Бүгінгі ұрпақ алауы

Тірегі әке баланың

Қазақстан жалауы

Алмат

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім -Елтаңбам

Ақнұр

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Әділжан

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Диас

Елтаңбасы елімнің

Неткен байтақ әдемі

Тұнығындай әлемнің

Ортада аспан әлемі

ТӘРБИЕШІ : Рахмет сендерге балалар орнымызға отырайық. Балалар біздің елбасымыз мектепте жақсы оқып жақсы білім алған. Ата анасын жақсы құрмет тұтты. Ол кісі сендер сияқты кішкентай кезінде ұшқыш болуды армандапты.Сөйтіп өз білімінің арқасында мына суретте көрип тұрғандай ПРЕЗИДЕНТ болған.

Балалар елбасымызға арнап кім тақпақ айтып береді.

ЕЛАРЫС

Көк аспандай арай күн

Көк аспандай жас қыран

Естінгендей біздің үн

Сол ғарыштың астында

Әлемге болған аты заң

Ұрпақтың қамын ойлаған

Аман сау жүр ел басы

Сырғалым

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды

Айша Аскария

Орындалып арманы

Халқымызда ажарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы

ЕРНУР

Халық үшін елбасы

Әскер үшін қолбасы

Тар жол тайғақ кешуде

Нұр ағаны туған жұрты қолдасын.

ЕРСУЛТАН

Астана -арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап –жасыл боп

Мен үлкен болғанда да

Төкті оған нұрын дала

Астана сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да

-ЖІГЕР
Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән

Елордасы Отанның

Мақтанышым Астанам

НАЗЕРКЕ

Тәуелсіздікті ел сыйлайды

Бейбітшілікті ел қалады

Орындалып арманы

Халқымызда ажарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы

------------------------

Ел басымыз жолдайды

Халық оны қолдайды

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды.

АЛИЖАН

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сітте қиындықтан қашпау

Тілім дінім ұлтым қайта көгерген

Елбасымыз нұр ағаның бастауы

-ТАЛШЫН

Бар әлемге шын танылдық міне біз

Елін сүйген елбасы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан Нұрсылтан

Нұрсылтан мен Қазақстан тұр егіз

Рахмет сендерге балалар орнымызға отырайық, осы кезде есік қағылып БІЛГІШПЕН келеді.

Сәлеметсіздерме балалар мен сіздерге Еліміздің бас қаласы Астанадан келдім. Елбасымыз сіздердің топтарыңызда осындай тәрбие сағаты өтіп жатқанын естіп сендердің білімдеріңді тексеріп келуге жіберді.

Олай болса мен сендермен бір ойын ойнаймын. Келісесіңдерме?

Мен мына досты алып сендерге беремін сендер маған Қазақстанның үлкен қалаларын айтасындар.

Өте жақсы балалар.

Енді сендерге сұрағым бар соған жауап берсендер.

  1. Көмір қай қалада шығады? ҚАРАҒАНДЫ

  2. Қазақстанда қандай қазба байлықтары бар ?АЛТЫН, МҰНАЙ,КӨМІР

  3. Күріш қай қалада өсіріледі?

  4. Мақта қай қалада өсіріледі?

Білгішпен: арайсындар балалар сендер бүгін ерекше жауап бердіңдерМен енді қайтайын Елбасымызды қуантайын біздің осындай кәшкентай балаларымызҚазақстан айлы көп біледі деп жеткізейін.

ТӘРБИЕШІ:Жақсы балалар келесі орындайтынымыз би флешмоб. Жарайсыңдар балалар сендер бүгін ерекше жауап бердіңдер бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Тәуелсіздік жолында

Тапқан жолдың шешімін

Президенті Қазақстанның

Айтшы қане есімін

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев

Жақсы балалар осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды сендерге көп рахмет.

Көк тудың желбірегені әнімен сабақты аяқтау.































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі