Менің
тұңғыш Президентім
Мақсаты:
Оқушыларды Қазақстан Республикасының
тарихымен тереңірек таныстыру. Еліміздің
тұңғыш Президентінің еңбектерімен
таныстыра отырып, Отанға, елге, ата-анаға,
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін
арттыру. Егеменді еліміздің патриоттары
болуға тәрбиелеу.
Кітапханашы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар оқушылар!
1 желтоқсан тұңғыш Президент күні. Осыған
орай ақпарат орталығы кітапханамызда
«Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие
сағатына қош келдіңіздер!
Тәуелсіз
ел Қазақстан –гүлстан,
Ақындары
жыр арнаған алыстан.
Хан
шатыры мен мұндалап көрінсе,
Бәйтерегі
көз тартады алыстан.
Егеменді
елім менің –Қазақстан,
Бар
әлемге айқара есік ашқан.
Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы,
Істері
айта берсек үлкен дастан –дей келе
бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
Еліміздің
тұңғыш Президенті
Алматы облысының Қаскелең ауданына
қарасты, қазіргі Қазақстан Республикасы
Алматы облысының Қарасай ауданындағы
Шамалған селосында ( 2012 жылы елді
мекенінің атауы Ұшқоңыр деп өзгертілді.)
1940 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген
. Нұрсұлтан Әбішұлы мектепте озат еңбекте
табысты болып әрқашанда алда болған.
Әкесі Әбішпен анасы Әлжан 1934 жылы
үйленген. Некелескеннен кейін алғашқы
6 жылда олардың балалары болмайды.
Сондықтан көптен күткен мұрагердің
дүниеге келуі шексіз қуанышпен қабылданады
да, ізгі ниетті ерлі-зайыптылар мұны
өздерінің бір-біріне деген махаббаты,
адалдығы мен шыдамдылығы үшін берілген
сый деп түсінеді. Нұр деген араб тіліндегі
сәуле, жарық, жарықтау, тазалық; Құранда
ән-Нұр алланың 99 есімінің бірі деген
мағынаны білдіреді. Ал Сұлтан деген
араб тіліндегі жоғарғы билеуші, әмірші,
билеп – төстеуші, үстемдік етуші деген
сөздерінің үйлесмі еді.
Отбасында
Нұрсұлтан тұңғышы кейін інісі Сатыбалды
(1947) қарындасы Әнипа (1950) інісі Болат
(1953) дүниеге келді.
Тұңғыш
Президентіміз қалай сайланды? Ең бірінші
осыған тоқталайық. Қаншама қиындықты
артқа тастап қазақ елі тәуелсіздігін
алды. Желтоқсан оқиғасының арқасында
қаншама қазақ елінің қаны төгілді,
қаншамасы жазықсыз қамауға алынды.
Осындай қиын қыстауды жеңе білген қазақ
елі 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен республика
Президентін алғашқы бүкілхалықтық
сайлау болды. Республика аумағында
құрылған 21 сайлау округі бойынша
сайлаушылар тізіміне 9961242 азамат
енгізілді. Солардың 8788726 адам немесе
88,23 пайызы дауыс беруге қатысты. Құпия
дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне
Қазақ КСР-нің Президенттігіне үміткер
Н.Ә.Назарбаев пен Қазақ КСР-нің
вице-президенттігіне үміткер Е.М.Асанбаев
енгізілді. Сайлау қорытындылары бойынша
Н.Ә.Назарбаев 8681276 немесе қатысушылардың
98,78 пайызы дауыс берді. Бұл Н.Әбішұлының
республика хылқының барлық топтарының
арасындағы зор танымалдығы мен жоғары
беделінің айқын да сенімді дәлелі.
Көпұлтты Қазақстан халқы осындай күрделі
уақытта Н.Ә.Назарбаевты Мемлекет басшысы
етіп сайлап, егеменді Қазақстанның
өркендеуі үшін оған барлық жауапкершілікті
артты және өз тағдырын сеніп тапсырды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты
ұлықтау рәсімі болып өтті.
Міне
аздаған өмірбаянынан үзінділер келтірілді
енді кезекті сіздерге берейін дайындап
келген өнерлеріңіз болса ортаға салайық.
Жас
ақындарымызды кезекпен ортаға шақырайық
Нұр
ата
Елбасшымыз
ақылды,
Халқы
оны қолдаған.
Нұрсұлтандай
атаның
Үстем
болсын мерейі.
Халқы
үшін аянбай,
Игі
істер жасады.
Шет
елменен дос болып,
Білімге
де жол ашып.
Есболқызы
Елдана.
Ұлт
мақтанышы-Елбасы
Көк
туын желбіретіп әлемге,
Танытты
қазақ елін әр елге.
Патриот
Нұрсұлтан атамыз
Көркейтті
Астанадай қаламызды.
Елім
деп соққан жүрегі
Сөнбесін
қазақ тірегі
Нұрсұлтандай
атаны
Мақтаныш
етер ұланы
Біздің
елбасы
Ауыр
күнді артымызда тастады,
Қиын
сәтте қиындықтан қашпады.
Тілін,дінін,
ұлтын қайта көтерген
Елбасымыз
Нұр ағаның бастауы
Елбасына
арнау
Халықтың
қамын ойлаған
Тәуелсіздік
әперіп, барша қазақ тойлаған.
Бабалар
әркез аңсаған, қыран көкте самғаған
Осындай
елдің қаймағын Елбасым менің ұйтқан.
Мәртебесі
биікте асқақтаған Елбасы,
Әлем
оны мойындап, сыйлап баққан елбасы.
Міне
балалар жас ақындарымыз қандай керемет
өлең жолдарын арнап акелген екен енді
екі топқа бөлініп сөзжұмбақ құрастырып
бір-бірімізден жасырайық.Екі топ
сөзжұмбақ құрастырып бір-біріне жасырады.
Қорытынды:
Бүгінгі тәрбие сағатынан көптеген
мәлімет алды деп ойлаймын. Еліміздің
көк туын көкке желбіретер қазағымызыдың
патриот азаматы болуларыңызға біз
сенеміз. Қазақстанның болашығы жас
ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. Білімді
білікті ақылды болыңыздар. Еліміз аман
жұртымыз тыныш болғай.