Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің туған өлкем

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ – жауап, Павлодар қаласы туралы суреттер; Көрнекі құралдар: Павлодар қаласының суреттері. Тәрбиеші:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дайындаған: Карибаева Б.Т.

Білім беру бөлімі:Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Менің туған өлкем

Сабақтың мақсаты:

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру.

Әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ – жауап, Павлодар қаласы туралы суреттер;

Көрнекі құралдар: Павлодар қаласының суреттері.


Тәрбиеші:

Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Келіңдер мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Армысыңдар, достарым!

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар.Енді орнымызға жайғасамыз.(балалар көрпешелеріне жайғасып отырады).

-Балалар, бүгін біз туған еліміз, қаламыз туралы әңгімелесетін боламыз.

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар:

-Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші:

-Біздің Астанамыз қай қала?


Балалар:

-Астана.

Тәрбиеші:

-Біздің қаламыз қалай аталады балалар?

Балалар:

Павлодар қаласы.

Тәрбиеші:

Иә, дұрыс айтасыңдар.Біздің қаламыз Павлодар қаласы. Павлодар қаласы жас, байлығы мол, әсем қала.Біздің қаламызда көптеген демалыс орындары мен ойын-сауық алаңдары бар.Біз демалыс күндері ата-аналарымызбен сол жерлерде демаламыз.

Тәрбиеші:

Туған жеріміздің табиғатын көз алдымызға елестетейікші.

(Үнтаспадан табиғат құбылыстарының дыбыстары бар әуен жай ойналады).

Тәрбиеші:

-Қаламыздың табиғаты қандай тамаша!Айналамыз жап-жасыл, тамаша гүлдердің хош иісі аңқиды.Туған жердің әрбір гүлі, әр ағашы, қасиетті топырағы көзіңе оттай ыстық.Қаламыздың таза ауасымен дем алып, көңіліміз көтеріліп,жайланып қалды.Енді, туған жерімізге қандай жақсылық жасай алатынымызды ойлап, көз алдымызға елестетіп көрейік.Ал,енді көзімізді ашып, өз ойларымызбен бөлісейік.

(Балалар алған әсерлерін, ойлаған ойларын ортаға салады.)

Әңгімелесу.

Тәрбиеші:

-Балалар сендер туған жер деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар:

-Біздің тұратын жеріміз.

Тәрбиеші:

-Неге туған жер деп айтамыз?

Балалар:

-Өйткені біз сол жерде туып өстік.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар, балалар туған жерді, қаламызды көркейтуіміз, оған қамқорлық жасауға өз үлесімізді қосуымыз туған жерге деген сүйіспеншілігімізді білдіреді.Әр адамға өзінің туып өскен жері ыстық болады.Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махабатын,сүйіспеншілігін, мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді.Мысалы: Ақын-жазушылар туған жердің сұлу табиғатын,байлығын өлеңімен жырласа, суретшілер суретін салады.Бізде дәптерлерімізге қаламыздың көрікті жерлерінің суреттерін салып , өзіміздің ықыластарымызды білдірейік.

Тәрбиеші:

-Балалар, біз бүгін туған жеріміз, қаламыз жайында әңгімелестік.Біз бүгін туған жерімізді, қаламызды қадірлеу керектігін түсіндік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
743
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12