400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің туған өлкем

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім берү бойынша құрылған 8 сыныпқа арналған эссе.Республика көлеміндегі әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзбергенова Ғазиза Есқалиқызы

Қызылорда қаласы,

№10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Менің туған өлкем

Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.

Ғабит Мүсірепов



Шыр етіп өмірге келген жандардың барлығының туған өлкесі бар. Туған жер- адам өмірінде ерекше орын алады. Менің туған өлкем- Қазақстан . Жері шұрайлы , шөбі шүйгін бұл өлкеде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстан- өте үлкен, қонақжай, дамып келе жатқан байтақ ел. Мен осындай елде туылғаныма мақтанамын. Себебі, бұл мекен менің кіндік қаным тамған жер. Мен соның ішіндегі Қызылорда қаласында дүниеге келгенмін. Қазақстандағы қазақтардың көбісі осы Қызылордада тұрады. Мұнда басқа ұлт өкілдерін сирек көресің. Қала тұрғындары өте қонақжай. Туысқандары немесе басқа ұлт өкілдері қонаққа келсе оларға дастарқан жайып, жылы шыраймен қуана қарсы алады. Бұл салт-дәстүріміздің сақталғанының белгісі. Қала тұрғындарының еліне деген сүйіспеншілігі мен құрметі жоғары деп санаймын. Себебі, ата-бабаларымыз елі, жері үшін жанын құрбан еткен. Біздің қазіргі бақытты өмір сүріп жатқанымыз солардың арқасы.

Менің елімде биік-биік асқар таулар , мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде өте көп жануарлар мекендейді. Оның ішінде әсем әндерімен сайрап, толқынды көлдерді тербеткен құстар да бар. Тау төсінен құлай аққан, сұлу күлкісі сыңғырлап жүрегіңді қытықтайтын бұраң бел бұлақтар да бар. Еліміздің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім туралы күні бойы айтуға еш жалықпаймын. Мен туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туылғаныма қуанамын.


Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық-алтын, қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер,- деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай әр адам туған өлкесінде өткен жастық шағын сағына есіне алатын шығар. Қызықты естен кетпес бақытты да, көңілді балалық кездерді ұмыту мүмкін емес.

Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар мен зәулім үйлер бой көтеруде. Еліміздің бау-бақшасы, таза ауасы, егінді даласы, самал желі, көк орай шалғыны- біздің мақтанышымыз. Туған жерімдегі сылдырлаған күміс бұлақтың дыбысын, құстардың салған әсем әнін , жайқалған қырмызы гүлдердің жұпар иісін ұмыту мүмкін емес. Туған жер – әркімге ыстық , қасиетті мекен. Оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан-жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. Қайда жүрсең де өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу-беулетіп, жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, алыстасаң сағынбау мүмкін емес. Әрбіріміз үшін Отан отбасынан басынан басталады: туған жер, туған көше , туған қала.Менің ата-анам балалық шағымнан бастап Отанға , туған жерге деген махаббат сезімімді оятты. Кішкентай кезімнен табиғатты аялауды, құрметтеуді, жануарларға жанашырлықпен қарап, өз қамқорлығыма алуды үйретті.

Ата-бабаларымыз «Отансыз адам , ормансыз бұлбұл»,- деп бекер айтпаған. Туған Отаны жоқ адам болмайды. Себебі , адамзат баласы Отансыз ғұмыр кешпейді. Әр адамның тұрақты үйі болуы керек. Сонда ғана адам бақытты ғұмыр кешеді.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және т.б. еңбектенуде. Адамзат баласының татулығы мен достастығы халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақ халқында ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық болса-болашақта гүлденудің маңызды талабы болып саналады.
Туған жер – әркімнің қадірлі мекені. Сондықтан, оны жақсы күтіп , бағу керек. «Әркімнің өз жері- жұмақ»,-дегені рас.Әр адамның өз Отаны өзіне - ыстық . Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар.
Менің кіндік қаным тамған жерде көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз балалық шағым өтіп жатыр. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Екі жылдан кейін мен мектеп табалдырығымен қоштасамын. Одан соң басқа қалаға оқуға түсіп, білімімді шыңдаймын. Туған өлкеңді қиып тастап кету өте қиын. Өзіңе жат қалада туған жеріңнің топырағын аңсап, ауасын сағынып біртүрлі күй кешесің. Сондықтан мен әр демалыс сайын туған жеріме келіп, ауасын иіскеп тұруға асық болатын сияқтымын. Мен туған өлкемді шексіз сүйемін, өйткені ол менің жүрегімнің бір бөлшегі.

№10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің

9 «А» сынып оқушысы Қатай Аружан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
4209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі