Материалдар / Менің туған өлкем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің туған өлкем

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға ,туған өлке туралы мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
660
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің туған өлкем


Қандай ақын болмасын өзінің туған жері, туып өскен өлкесі туралы сыр шертетіні анық. Кіндік қаны тамған жерінің табиғатын, қасиетті топырағын, балалық балдаурен шағы өткен өлкесін суреттеу әрбір адамның жүрегеіндегі арманы, қиялы секілді. Мен де өзімнің туған өлкем болмаса да,тұрып жатқан жерім туралы қалам тербегелі отырмын.

Біз Алтын адам ғұмыр кешкен киелі жер, қасиетті ел ұрпағымыз. Алтын адамның отаны десе бірден Есік қаласы ойымызға оралады. Иә, мен осы өңірде тұрып жатқанымды мақтанышпен айта аламын.

Тереңге жайған тамырын,

Тарихқа куә алыбым.

Бұтағың сансыз бүр жарған

Елім деп өттің таныдым!- деп ақын жаны жырлағандай Есік қаласының тамыры терең, тарихы кенен өңір екенін тілге тиек етіп кетсем де артық емес.

Есік қаласы- тарихи өлке. Тамырын тереңге жайған қалада өте ертеден келе жатқан тарихына үңілетін болсам, алтын адам- темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді ханзада екені мәлім. Қазақстандық археологтар бұл ханзаданың қабірін 1969 жылы тоналмаған күйінде тапты. 1992 жылы 13- тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын адам» шыққан Есік қаласына арнайы іссапармен келген. Көрмені көріп, алтын адам шыққан жерді аралап: «Халқымыздың көне тарихын келер ұрпаққа жеткізуге, қызмет істеп жүрген отандастарыма зор рахмет»,-деп ізгі ниетін қалдырды.

Есік қаласынан шыққан ақын ағамыз «Есігім» атты өлеңінде былай жырлаған еді:

Алтын адам мекені болған ақ далам,

Обалары арқылы тарихты ақтарам.

Жібек жолы керуен Есігіме аялдап,

Бұлақтарға жағалай үй де тігіп тоқтаған.

Жанның емі Есігім өтті сенде көктемім

Бүгін кеше көнергенім өткенім

Құлпырғаны қаламенен даланың,

Жылдан жылға ұрпақтармен өскенмін!





Есік қаласы десе Алтын адам ғана емес, әсем жерлерімен, сұлу табиғатымен аты шыққан қаншама киелі де қасиетті жерлер кездеседі. Мысалы Есік көлі туралы айтатын болсам, ерекше табиғаты мен сұлулығы көздің жауын алады. Сөзсіз, ол жаққа барған адам, бір-ақ рет сұлулығына тамсанып қоймай, қайта- қайта баратыны анық. Ол жердің тауы, көлі, көк майса шөбінің өзі сұлулығымен мақтанып, «Ал маған тамсанбай көр» дегендей еріксіз өзіне баурап алады.Есік көлі бізге берілген табиғаттың тамаша туындысы.



Туып өскен жер- адам өмірінде киелі орын саналатыны сөзсіз.Мақтанышпен айта алатын жеріміздің, еліміздің барына Аллаға мың да бір шүкіршілік айтамын. Келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп,барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған Ұлы Отан соғысын да елім,жерім деп жанын пида еткен батырлар, Өр намысымен, рухты жүрегіне ұялата білген жалындаған желтоқсан қаһармандары, айта берсе таусылмайтын ата- бабаларымыздың ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Есік қаласында жастар саябағы орналасқан. Ол жерде түрлі мерекелік іс-шаралар аталып өтетініне куәміз.Ол саябаққа Жамбыл Жабаев ескерткіші қойылды.Және Жамбыл Жабаев атындағы жастар саябағы деген атауға ие болды.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін!- деп жау құрсауында жатқан Ленинградтық батырларға күш-жігер берген Жамбыл Жабаевтың есімімен аталатын жастар саябағында жақын арада Жыр алыбына тағзым деп аталатын шара өткізіліп, Жамбыл Жабаевтың туылған күнін атаусыз қалдырмады.


Есік қаласының көрікті, әсем жерлері мұнымен таусылмайды.Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін өнер десе ішкен асын жерге қоятын халықпыз. Ақындардың жанынан шыққан өлең жырларын, әншілердің әнін тыңдап, бишілердің биіне тамсанып отыруға жанымыз құмар.Қандай мереке болмасын Есік қаласының мәдениет үйінде аталып өтіледі.елімізге танымал әншілер,ақындар Есік қаласына келіп, өнерлерін паш етіп, жиналған қауымнан бата алып, көтеріңкі көңіл күймен қайтатыны сөзсіз.

Picture 5

Қорыта келе айтарым, «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»-деп, Елбасымыз айтып өткендей, тұрып жатқан өлкемнің көрікті, тарихи жерлерін қолдан келгенше атап өттім деп айта аламын.Және осындай тарихи өлкеде тұрғанымды мақтаныш тұтамын.Өйткені біздің жұмақ мекеніміз осында!



ҚАТЫСУҒА СҰРАНЫС

Автордың аты-жөні(толық)

Шалағызова Бағзада Салиқызы

Жұмыс орны

Ораз Жандосов атындағы орта мектеп

Қызметі

Мұғалім

Лауазымы

мұғалім

Жұмыс бағыты

Педагогикалық саласы

Мақаланың атауы

Туған өлке

Байланыс телефоны

8-702-303-85-84

E-mail

bagzada_84 mail.ru

Конференцияға қатысуы

(іштей, сырттай)

іштей

Қонақ үйде бөлмені жалдау (иә/жоқ)

жоқ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!