Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің туған өлкем 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану бойынша сабақ беретін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада

Мектеп: Қарой негізгі орта мектебі

Күні:20.10.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Енкебаева Меруерт

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 6

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Менің туған өлкем

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.1.1 – Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.

6.4.4.1 – Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

Сабақтың мақсаттары

Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:

Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды.

Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды:

Мәтіндегі ақпараттарды анықтай отырып, өмірдегі жағдаяттармен байланыстырады.

Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды:

Таңдалған тақырыптар негізінде жинақталған ақпараттар бойынша постер, сызба-кесте жасайды.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтіндегі ақпараттарды анықтайды.

  2. Анықталған ақпараттарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстырады.

  3. Жинақталған ақпараттар негізінде постер, сызба-кесте жасайды.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Сұрақтар арқылы мәтіннен ақпаратты анықтайды, өмірмен байланыстырады. Мәліметтерді жинақтап, постер жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Отау, құрбы, өлкем, ел, шаңырақ, қобыз, домбыра, жетіген.

Диалог құруға (шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:)

Кіндігімді байлаған қазығым-ай, жат көзі, жас отау, туған өлке, атаның шаңырағы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Туған өлке несімен қымбат?

  2. Туған жердің табиғаты туралы не айтасың?

  3. Туған жеріңді сағынасың ба, неліктен?

  4. Туған жерден жырақтағы бауырларың туралы не айтасың?

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Мәтіндегі ақпараттарды анықтау арқылы, постер жасау арқылы туған өлкеге құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

География, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, таныстырылым

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтінмен жұмыс жасап, постер қорғай алады. Туған өлке тақырыбындағы өлеңдерді жатқа біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Cабақтың басы:

2 минут






1 минут














5 минут



Ұйымдастыру кезеңі:

«Достық тренингі» арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Қатысушылар шеңбер болып тұрып өз есімдерін теңеу сөздермен (өзін қалай атаған ұнайды) таныстырады да, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Соңында «достық шеңбері» пайда болады.


Топқа бөлу. Дәстүрлі музыкалық аспаптардың суреттері арқылы жұпқа біріктіру.

I жұп: Қобыз

II жұп: Домбыра

ІІІ жұп: Жетіген


Cабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.


Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұраймын.

Бағалау: Ауызша кері байланыс беремін.









Суреттер









Сабақтың ортасы

12 минут


































































2 минут





















12 минут


























Топтық жұмыс. (5 минут)

«Айналмалы бекет» әдісі. Оқушыларға мәтін тыңдатылады. Мәтіндегі ақпараттарды анықтау үшін постерге жазылған сұрақтар беріледі. Үш топ постерді айналдыра отырып, сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Жеке жұмыс. (5 минут) Сұрақтар талқыланған соң оқушыларға кесте таратылады. Оқушылар талқыланған сұрақтар негізінде кестені толтырады. Болған соң қасындағы жұбымен алмастырып салыстырады.


Негізгі ақпараттар

Қосымша ақпараттар

Мысал



Оқылым.

Тапсырма

Өлеңді оқыңыз.

С – Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

В – Мәтіннің негізгі және жанама ақпаратты анықтаңыз.

А – Мәтіндегі ақпараттарды өмірмен байланыстыра мысал келтіріңіз.


Апырмай, туған жер-ай

Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым-ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Жат көзімен қарайды адамдарың,
Жақын тартар құрбы да таба алмадым.
Жас отаудың есігін ашып қалып,
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...
Кел демеді, немесе кет демеді,
Несін маған, білмеймін, өкпеледі?!
Сені сүйген жүректі, туған өлкем,
Сен өсірген біреулер жек көреді.
Туған елім,
Көрмесем сағынамын,
Кетсем ізім өзіңнен табылады.
Жасыра алмай, ініңнің отауынан,
Ыстық маған атаның шаңырағы.


Жетекші сұрақтар:

  1. Өлеңнен ақынның қандай сезімін байқауға болады?

  2. «Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім» деген қатарды қалай түсінесің?

  3. Туған жерді жек көруге бола ма?

  4. Туған жерден жырақтағы бауырларың туралы не айтасың?

  5. «Атаның шаңырағы» дегенді қалай түсінесің?


Дескриптор

  1. Мәтін мазмұны ақпараттарды анықтайды;

  2. Өмірмен байланыстыра мысал келтіреді.

(Бағалау: «Шапалақ» әдісі. Әр топ бір-бірін үш рет шапалақ соғу арқылы берілген жауаптарды бағалайды. Оқушылар бір-біріне кері байланыс жасайды)


Сергіту сәті.

«Тапқыштар»

Ойын мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.

Тапқырларға арналған әзіл викторина:

Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? («Тигр» өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?
(сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)

Қай қолмен шайды араластырған дұрыс? (шайды қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады.)


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушылар жеке тапсырма бойынша ақпарат жинақтайды. Жұптарға бөлініп, өздерінің ақпараттарын біріктіреді. Жинақталған ақпараттар негізінде постер жасайды.

Тапсырма

Жұпта таңдаған тақырыптарыңыз негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз. Постер дайындауда берілген талаптарды ескеріңіз:


постердің мазмұндылығы;

постердің тақырыпты ашуы;

көркем безендіру;

креативтілік.

Ұсынылатын тақырыптар


Қазақ елі Туған өлке табиғаты Жайлаудағы ел


С деңгей – Таңдаған тақырыпта жинақтаған мәліметті пайдалана

отырып постер жасаңыз.

В деңгей Тақырып туралы постерді көркем безендіріңіз.

А деңгей – Ерекше идеялар ұсына отырып постер жасаңыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
1050
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12