Халикова
Линара
«Ғаббас
Жұмабаев атындағы
Боровской
мектеп-гимназиясы» ММ,
«Жас
қаламгер» үйірмесінің мүшесі
Менің
туған өлкем
Менің
туған өлкем - Қазақстан Республикасы.
Қазақстанның
байлығы өте көп және қазынаға толы.
Еліміздің табиғатының
ең әдемі жері – Қостанай облысының
Меңдіқара ауданы. Менің өлкем шыршалы,
ақ қайыңды және қарайғайлы орманға бай.
Ормандардың жиегін Тобыл өзені жуып
өтеді.
Жаздың
ыстық күндері бізде елге келіп демалатын
сахатшылар саны көбейеді. Көпшіліктің
баратын жері – шипалы суы бар бұлақ.
Бұл бұлақтың маңайында табиғаттың Қызыл
кітабына енген өсімдік - тамырын кеңінен
жіберген.
Ал
өткен ғасырдан бері, 1929 жылдан бастап
«Сосновый бор» шипажайы қызмет етеді.
Қазір бұл шипайжайға осы елдің тумасы,
қазақ халқының тұңғыш дәрігері Мұхаметжан
Қарабаевтың есімі берілген. Бүгінгі
күні шипайжайымыз республикалық деңгейде
жұмыс істеді. Емделуге еліміздің
түкпір-түкпірінен адам келеді.
Сырттан
келетін туристтер арасынан іргелес
мемлекет – Ресей Фелерациясы азаматтары
көп келеді. Олардың сөзіне қарағанда –
олар тек қана біздің табиғатына қана
емес, жергілікті халықтың қонақжайлығына
тәнті екен!
Ал
күзгі мезгілінде аңшылар көп келеді.
Біздің Тобыл өзенінде, Алакөл, Боровчанка
өзендерінде жабайы құстары көп.
Қыстың
күндерінде шаңғы тебуге өте қолайлы.
Боровское аудан орталығында және
Каменскорал ауылындағы жерлер шағын
«Карпаттары» деп атайды жергілікті
спортшылар-шаңғышыларымыз!
«Әркімнің
туған жері – Мысыр шаһары» демекші, мен
туған жерімді қатты жақсы көремін.
Осындай
өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған
жерім күннен күнге көркейіп келеді.
Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы,
таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді
даласы, малға толы өрісі - біздің
мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас,
туған жердей жер болмас»- деп,
ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен
ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала
еш жерде жоқ шығар.
Сондықтан
мен үнемі туған елім, жерім, ауылым
туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді
де осыған шақырамын. Өскенде туған
еліме, оның көркеюіне өз үлесімді
қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан
алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың
болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып көркеюіне жан теріңді сығып
еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің
екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған
жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз
еркін және өркендеген елде өмір сүріп
келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз
бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан
қандай қиын-қыстау күндерді өткізген
кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді
сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі
үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері
ешкімнің есінен кетпейді. Осындай
еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау,
кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу
бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді
бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне,
өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!
Туған
өлкем байлығы мол қазынам,
Сол
байлықтың шуағында шомылам.
Бәрінен
де артық көрем мен сені,
Бар қаладан
қымбатсың ғой сен маған.
Су мен тасын,
өзен-көлін сүйемін,
Аң мен құсын
арыстандай көремін.
Туған өлкем ол
менің жер жәннатым,
Осындай елде
туғаныма мақтанамын – деп ақындар
жырлағандай, осындай байтақ даламызды
аялайық та, сүйе білейік.