Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің туыстарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға көмек ретінде ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1

Күні:

Вариативтік бөлім: «Тәрбие- тал бесіктен» Тақырып: Менің туыстарым.

Мақсаты : «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру. Туыстарға деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: үнтаспа, дәптер, хрестоматия, суреттер, ойыншық жүрекше.

Сөздікпен жұмыс: қамқорлық, ізет, кішіпейілділік.

Қостілділік компоненті: мәдениетті-культурный, сыпайы-вежливый.



Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандырушы- оятушы

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып,

«Шаттық шеңберін» өткізеді.

-Сен әдептісің.

-Сен мейірімдісің.

-Сен ақкөңілсің.

-Сен шыншылсың.


Ұйымдастырушы-

іздеуші.

Өзіммен-өзім.

-Балалар көздеріңді жұмып, жайғасып отырыңдар.

-Сендердің отбастарыңда тамаша мереке өтіп жатыр. Үйлеріңнің іші қуанышқа, шаттыққа толып кетіпті. Отбасы мүшелерінің барлығы мәз-мейрам. Әдемі түрлі-түсті шарлар әуеде қалықтап жүр. Ата-анала-рыңмен бірге шаттана қуанып, ойнап, күліп, би билеп жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымыз-ды әңгімелейік.


Әңгімелеу.

Тәрбиеші Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін мәнер-леп оқып береді, балалар сұраққа жауап береді.

Бес саусақ

Бас бармағым – атам,

үйдің данасы.

Балаң үйрек – әжем,

ошақ анасы.

Ортан терек – әкем,

отау панасы.

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен,

бәрінің базары.

-Өз туыстарың жайлы әңгімелеп беріңдер.


Дәйексөз.

Тәрбиеші «Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншіліктен туындайды» деген нақыл сөзін дәйексөз ретінде түсіндіреді.

Ойын. «Дүкен»

Тәрбиеші дүкенде жүрекше, күн, жұлдызша, машина сияқты заттар сатылатынын айтады.

-Бұл жай дүкен емес, сиқырлы дүкен. Әрқайсыла-рың осы дүкеннен өз туыстарыңа бір нәрсе сатып алып, оны не үшін алғандарыңды айтып беріңдер.

Сергіту сәті:

Бас, йық, тізе, саусақ.

Бас, йық, тізе, саусақ.

Саусақ, саусақ, саусақ.

(саусақпен сартылдату)

Дәптермен жұмыс.

Ғажайып сөздер.

Туыстарымызды сыйлаймыз.

Туыстарымызбен татумыз.


Қорытындылау.

Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұтақтары тәрізді екен. Барлығымыздың да туған – туысымыз бар.


Жүректен жүрекке.


Балалар ойыншық жүрекше-ні қолдарыңа алып, бір-біріңе ұсынып, өз туыстары-ңа тілек білдіріңдер.



Балалар көздерін жұмып, айтылған әрекеттерді елестетуге тырысады.














Өлеңді ынта-зейінмен тыңдайды.


Балалар өлеңнің мазмұнын айтады.












Балалар нақыл сөзді жаттап алады.


Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Әр бала жауабын айтады.

-Мен сіңіліме жүрекше сатып алдым, себебі ол мейірімді болса екен деймін.

-Мен ініме жұлдызша сатып алғаным, ол жарқыраған жұлдыздай болса екен деймін.


Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.







Дәптердегі туыстық ағашындағы торкөздерге өз туыстарының суретін салады.




-Туыстарды жақсы көріп, қамқорлық көрсетіп отыру керек.


-Мен туыстарыма денсаулық тілеймін.

-Менің туыстарым көңілді жүрсе екен деймін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12