жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің үйім»
|
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.1.Мен және менің отбасым Күні: Сынып: |
Мектеп: «Үстірт орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Утениязова П |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Менің үйім» |
|
|
Оқу мақсаттары |
1.1.3.2. өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін,ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау; 1.1.1.3. отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп,мысалдар келтіру; |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Өз үйі туралы айта алады,үйдегі ұқыптылық ережелерін біледі. Көптеген оқушылар: Өз мекенжайын жаза алады. Кейбір оқушылар: Өз үйінің тұрғылықты орнын біледі. |
|
|
Бағалау критерийлері |
|
|
|
Тілдік мақсат |
Баспана,мекенжай Үй-дом-house ( өзге үй), home (менің үйім) -Сенің үйің қайда? - Мекенжайыңды атай аласың ба? - Сен қай қалада ,ауылда тұрасың? |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Өз үйін күтіп ұстауға,тазалыққа,отбасындағы қамқорлыққа,патриоттыққа тәрбиелеу. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика,көркем еңбек |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|
|
Бастапқы білім |
Өз үйіне бару жолын біледі,отбасы мүшелерін,отбасындағы қамқорлықты біледі. |
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарданған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 мин |
Ұйымдастыру. Мотивациялық кезең. -Психологиялық ахуал. Мен атқан таңды сүйемін, Шуағын шашқан күнді сүйемін. Аялаған табиғатты сүйемін, Қоршаған бар әлемді сүйемін. Мен өзімді сүйемін! -Біз дүниетану пәнінен «Менің отбасым және достарым» бөлімін бастадық.Біздің отбасымызда кімдер бар екен? -Әкем,анам,әжем,атам,бөпем. -Осы отбасымызбен қайда тұрамыз? -Үйде. -Олай болса,біз бүгін өз үйіміз туралы айтамыз.Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік: «Менің таңдауым» әдісі Балалар шеңбер бойынша тұрады. Мұғалім әр түрлі жапырақтардың суретін ұсынады.Оқушылар ұнаған жапырақтарын таңдайды.Сол жапырақтардың келесі бетінде баспана түрлері берілген (киіз үй,бір қабатты үй,екі қабатты үй,көп қабатты үй).Оқушылар таңдаған жапырақтары бойынша 3 топқа бөлініп,өз орындарына отырады. Содан соң,жапырақтардың келесі бетінде үйлердің суреті бар екені айтылып,топтардың атауы айтылады: 1.Киіз үй 2.Бір қабатты үй,екі қабатты үй. 3.Көп қабатты үй. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
-Бәріміздің үйіміз бар.Солай ма?Ал осы үй бізге не үшін керек? Үйдің жайлылығы,отбасы туралы оқушылар айтады. «Үй» сөзі «баспана», «жай» дегенді білдіреді.Сондықтан адамдар өмір сүретін мекенді үй деп атайды.Адам баласы үшін үй-баспана,қорған,жайлы мекен. Үй сөзін үш тілде айтып шығу. Үй-дом-house ( өзге үй), home (менің үйім |
|
|
Сабақтың ортасы Білу 5 мин Түсіну 5 мин Қолдану 20 мин |
(Ұ) -Енді әр топ өзінің тобына берілген үйдің туралы не біледі екен?Қане,айтып көрейік? Әр топ оқушылары өз топтарының баспаналары туралы айтып береді. 1.Киіз үй 2.Бір қабатты үй,екі қабатты үй. 3. Көп қабатты үй.
(МК) Енді осының ішінде киіз үй туралы не білесіздер? -Оны қайдан көрдіңіздер? -Оның ерекшелігі неде? Оқушылардың жауабын тыңдау. Ал,енді сіздердің айтқаныңызды қорытындылай отырып,осы киіз үй туралы бейнебаян тамашалайық". Бейнебаян көрсетіліп,киіз үй туралы толық айтылып,шаңыраққа тоқталады. «Ертеде қазақтар кең даланы мекендеген.Мал баққан.Жазда жайлауға,қыста қыстауға көшкен.Сондықтан олар киіз үйді ойлап тапқан.Киіз үй көшуге қолайлы болған.Ол тез жиналады.Киіз үйде жазда салқын,қыста жылы болған.»
Үйді салған кезде елді мекеннің табиғи жағдайы есепке алынады.Әр халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар. Ресейде-изба (ағаштан жасалған),Қытайда-фанзай,Қырғызстан мен Монғолияда-киіз үй,т.б (Т) «Ойна да,ойла» 1-топ: Геометриялық фигуралардан үй құрастыру.
Дескриптор: Үйдің құрылысын біледі,геометриялық фигураларды атай алады. 2-топ: «Әр бөлменің затын өзіне апар» Әртүрлі бөлменің суреттері және сол бөлмелерде тұратын заттар беріледі.Сол заттарды өзінің тиісті орнына апару керек. Дескриптор: бөлмелерді атай алады.Бөлмелерде тұру керек заттарды біледі. -Сен анаңа қалай көмектесесің? -Үйде қандай бөлмелер бар? (бөлмелерді таза ұстау туралы айта кету) 3-топ: «Құрылысшыға үй салу үшін не керек?» Берілген заттардың арасынаа құрылысшыға қажет заттарды табу. Дескриптор:құрылысшыға қажет заттарды біледі. (құрылысшының еңбегі туралы айту) ҚБ: Оқушылар бірін-бірі басбармақпен бағалайды. Сергіту сәті. Оқулықпен жұмыс (Ұ) Балаға көмектес «Бала сөмкесін неліктен таба алмай отыр?» Үй ішіндегі тазалық,ұқыптылық туралы,отбасы мүшелерінің қызметтері туралы айту. -Сен анаңа қалай көмектесесің? (ЖЖ) «Ойлан,жұптас» Берілген үйлерді салыну ретіне қарай көрсет. (ерте замандағы киіз үйден бастап,қазіргі замандағы биік үйлерді ретіне қарай орналастыру) Дескриптор: Үйлердің салыну уақытын болжай алады. ҚБ: оқушылар бірін –бірі смайликтермен бағалайды. -Сонда адамдар дамыған сайын үйдің келбеті өзгерді ме?Қалай өзгерді? Адамның білімнің арқасында жеткен жетістігі туралы бейне баян тамашалау. ( Ж ) «Үйге қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтау» Берілген суреттерден үйде сақтау қажет қауіпсіздік ережелерін табу. -Есікті танымайтын адамға ашпау. -Үйде оттық ұстамау. -Үтікті қосып тастап кетпеу. - Суды ағызбау. Дескриптор:Үйде сақталатын қауіпсіздік ережелерін біледі. ҚБ: :«Смайлик» Дәптермен жұмыс. Өз бөлмеңнің суретін сал. Дескриптор: Бөлмедегі заттардың орналасу ретін біледі. Өз мекенжайын жаза алады. ҚБ:«Смайлик» |
Суреттер Бейнебаян Геометриялық фигура қиындылары, желім. |
|
Сабақтың соңы 2 мин |
Қорытынды. Әр үйді өз мекенжайына орналастыру. Үйдің айналасында нелер бар? -Үйіңнің мекенжайын ата. Дескриптор: Үйдің орналасу ортасын біледі. ҚБ: топтар бірін-бірі жетондармен бағалайды. |
|
|
Саралау Тапсырма: 1.Ашықхаттың сыртына өз мекенжайын жазу. 2.Өз үйінің тұрғылықты орнының сұлбасын сала алады. |
Бағалау Сабақ үстінде оқушылардың бірін бірі бағалауы: «Бармақтармен» бағалау,жетондармен бағалау. «Смайлик»әдісі |
Денсаулық және қауіпсіздік Сергіту сәті ұйымдастыры лады. Қайшымен, желіммен жұмыс жасау ережелері ескертіледі. |
|
Рефлекция Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма? Мен сабақ уақытын тиімді падалана алдым ба? |
Кері байланыс
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім |
|
|
Қорытынды бағамдау. Бүгінгі сабағым бойынша «Менің таңдауым» әдісі топқа бөлу барысында тиімді болды. «Ойлан,жұптас» әдісі кезінде тыңдаушылардың қызығушылығы мен сабаққа деген ынтасы артты.Зерттеу жұмыстары жақсы көрініс тапты. Алдағы уақытта «Өрмекші», «Кластер»әдістерін қолданғым келеді.
|
||
шағым қалдыра аласыз









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген