9-сынып. Адам Қоғам Құқық
Сабақтың тақырыбы: Меншік және жекешелендіру.
Адам және нарық әлеуметтік өмір аясы.
Сабақтың мақсаты:
Меншік және жекешелендіру туралы оқушыларға
түсінік қалыптастыру.
Білім алушылардың философиялық ойлау мәдениетін
тереңдетіп, шығармашылық ой- өрістерін, дүниетанымдық ұстанымдарын
дамыту.
Меншік ұғымына түсіністікпен қарауын, Отанның,
мәдениетін, тарихын сүйетін, рухани жан дүниесі бай, иман жүзді,
әдепті, білімді де білікті жас ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, әңгімелеу
Көрнекілік:кітаптар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тауар, нарық,
ақша.
2. Құн және тауардың бағасы
3.Ұсыныс және сұраныс
заңы
4. Бәсеке және
монополия
-
Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек бөлінісінің
дамуы тауар өндірісінің пайда болуына алып келді. Айырбас үшін
арнайы өндірілетін өнім тауар деп аталады. Нарық тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша
ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының
жиынтығын білдіреді. Ақша дегеніміз- жалпыға бірдей балама ретінде қызмет
ететін ерекше тауар.
-
Тауардың құны оны өндірушінің өндіріс факторлары
үшін (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының
жиынтығымен айқындалады. Тең салмақты баға теориясын- өндірушінің
бағасы мен сатып алушының бағасының арасындағы балансты
аламыз.
-
Сұраныс деп сатып алушылардың уақыттың сол
мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін
атаймыз. Тауар өндірушінің белгілі жерде, белгілі уақытта
тұтынушыға сата алатын тауарлардың көлемі ұсыныс деп аталады.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Жаңа сабақтың жоспары:
Тарау төмендегі тақырыптардан тұратындығын,
негізгі мақсаттарын түсіндіру.
-
Меншік
-
Түрлі меншік нысандарындағы
кәсіпорындар.
-
Жекешелендіру
-
Жеке меншік – жеке адамдар мен фирмалардың жерді,
капиталды және басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, сату және
мұраға қалдыру құқығы.
-
Кәсіпорын-қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен
түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін,
өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін
субъект.
-
Жеке және ұжымдық шаруашылық жүргізуші
субъектілерге мемлекеттік меншікті беру немесе сату арқылы меншік
қатынастарын қайта құру жекешелендіру деп аталады.
ІV.Сабақты бекіту: -Кубизм стратегиясы:
1.Зертте:
2.Суретте:
3.Талқыла:
4.Салыстыр:
5. Пайдалан:
1-топқа. І- топқа. Жеке
меншік дегеніміз не?
ІІ- топқа. Кәсіпорын
дегеніміз не?
ІІІ- топқа. Жекешелендіру
дегеніміз не?
V.Сабақты қорытындылау:
БҮҮ
|
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
|
VІ.Бағалау: өзін-өзі, бірін-бірі
бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма § 12 (оқу, түсінік айту,
қосымша материалдар оқу).