Тақырып бойынша 11 материал табылды

Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы және түрлерін, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы түсіндіру. ә) Тәрбиелік- адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру. б)Дамытушылық-оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 сабақ

Тақырып: Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы

Сабақтың тақырыбы: Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы
Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділік-оқушыларға меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы және түрлерін, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы түсіндіру. 
ә) Тәрбиелік- адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру. 
б)Дамытушылық-оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу. 
Сабақтың түрі:Аралас
Сабақтың оқыту әдістері: «Дамыта оқыту» технологиясы стратегиясының элементтері, сұрақ-жауап, іздену, ойын элементтері және т.б. 
Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап көрмесі, тірек сызбалар және слайдтар т.б. 
Пәнаралық байланыс: Саясаттану және әлеуметтану негіздері, т.б. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару. 
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттыру. 
Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құрылады. 1-команда «Заңгерлер», 2-команда «Бейбітшілік» 
Жоспары: 
1. Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Азаматтық құқық дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау. 
2. "Тәртіп орнат" кезеңі.

3. "Байқау" кезеңі.

4. "Талқылау" кезеңі.

5. "Ойды аяқта" кезеңі.

6. "Конституцияңды білесің бе?" кезеңі.

7. "Шынығу" кезеңі.

8. «Біліміңді көрсет» кезеңі. 

9. "Құжатты тани біл" кезеңі. 

10. "Құқық қорғаушылар сөйлейді" кезеңі. 

11. «Білгенге маржан»- терминдермен жұмыс кезеңі. 
12. "Мәзір ойыны" кезеңі. 

13. "Әріптер сыры" кезеңі. 

14. Сөз жұмбақ "Құқығым"
Сабақта жасалатын әрекеттер: 
-топқа бөлу, 
-жеке жұмыс,ой-өрісін тыңдау (ой-шақыру), 
-слайдтармен жұмыс, 
-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап береді) 
-шығармашылық жұмыстармен таныстыру, 
-эксперттер тобының жұмысы (бағалау), 
-мұғалімнің қорытынды сөзі. 

Оқытушының сөзі: Құрметті оқушылар! Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген. 
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай , тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы деп аталады. 
Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз. 
1- кезең. Сайысымыздың алғашқы кезеңі "Ой қозғау": Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Азаматтық құқық дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау. 
2- кезең. «Тәртіп орнат» кезеңі.

«Тәртіп орнат» кезеңінің ережелері: Әр командадан бір-бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар берілген сөздердің дұрыс жауабын табу керек. Жауаптарын дұрыс тапқан команда жеңеді.

1.Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.

2.Конституция Б – Мемлекет басшысы.

3.Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4.Азамат Г – Тәуелсіздік.

5.Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі.

6.Президент Е – Заң шығарушы орган.

7.Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.

8.Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.

1

2

3

4

5

6

7

8

Д

А

В

З

Ж

Б

Е

Г

3- кезең. "Байқау" кезеңі

1 шарты «Құқық» дегеніміз не?

«Байқау» кезеңінің №1 шарты ережелері: Әр командаға үш-үш сұрақтардан беріледі. Оқушылар берілген сұрақтардың үшеуіне де дұрыс жауап берсе, сол команда жеңеді.

Сұрақтар

Жауаптар


1-команда "Заңгерлер"

1

Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

Адам мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2

Құқықтың қандай түрлері бар?

Жеке, саяси, экономикалық, әлеуметтік,

мәдени т.б.

3

Адам құқығы қай уақытта пайда болады?

Туғанынан беріледі.


2-команда "Бейбітшілік"

1

Адамның негізгі құқығы?

Өз құқықтарын пайдалану.

2

Құқық қашан және қайда пайда болады?

Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.

3

Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық деген не?

Бостандық – бұл таңдау мүмкіндігі.

2 шарты. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз?

Байқау кезеңінің №2 шартының ережелері: Әр командадан бір-бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма-кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

1.Заңдарға бағыну.

2.Басқа азаматтардың құқықтарын,бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

3.Мемлекет рәміздерін құрметтеу.

4.Қаржы, салықтарды төлеу.

5.Тарихи және мәдени байлықтарын сақтау.

6.Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау.

7.Ата-аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата-ана алдындағы міндеттерін орындау.

8.Орта мектеп білімін алу.

9.Қазақстан Республикасын қорғау.

4- кезең. "Талқылау" кезеңі.

«Жаза мен қылмыс»

«Талқылау» кезеңінің ережесі: Екі командаға үш-үш сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға оқушылардың пікірлері. Пікірлерін толық жеткізе білген команда жеңеді.

1.Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?

2.Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды?

3.Қылмыс жасағандарға қоғам кінәлі ме?

4.Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасыңыз қандай?

5.Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?

6.Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

5- кезең. «Ойды аяқта» кезеңі.

«Ойды аяқта» кезеңінің ережесі: Айтылған сөздер аяқталу керек. Екі командаға төрт-төрт сөзден беріледі.

1-команда "Заңгерлер"

1. Заңның құрығы.......................(бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан гөрі....................(кешірген жақсы)

3. Туғанды биде...........................(иман жоқ)

4. Таста тамыр жоқ.......................(биде бауыр жоқ)

2-команда "Бейбітшілік"

1. Туғанына бұрғаны....................(биді құдай ұрғаны)

2. Әр адамның құдайы..................(оның ары)

3. Жамандық қылсаң пәле күт........(бәріне де зауал бар)

4. Жазасын тартпайтын....................(жамандық болмайды)

6- кезең. «Конституцияңды білесің бе?» кезеңі.

«Конституцияңды білесің бе?» кезеңінің ережесі: Команда оқушыларына бір-бірден сұрақтар беріледі. Сұрақтарға дұрыс жауап берген команда жеңеді.

Сұрақтар

Жауаптар

1

1-команда "Заңгерлер"

Мемлекет билігінің қайнар көзі?


Халық (3 бап)

2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

1992 жылы

3

Қазақстан Республикасының азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?

Жоқ (10 бап)

4

Өз дінім мен ұлтымды айтпауға құқығым бар ма?

Иә (19 бап)

5

Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығымыз бар ма?

Иә (23 бап)

1

2-команда "Бейбітшілік"

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау рәсімі қашан өтеді?


Желтоқсанның бірінші жексенбесінде (44 бап)

2

Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма?

Жоқ (43 бап)

3

Қазақстан Республикасының жоғарғы өкілетті органы?

Парламент (49 бап)

4

Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?

Премьер-Министр (67 бап)

5

Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы?

Үкімет (64 бап)

7- кезең. «Шынығу» кезеңі.

«Шынығу» кезеңінің ережесі: Екі командадан бір-бір оқушыдан шақырылып, берілген әріптерден сөздерді тауып, мағынасын жазу керек.

1.ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы;

2.АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі;

3.ЕНТЕЗПРИДЕ – Мемлекет басшысы;

4.УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім;

5.АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат.

8- кезең. «Біліміңді көрсет» кезеңі.

«Біліміңді көрсет» кезеңінің ережесі: Екі командаға төрт-төрт сұрақтардан беріледі, бұл сұрақтарға тезде жауап берулері тиіс.

1-команда "Заңгерлер"

1.Қазіргі дүние жүзінде қанша қазақ бар? – (12 млн).

2.Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы қашан қабылданды? – (1948ж. 10/ХІІ).

3.Шет елдерде қанша қазақ тұрады? – (4млн. астам).

4.Азаматтық дегеніміз не? – (адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси құқықтың өзара қатынасы).

2-команда "Бейбітшілік"

1.Қоғамның бастапқы ұясы не? – (отбасы).

2.Ата-ананың қасиетті міндеті не? – (балаларына қамқорлық көрсету).

3.Біздің мемлекетіміздегі меншіктің түрлерін ата? – (мемлекеттік меншік, жеке меншік).

4.Азаматтың конституциялық міндеті? – (республиканың заңын сақтау, қылмыс істемеу, тәртіпсіздік жасамау, өзіне жүктелген міндетті орындау).

9- кезең. «Құжатты тани біл» кезеңі.

(Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы).

«Құжатты тани біл» кезеңінің ережесі: Капитан командаларына Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы сұрақтар беріледі. 1.Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтай алады ма? – (өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды).

2.Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану үшін қандай шарттар қойылады? – (Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде кемінде 5 жыл тұрақты тұратын, не Қазақстан Республикасы азаматтарымен кемінде 3 жыл некеде тұратын адамдар қабылданады).

10- кезең. «Құқық қорғаушылар сөйлейді» кезеңі. (Шешендік өнер)

1-команда "Заңгерлер"

 1. Баласы мектептен келіп анасына «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» дейді. «Сенсіз де шаруам көп, басым ауырып тұр, мазамды алма» деп жауап береді анасы. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

2-команда "Бейбітшілік"

2. Беймезгіл уақытта баласын көшеге жіберіп, өзі үйінде қаперсіз отыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

11-кезең. Білгенге маржан -(Терминдермен жұмыс).

1-команда "Заңгерлер"
1. Конституция – ең жоғарғы заңды күші бар акті.
2. Диспозиция – қылмыстың атауы, белгіленген мінез - құлық ережелеріне байланысты талап.
3. Санкция – құқықтың талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын шара.
4. Гипотеза – норманы іске асыру үшін қойылатын талап.
2-команда "Бейбітшілік"

1. Материалдық кепілдік – экономикалық кеңістіктің біртұтастығы, тауарлардың, қызмет және қаржы құралдарының орын ауыстыруына, экономикалық қызметке бостандық беру, жеке, мемлекеттік меншіктің түрін қорғау және мойындау.
2. Үкімет – атқарушы органдар жүйесін басқаратын, олардың қызметіне басшылық ететін, атқарушы биліктің жоғары органы.
3. Вето – мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы.
4. Демократия – халық билігі, халықты биліктің қайнар көзі деп тануға негізделген, қоғамдағы саяси ұйым нысаны.

12- кезең "Мәзір ойыны" : Төмендегі жағдайларда қандай қылмыс, қылық, кикілжің яғни өзге әлеуметтік нормалардың бұзылғанын анықтауларың керек

1 -команда "Заңгерлер" 

Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды. Екеуіде бір – бірінің бет ауыздарына оңдырмай таңба салды. Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады (кикілжің)

20 жастағы ағайынды Саша мен Никита 9 сынып оқушысы Аняны есірткіге үйретті (қылмыс )

Әуесқан сыныптас жолдасының 900  теңгесін ұрлап алды (қылмыс)

Индира өзіне жаңа Джинсы әпермегені үшін әке – шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне кетіп қалды(қылық)

Рокерлер алаңға түнгі сағат 12 де жиналадыда топ болып көше кезеді (қылық)

Жабаев Иманбай 2 ай бойы сабаққа бармай жүр, Ол биологиядан беретін мұғалімді жақтырмайды, бірақ ата-анасы оны басқа ауыстырудан бас тартты (кикілжің)

Жекпе – жек үстінде боксшінің біреуі қарсыласының жағын сындырды (қылмыс)

9 сынып оқушысы Марат Ізімов өз сыныбындағы және төменгі сыныптардағы балаларды қорқытып ақша жинаған (қылмыс)

2 -команда "Бейбітшілік"

Аңға шыққан кезінде Омаров Қадіржан байқаусызда досының қолын атып алды (қылмыс)

6 Б сыныбында 3 баланың ата – анасы мектеп жиналысына келмеудіәдетке айналдырған. Себебі үшеуініңде баласының үлгерімі нашар.Олар өз балалары жөнінде жағымсыз хабар естігіс келмейді (кикілжің)

Иманжанов Бауыржан ылғи әскери комиссариаттан шақыру қағаз алады , бірақ оған барып жатқан  ол жоқ,шақыру қағаздарын жыртып тастайды Ол әскерге барудан қатты үрейленеді (қылық)

Аида ағасы автобуста жымқырып кеткен 100 долларды үйдің бір жеріне тығып тастады. Бұл жөнінде ата- анасына тіс жарған жоқ (қылмыс)

Абай отбасының жоғалып кеткен итін белгісіз бір жігіт тауып алды. Ит иелері газетке хабарландыру берді.Ит қартайған ауру болсада Абайдың үй іші оған әбден бауыр басып қалған , Ал әлгі жігіт телефон арқылы сыйақы ретінде 30 мың теңге сұрайды. Бұндай ақша Абайда жоқ. (қылмыс)

Мұрат «Альянс» дүкенінен бейне камера сатып алды.Камера түрлі – түсті етіп түсірмейді. Кепіл берілетін мерзімі өтпесе де дүкен қызметкерлері камераны айырбастаудан бас тартты . Олардың пайымдауынша камераны қалағандай етіп жөндеуге болады, Ал Мұратттың ата- анасы болса қалайда айырбастауды талап етіп отыр (кикілжің)

Дене шынықтыру сабағында мұғалім балалардың белтемірге тартылуын талап етеді, егер бала 7 рет тартыла алмаса мұғалімнің айтатыны «шикі өкпе, жалқау» (қылмыс)

Техника қауіпсіздігі жөніндегі инжинер жұмысқа 3 рет мас болып келді (қылық)

Асанбаев 14 ай бойы қызына алимент төлемей келеді. Ол кездейсоқ , уақытша жұмыстарда жүр (қылмыс)

13- кезең. «Әріптер сыры».

1-команда "Заңгерлер"

А- Адам мәселесімен айналысатын ғылым. (Антропология).

Б- 18 жасқа толмаған баланы қалай атайды? (Бала)

В- 1993 жылы 15-қарашада болған оқиғаны ата? (Валюта енгізілді).

Г- Елтаңбаны зерттейтін ғылымды ата? (Геральдика)

Д- халық еркі немесе билігі (Демократия)

Е- ақша белгілерінде бейнеленген мемлекеттік эмблема  (Елтаңба)

Ж- Тәуке ханның заңдар жинағы (Жеті жарғы)

З- Мемлекеттік белгіленген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы қалай аталады? (Заң)

К- Ата Заңымыз қалай аталады?   (Конституция)

М-Балаларды қорғау күні қай айда?  (Мамырда)

2-команда "Бейбітшілік"

П- Мемлекет басшысы  (Президент)

О- Қоғамның  бастапқы ұясы   (Отбасы)

Р- Бүкіл халықтық дауысқа салу  (Референдум)

С- Қылмыскерлердің жазасына байланысты үкім шығарады  (Сот)

Т-  Құжат ( Төлқұжат)

У- Қ.Р мемлекеттік құрылымы (Унитарлы)

Ұ- Біреудің дүние мүлкін құпия түрде алу   (Ұрлау)

Х- Мемлекеттік биліктің қайнар көзі?   (Халық)

Ш- Құран кітабының заңдары қалай аталады?  (Шарихат)

Э- Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердізерттейтін ғылым?    (Этнография)

14-кезең. Сөзжұмбақ шешу:  «Құқығым»

  Мен және менің
1    Қ                    
2        Ұ    
3    Қ                    
            Ы    
5            Ғ        
6            Ы            
7            М            
 1. Конвенция қай айда қабылданған? (Қараша)
2. Конвенцияны қай ұйымда қабылдады? (БҰҰ)
3. Құқық бұзушылық деген не? (Қылмыс)
4.ҚР-ғы балалар құқығы туралы Заңы қай айда қабылданған?
(Тамыз)
5. Заңның 34- бабы не туралы ? (Бала және қоғам)
6. Конвенцияның қабылданғанына неше жыл? (Жиырма)
 7. Заң қай жерде қабылданған? (Алматы)

Жаңа сабақ

1. Меншік құқығы түсінігі
2. Меншік нысандарының түрлері. Жеке меншік

3.Мемлекеттік меншік
4. Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері 
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бап - Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны.

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншік иесі өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, содай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетте. Меншік құқығының мерзімі шексіз.

2. 191-бап. Жеке меншік ұғымы және оның түрлері.

Жеке меншік дегеніміз – меншік иесі азамат жеке тұлға екенін білдіреді. Кейбір жағдайларда меншік құқығына мемлекет тікелей өзі құрмаған заңды тұлғалар ие болады. Аталған заңды тұлғаларға жататын меншік те жеке меншік болып табылады. Алайда азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығы бірдей болып табылмайды. Олардың өз меншігіне иелік ету мүмкіндіктері де әр түрлі. Сондықтан да біз жеке меншік түрлерге бөлінеді дей аламыз. Олар: 1. азаматтардың меншігі; 2. заңды тұлғалардың меншігі.

3. 192-бап. Мемлекеттік меншік құқығы.

Жеке меншікпен қатар Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік те бар. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес меншіктің белгілі бір түрлері тек қана мемлекет меншігіне жатқызылуы мүмкін. Мысалы, жер қойнауы, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи қорлар мемлекет меншігінде. Жер мемлекеттің және жеке адамның меншігінде болады. Мемлекеттік меншік 2-ге бөлінеді. Рсепубликалық және коммуналдық меншік. Республикалық меншік түсінігі – меншік иесі тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы екенін білдіреді. Республикалық меншік жалпы халық қажетін қанағаттандыру үшін керек. Оның көмегімен мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктелген қызметтерді жүзеге асырады. Үкіметтік ғимараттар, біздің мемлекетіміздің қорғансы қабілетін ұстап тұруға қажетінің бәрі де Республикалық меншік. Оның қатарына – жолдар, ұлттық мұражайлар, кітапханалар жатады.

Коммуналдық меншік мемлекеттік меншік түрі ретінде Қазақстан облыстарына тиесілі әкімшілік – аумақтық бірліктен құралған. Ол сонымен қатар қалаларға және Алматы қаласына да жатады. Мемлекеттік меншіктің осы түрі жергілікті қазынадан және коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

4. Ерікті және мәжбүрлеу түрлеріне бөлінеді. Меншік иесі заң берген өкілеттіліктерді пайдалана отырып, өзінің меншік құқығын тоқтата алады. Меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату меншік иесінің еркіне байланысты болмайды.

253-бап. Реквизициялау.

Реквизициялау – меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату тәсілдерінің бірі. Бұл өте сирек жағдайларда қолданылады. Бұл әсіресе соғыс кезінде, сонымен қатар табиғи апат кезінде де (жер сілкінісінде, су тасқыны, орман өртенгенде және т.б) қолданылады.

Меншікке құқықты мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір тәсілі (254-бап)тәркілеу болып табылады. Ол тек сот тәртібімен іске асырылуы мүмкін. Тәркілеу мүмкіндігі қылмыстық, әкімшілік және өзге де заңнамаларда тікелей көзделуге тиіс. Тәркіленетін мүлік әдетте заңсыз жолмен жиналған немесе қылмыс жасау үшін пайдаланылған болады. Тәркілеудің реквизициядан айырмашылығы, тәркілеу қайтарымсыз жүргізіледі. Бұрынғы меншік иесіне ешқандай өтемақы төленбейді.

Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру: 
1. Меншік құқығы дегеніміз не? 
2. Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар? 
3. Меншік құқығы қандай жағдайларда тоқтатылады? 
Жаңа материалды бекіту: 
1. Меншік нысандарының түрлері 
Бағалау:

                 Үйге тапсырма : 46-бет

Тақырыпты оқып келу.« Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы» атты тақырыпта реферат жазып келу.








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2018
670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12