Меншiктiк қатынастары және олардыңэ кономикадағы ролi

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Меншiктiк қатынастары және олардыңэ кономикадағы ролi

Материал туралы қысқаша түсінік
Меншiктiк қатынастары және олардыңэ кономикадағы ролi
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ АLT КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А________

2024-2025 оқу жылы

Оқу сабақ жоспары №9

Модуль/пән атауы

Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану

Сабақтың тақырыбы

Меншiктiк қатынастары және олардыңэ кономикадағы ролi

Педагог

Еркебекова Ж

Курс


Топ







Сабақтың өткізілетін күні







Сабақтың түрі

Теориялық сабағы

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық

жүйелердің типтеріне тоқталу, олардың артықшылықтары мен

кемшіліктеріне тоқталу, меншік қатынастарын зерттеу және

Қазақстанның өтпелі экономика жағдайындағы ерекшеліктеріне

тоқталу.

Бағалау критерийлері

Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарына Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны игеру

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Негізгі:

1. Экономикалық теориялар негіздері Схема-конспект. - Л.В.Куликов

2. Экономикалық теориялар негіздері - С.Райымқұлұлы

Қосымша:

1. Қазіргізаманэкономикасы - Молдахметова А.Б.

2. Экономикалықтеорияларнегіздері - Аубакиров

Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулық.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

Студенттермен сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

  1. инут)

Карточкалар тапсырмаларды жазып, сол арқылы сұрап шығу.

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

( 5 минут)

Экономикалық жүйе, дәстүрлі экономикалық

жүйе, жоспарлы экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық

жүйе, аралас экономикалық жүйе, постиндустриалдық қоғам,

меншік, меншік құқығы, меншік нысандары, меншік субъектісі,

жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу, т.б

4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары,

объектілері мен субъектілері

Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйымдастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи

категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құралжабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен

байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші

адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне

ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда

табудың қайнар көзі ретінде саналады.

Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит,

Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты

ғалымдар қосты.

Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын

иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың

пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды,

тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын

анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы

меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге

қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу

үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын

сипаттайды.

Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің

қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық

қатынастар деп түсінуге болады. Меншік нысаны меншік

объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді.

Кейбір отандық әдебиеттерде, меншік құқығы деп белгілі бір

тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының

жиынтығын айтады. Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесі – не,

қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық

агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді

болып табылады. Осыған байланысты, кез келген меншік иесі болып

табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді,

пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының

Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:

1) Иемдену – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық

тұрғыдан қамтамасыз етілуі.

2) Пайдалану – белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін

алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

3) Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз

етілуі.

Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің

толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық»

немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:

1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау

құқығы;

2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін

алуға деген құқығы;

3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай

шешетіндігі жөніндегі құқығы;

4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай

да бір нәтижеге жете алу құқығы;

5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою

құқығы;

6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және

сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;

7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;

9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға

қарсылық жасау құқығы;

10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни

қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;

11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын

қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні

мынаған келіп саяды, яғни меншік – бұл адамдар арасындағы

материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және

тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде

меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік

субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап

отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік

топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады.

Меншік объектісі – бұл осылар арқылы меншік қатынастары

туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік

объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құралжабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші,

білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б. жатады.

Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік

меншік. Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.

Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің

немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша

жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік

жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп

түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік

мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден

алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады.

Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады.

Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және

акционерлік меншік жатады. 1) Кооперативтік меншік деп бірігіп

қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құралжабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің

бір түрін айтады. 2) Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату

нәтижесінде қалыптасатын меншік.

Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табылатын

меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді

мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің

басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы

табылады.

Мемлекеттің меншіктің дамуы негізінен әміршіл-әкімшіл

экономикалық жүйеде орын алады. Әдетте, оның үлесі меншік

түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен,

бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты.

Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік

меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады.

Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде

жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялардың

пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің

орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып кетуі, тауар

тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырылмауы.

Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде

мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою

туралы әңгіме қозғау керек

5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

«Әлеуметтік қатынастар немесе меншік бойынша қатынастар өндірістің кез келген әдісінің басты өндірістік қатынастары болып табылады. Олар өндірістің заттық факторлары мен жеке бірігу әдісін сипаттайды және бөлудің, айырбастаудың және тұтынудың қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастардағы меншіктің рөлі мен орнын келесі жағдайлар анықтайды:

меншік – қоғамдық қатынастар жүйесіндегі іргетас болып табылады;

меншік қоғамның жігінің жағдайын анықтайды;

Меншік өз нысанында айырбастаудың екі жолына ие:

эволюциялық және революциялық;

меншіктің барлық нысандары өзара байланысты және өзара іс-қимылда;

меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады».

Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастықтың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді.

Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.

Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады».

«Меншіктің объектісін (не иемделінеді) және субъектісін (кім иемденеді) айыра білу керек. Меншіктің объектісіне қоғам байлығының материладық-заттық элементтері жатады немесе өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс нәтижесі. Ал субъектісіне – мемлекет, коллектив (ұжым) және жеке адамдар жатады.

Меншік субъектілерінің көпшілігі, өндіріс құрал-жабдықтарын иелену билік ету, пайдалану туралы құқық қатынастарының пайда болуын және әрекет етуінің алғышарты болып табылады. Өндіріс құрал-жабдықтарын иелену, билік ету және пайдалану арқылы меншіктің экономикалық мазмұны жүзеге асырылады және юридикалық заңдарда құқықтық көрініс алады».

«Меншік қатынастарының экономикалық мазмұнын меншік субъектісі мен объектісі анықтайды.

Меншік субъектілері — меншік қатынастарының белсенді жағы. Олар меншік объектісіне иемденіп, оған билік ететін тұлғалар.

Меншік субъектілері: адам, тұлға – меншіктің бастапқы субъектісі болып табылады. Ол – ең алдымен өз дене қуатының, қарым-қабілетінің, жұмыс күшінің қожасы. Меншіктің бұл объектісі адамдардың жеке өзіне тәуелді. Отбасы – бұл да меншіктің көп тараған субъектісі. Отбасы мүшелері үй ішінің жиған мал-мүліктерінің иесі.

«Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.

Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға тиесілік жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Меншік құқығы мүліктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді».

«Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланып жүрген анықтамалардың біреуіне сүйенер болсақ, жеке меншік меншіктік құқықтың мынадай түрлері арқылы даму алады:

иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;

пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;

басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;

табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету құқығы;

егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;

қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің экспроприяциясынан немесе сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;

игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;

игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;

сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пайдалануға тыйым салу;

өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;

қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін институттардың болу құқығы.

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншік категориясына теориялық талдау, оның қоғамның әрі құқылық, әрі экономикалық қатынастарын сипаттайтынын растайды. Меншіктің құқылық және экономикалық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда «тамырлар қатынасының заңы» әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда меншік әрі экономика, әрі заң категориясына жатады.

«Меншік формасы – ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критериий (өлшемдері)».

«ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес «ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Бұл меншіктің формалары. Әртүрлі әлеуметтік мақсат пен құқықтық режим оларды бөліп алуға негіздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституциясында олардың меншік құқығының субъектісі ретінде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргізіледі. Жеке меншікке жататындықты заң өте оңай анықтайды — мемлекетке тиесілі еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке меншік болып табылады».


6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)(5 минут)

Меншік формасы сонымен қатар «ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес «ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» толық ақпарат жинау.

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)

Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.
Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».



Педагог: ___________________________________























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
68
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі