Сценарий тақырыбы: «Мерейлі отбасы»
Сценарий мақсаты:Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау. Балабақшамен ата –аналар арасындағы байланысты нығайту.
«Бала – адамның бауыр еті», «балалы – үй базар» дейді. Өйткені бала – аөмірдің жалғасы, отбасының жеміс бере гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Армысыздар отбасы тірегі – асқар тау әкелер, ақжаулықты аналар және қадірменді қонақтар. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата – анасы. Бұл жандар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсчым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды.
Отбасы – таным белгісі, отбасы – үлгі – өнеге бастауы. Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады». Ал біз «Айназ» балабақшасы бөбектеріміздің болашағына зор үмітпен қараймыз. Себебі, ең парасатты, ақылды, әдепті, жауапты, мейірімді ата – аналармен жұмыс жасаймыз. Сондай мерейлі отбасылардың көз қуаныштарын біздің балабақша тәрбиелейді. Балабақшамызда ұйымдастырылып отырған «Мерейлі отбасы» сайысымызға қош келдіңіздер. Ендеше, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, балабақша өмірімен тығыз байланыс орнатып, баласының болашағына жауапкершілікпен қарайтын, осынау сайысқа отбасы намысын қорғаймын деп келген, мерейлі отбасылық топтарды зор қошеметпен сахна төріне шақырамыз!
1. Махмутовтар отбасы.
2. Ізберген отбасы.
3. Кубасовтар отбасы.
Сайысымыздың шарттарымен таныстыра кетейін.
1. Таныстыру.
2. Мақал – мәтелдер жалғастыру.
3. Ертегілер еліне саяхат.
4. Ситуациялық сұрақтар.
5. Әкелер сайысы.
6. Аналар сайысы.
7. Балалар сайысы.
8. Қолөнер. «Астана 20 жыл. Қарақия 45 жыл»
9. Дәстүріңді сақтай біл.
10. Марапаттау.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан.
Әділқазы алқасымен танысайық.
Отбасылық топтарға төрелік ететін қазылар алқасы:
Балабақша басшысы: Тулегожаева Жадыра Муратбаевна
Балабақша әдіскері: Тауманова Ұлболсын Мэлсқызы
Балабықша тәрбиешісі: Өтеналиева Гүлзира Муханбетқалиқызы
Сайыстың өту ережесі. Әр кезең 3 минуттан аспауы керек, ең жоғары ұпай 5, ең төменгі ұпай 3.
Сайысымызды бастамас бұрын менің қолымдағы қоржыннан жеребе суырасыз. Таңдаған жеребе бойынша кезегіңізбен шығасыз.
1. Кубасовтар отбасы.
2. Махмутовтар отбасы.
3. Ізберген отбасы.
Олай болса қатысушыларымызға сәттілік тілеп орындарына жайғастырамыз. Отыра берулеріңізге рұқсат!
1. Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт,
Көрелік ал ендеше жарыстырып,
Келіп тұрған отбасылар ретімен.
Жіберсін өздерін таныстырып, - дей келе «Тегін білу тектілік» яғни «Таныстыру» кезеңі.
2. «Сөздің көркі мақал» деген аталы сөз бар. Ендеше 2 кезең «Мақал – мәтелдер жалғастыру»
1. Жалғыз түйе бақырауық келед,
Жалғыз бала жылауық.
2. Сақау баланың тілін шешесі түсінеді.
3. Балам балым,
Баламның баласы – жаным.
4. Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
5. Ат болатын құлынның,
Бауыры жақзық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.
6. Шын жыласа соқыр көзден жас шығар.
7. Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
8. Өнегелі отаудың өрісі кең.
9. Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
10. Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
11. Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
4. «Ертегілер еліне саяхат»
Алдарыңызға ертегі кейіпкерлері таратылады. Таратылған кейіпкерлерді кірістіре отырып 5 – 6 сөйлемнен тұратын ертегіні ойдан құрастырып, алдыңыздағы қағаз бетіне түсіресіз. Отбасыларымыз дайын боламын дегеншебалабақшамыздағы ересек «Аққайың» тобының бишілерін шақырамыз. «Бипыл» биі.
4. Ситуациялық сұрақтар.
1. Балаңыз атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар? Екі жақты тәрбиелеу дұрыспа?
2. Балаңыз телеарнадан сүйікті мультхикаясын көріп отыр, сол сәтте сіздіңде телесериалыңыз басталады. Сіз не істейсіз?Балаңызға қандайәрекет жасайсыз?
3. Балаңыз сіздің көзіңізше тәрбиешісіне дауыс көтерді, сіздің әрекетіңіз?
4. Балаңыз үйде тәртіпті, ақылды болғанымен, балабақшада бұзық. Тәрбиешісіне ашуланып өз қолын өзі жарақаттайды. Бірақ бұны тәрбиешісі жасады деп балаңыз шағымданады. Сіз балабақша басшысына келіп дау көтеріп, шағымданғаныңызда барлық жағдайға балаңыздың өзі кінәлі болып, өзі жасағанын білдіңі? Сіздің әрекетіңіз?
5. Әкелер сайысы.
Әкелеріміз балаларының киімдерін тауып кигізіп, тәрбиешісінің атын атап, тобын атап, тапсыру. Топ тәрбиешілерін шақырамын.
6. Аналар сайысы.
«Бесік жырын естіген, бес арыстың баласы» дегендей біздің мейірімді аналарымыз, баласынұйықтату үшін бесік жырын айтады.
7. Балалар сайысы «Көмекші балақайлар».
Аналарына дастархан жасап көмектеседі.
8. «Астана 20 жыл. Қарақия 45 жыл» тақырыбында қолөнер туындысы.
9. Дәстүрді сақтай біл.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан,
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата – анадан өсіп ұрпақ таныған,
Жақсы жаман болса бала солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата –ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балаларыңыздың сіздерге бақыт сыйлайтын тұлға болуы сіздерге байланысты ата – аналар. Сөз кезегін әділ – қазыларға берейін.
10. Марапаттау.
Жеңістеріңіз құтты болсын. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Мерейлі отбасы» атты сайысымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
«Айназ» жекеменшік балабақшасы
Мерейлі отбасы
«отбасылық сайыс»
Өткізген: Ізберген А.А
2018 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз