Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерейлі отбасы 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар







Сабақ тақырыбы

Менің мерейлі отбасым


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1. Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;

3.1.1.2 Әулет шежіресін құру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Отбасындағы туыстық қатынастарды түсінеді;

  • Өз әулетінің шежіресін құрайды.

Бағалау критерийлері

  • Туыстық атауларды (3-тен артық) біледі және туыстық қатынасты анықтайды;

  • Өз әулетінің шежіресін (бала/әке/ата/арғы ата) құрайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Өз отбасының туыстық қатынастары жайлы әңгімелейді.

Терминология:

  • шежіре

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әулет шежіресін білу қаншалықты маңызды?


Жазуға берілетін тапсырма:

  • өз әулетінің шежіресін жазу

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық – отбасы мүшелерінің бір-бірін қолдауын, көмек көрсетуін түсіну арқылы жүзеге асады.

Өзінің ата-тегін білу, құрметтеу қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Отбасының шежіресін құру арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыт өлшем бірліктері.

Ана тілі: Әдеби көркем шығармалардан үзінділер қолдану

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың отбасы құндылықтары туралы білім негіздері бар. Жеті аталарын білу маңыздылығын түсінеді. Шежіре ағашын құру тәжірибелері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-3













4-6













7-8







  1. Жұмбақ жасыру (ұжымда)

Ұстаз оқушыларға сағат туралы жұмбақ жасырады. Шешімі табылғаннан кейін тығылған жерден сағатты (немесе суретін) алып шығады. Жаңа тараудың сағатпен байланысты екенін айтады. Тараудың кіріспе беті талданады.

Күндіз де жүреді, 
Түнде де жүреді, 
Аяғы жоқ, қолы жоқ, 
Не жүрген жолы жоқ. 
Ол не, кім біледі? (Сағат)

  1. Талқылау (Ұжымда)

Оқушылар уақыт өлшемдері туралы естеріне түсіреді.

секунд, минут, сағат, таңертең, түс, кеш, түн, күндіз;

апта, ай, жыл, көктем, қыс, күз, жаз.

Уақыттың маңыздылығы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады.

Уақыт ерекшеліктері:

Тез өтеді, қайтып келмейді және орны толмайды, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты жүйелеу.


  1. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  • туыстық қатынастарды түсіну;

  • өз әулетінің шежіресін құрау;



Жұмбақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сағат немесе суреті

Слайд №2








Слайд №4












Слайд №5

Сабақ ортасы

9-12









13-16













17-21















22-26









27-36






  1. «Өрмек» ойыны (шағын топтарда)

Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне иірілген жіпті береді де туыстық атауларды айтады. Оқушылардан не көріп тұрғанын сұрау. Олар өрмек шықты деп айтуы мүмкін. Туыстық байланыстар осы жіп сияқты нәзік, сондықтан туыстық қатынасты бағалау керекпіз деген қорытындыға келеді.


  1. «Фактілер және пікірлер» стратегиясы (ұжымда)

Жеңіс күніне арналған «Мәңгілік даңқ» атты фотоакция көрсетіледі.

- Бұл адамдар кімдер?

- Олардың қолындағы кімдердің портреті?

- Олар неліктен бұл портреттерді көтеріп жүр?

-Бұл оқиға қай кезде болған?

-Уақыт өзгерте алмайтын нәрсе бола ма?

-Қандай қорытынды айта аласыңдар?

Оқушылар айтылған фактілер бойынша өз пікірлерін айтып, тапсырманы қорытындылайды.


  1. Мәтінмен жұмыс (жұпта)

Ата -бабаларын батыр деп дәріптеген шағын әдеби мәтін таратылады. Оқушылар мәтінмен танысады. Жұпта автордың өз шығармасында неліктен ата-бабаларын батыр деп санағаны жайында, ойларын ортаға салады.


-Бұл мәтінде қандай туыстық атаулар кездесті?

-Қандай қасиеттеріне қарап, кейіпкерді батыр деп дәріптеуге болады?

-Неліктен автор өз ата-бабаларын батырға теңейді?


  1. «Уақыт таспасы/шежіре ағашы» тапсырмасы (жеке, жұпта)

Оқушылар өзінің ата-бабасының есімдерін уақыт таспасына немесе шежіре ағашына ретімен орналастырады. Жұпта бір-біріне ата-бабаларының есімін орналастыру заңдылығы бойынша пікір алмасады.

Бағалау критерийлері:

  • өз әулетінің шежіресін (бала/әке/ата/арғы ата) құрайды.

  1. «Менің мерейлі - отбасым» тақырыбына шағын ой толғау (жеке)

Ой толғау жазар алдында минималды сөйлем саны (6 сөйлемнен кем емес), бағалау критерийлері таныстырылады.

Бағалау критерийлері:

  • Туыстық атауларды (3-тен артық) біледі және туыстық қатынасты анықтайды;

  • өз әулетінің шежіресін (бала/әке/ата/арғы ата) құрайды.


Топ санына қарай иірілген жіптер бумасы

Слайд №6





(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд№7

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз









Әдеби көркем шығармалардан үзінділер.
Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»

Оралхан Бөкей «Апамның астауы».


Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз





(дидактикалық материалға қараңыз)









Шығарма жазуға арналған таратпа парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)


Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):



Сабақ мақсаты

+

(бәрі түсінікті)

-

(түсініксіз)

?

(сұрағым бар)

Туыстық қатынастарды түсіну




Өз әулетімнің шежіресін құру




Бірнеше жауаптарды талдауға болады.


Таратпа парақ


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға туыстық атауларды тереңдетіп беруге болады. Шежіре құру формаларын оқушылардың өздеріне таңдауға ерік беру арқылы саралау жасауға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Сабақ мақсатына жету деңгейн бағалау үшін

«Уақыт сызығына» отбасы мүшелерін туған күндеріне, туған айларына, жасына қарай орналастыру және қасына туыстық атауларды жазу ұсынылады. Тапсырма жеке орындалып, бағалау критерийлеріне сай бағаланады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2019
682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12