400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерекелеік ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Күзгі мерекелік ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы



Орысбаева Алтынтөре Қалдыгерейқызы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

ДК Қосуақова Ж.Қ. «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы» жекеменшік мекемесінің тәрбиешісі,

Жоғары білімді, ІI-санатты.

e-mail: kunshuak2017@mail.ru



«Берекелі де мерекелі Алтын күз!»

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Күз мезгіліндегі еңбек түрлері туралы көрініс сахналандыру.Балалардың өлең-шумақтарын , ән , билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Мерекелік көңіл – күй орнату. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Picture 4













Расул : Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық,

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Сайда: Ел байлығын арттырған , берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын!

Расул: Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін , қамбаға толы егінін сыйлады.

Сайда: Ендеше , «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!


Расул-Сайда: Хор : «Күзгі вальс»

(Балалар залдың ортасында хор айтады)



Расул : Балалар , мінекей күз мезгілі де келіп жетті. Күз мезгілінде неше ай бар! Олар қалай аталады?

Балалар: Күз мезгілінде 3 ай бар .Олар: Қыркүйек , қазан , қараша.

Сайда : - Ал , қазір күздің қай айы?

Расул : Күз мезгілінде ауа-райында қандай ерекшеліктер болады?

Балалар: Күз мезгілінде күн салқындайды, жел соғады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, адамдар жылы киінеді.

Сайда : Күз мезгіліне арналған өлең-шумақтарымызды қабыл алыңыздар!


Тақпақтар: Алиасқар, Раяна ,Азамат ,Имран , Айназ , Жәдігер, Жанәли, Жансая Ғибратолла , Маржан.

Picture 6















Алиасқар .

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.


Раяна

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.



Азамат.

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге ,

Қызық көп күзде.















Имран

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.



Айназ

Жайдары күз жомарт күз,

Аяулы күз алтын күз.

Дәнге толы кеғ далам

Дариядай шалқып жүр. .


Жанәли

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз,

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз.


Жәдігер

Сарғайды тоғай,

Сап –сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.






Ғибратолла

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Жансая

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет , тамаша,

Қандай әсем күз.



Расул:Ортада «Әсем-Вальс» қабыл алыңыздар!


1-Дидар, Айбын,Нұрсұлтан; 2-Ғибрат, Мұрагер, Азамат;

Шұғыла, Маржан, Раян; Інжу, Айназ, Аяулым.

3-Алиасқар, Имран, Омар;

Picture 7 Picture 8 Адина, Асылай, Сайда.


Сайда : әнші жігіттердің орындауында «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар!

Ән : «Алтын күз!» Жәдігер, Расул , Айбар, Бекбай, Мұрагер, Жанәли.













асуРаРР0Расул:Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап қауын алдық біз! –дей келе «Алтын сақа» бүлдіршіндерінің жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар!


Тақпақтар: Айбар, Асылай,Нұрсұлтан, Омар, Бекбай, Бекжан.

Picture 10




Айбар

Алтын , сары . қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Омар

Ән салыңдар , күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік , ойнайық.















Асылай:

Қарашы күз келді , күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.




Нұрсұлтан

Қоңыр салқын тарады,

Қойнаулар мен сайлардан.

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елден жайлаудан.


Бекбай

Алқаптағы бидайды,

Қойнауларға жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатамын күзді мен.


Бекжан.

Күздің қазан айында,

Алма-алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.











Сайда: Орта «Диско биі» қабыл алыңыздар!

Расул, Жанәли, Ғибратолла, Бекбай.

Picture 12 Айназ, Жансая, Аяулым, Сайда.

Picture 11


Picture 13 Расул: Әнші қыздардың орындауында «Жау, жау , жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар!




Ән: Жау,жау, жаңбыр! Інжу мен Маржан.

Айназ, Раяна, Адина, Сайда билейді.







Сайда: Сап-сары қылып даланы,

Бояпты ғой күз деген,

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен. дей келе,-балалардың өлең-шумақтарын қабыл алыңыздар.



Тақпақтар :

Шұғыла, Дидар, Мұрагер, Аяулым, Інжу, Адина.





Шұғыла

Алақай , алақай!

Шаттанды балақай,

Күз түст,дән пісті,

Айтамыз алғысты.


Дидар

Сап –сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Күзгі әнін айтып,

Құс кетті қайтып.


Мұрагер.

Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме.

Күз дейтін мерекеү






Аяулым

Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Інжу

Алқаптағы бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Расул: Ортада « Күзгі әуен» биін қарсы алыңыздар!


Би: Жәдігер , Алиасқар , Жансая, Аяулым,

Айбар , Бекжан. Шүұғыла , Асылай.


Сайда: ертегі «Мақта қыз бен мысық» қабыл алыңыздар!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі